– Біз тұрғындардың өмір сапасын жақсарту және ауылдардың әлеуетін арттыру үшін бар мүмкіндікті қарастыруымыз керек. Әсіресе ауылдық елді мекендерді жоғары жылдамдықты интернетпен қамту қажет. Бұл экономикалық, білім беру, медициналық және ғылыми салалардың дамуына елеулі ықпал етеді деп санаймын. Жаңадан құрылысы жүргізіліп жатқан тұрғын үйлерде байланыс желілерін бірден орнатуды тапсырамын, – деді Дархан Сатыбалды. Жиын барысында Түркістан облысының цифрландыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасының басшысы Марат Айнабеков баяндама жасады. Ол өңірді ғаламтормен қамту бағытындағы жұмыстар мен мәселелерді атап өтті.
Өңірдегі жалпы 807 елді мекеннің қазіргі таңда 415-і жоғары жылдамдықты талшықты-оптикалық байланыс желісімен қамтылған. Оның ішінде 305-і мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасымен жүзеге асты. «Қазақтелеком» тарапынан 177-сіне және «Транстелеком» тарапынан 128-іне оптика жүргізілген. Облыста интернет жылдамдығын арттыру, елді мекендер мен білім ұяларын сапалы ғаламтормен қамту жұмыстары жалғасады.
«Қолжетімді интернет» ұлттық жобасы аясында Түркістан облысына қарасты елді мекендерді жоғары жылдамдықты интернетпен қамту мақсатында жол картасы әзірленген. Осы ретте облыстық Цифрландыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасының ықпалымен өңірде интернет сапасын жақсарту және интернет базалық станциясын орнату жұмыстары жүргізілуде. 2024 жылға байланыс операторлары өз қаражаты есебінен 132 елді мекенде базалық станция орнату жоспарланған болатын. Қазіргі таңда 21 шалғай елдімекенде интернет базасы іске қосылды. Қалған 111 елдімекенге антенна-мачталық құрылыс жайлары салынып, интернет базасы орнатылды. Жыл соңына дейін толық іске қосу жоспарлануда. Ал мемлекеттік бюджет есебінен қосымша 66 ауылдық елді мекенде антенна-мачталық құрылыс жайлары салынуда, - деді басқарма басшысы Марат Айнабеков. Сондай-ақ жыл басынан бері Бәйдібек ауданы, Қазығұрт, Мақтаарал, Жетісай, Ордабасы, Сайрам ауданы, Төлеби, Түлкібас, Сауран аудандарындағы шалғай ауылдарға интернет базалары орнатылды. Айта кетейік, «Қолжетімді интернет» ұлттық жобасы 2024 жылдан бастап 2027 жылға дейін жалғасады.
Түркістан облысының цифрландыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасының басшысы Марат Айнабековтың айтуынша, Түркістан облысы аумағында жалпы 2 053 379 тұрғыны бар елді мекендердің 386-сы 3G және 304 ауыл 4G мобильді интернет желісімен қамтылған. Түркістан облысының мобильдік интернет желісімен қамтылу деңгейі халық санына шаққанда 92,2% құрайды және ауылдық елді мекен санымен есептегенде 83% құрайды. 139 АЕМ-нің 100-і 2G мобильді байланыс желісімен қамтылған. Жол картасы аясында халық саны 250-ден жоғары 81 елді мекеннің 50-ін 2024-2025 жылдары интернет желісімен қамту жоспарлануда. «Қолжетімді интернет» ұлттық жобасы аясында Түркістан облысының бекітілген ауылдық елді мекендерін мобильді интернет желісімен қамту жол картасы негізінде биыл байланыс операторлары (Кселл, Билайн) өз қаражаты есебінен 106 базалық станция орнатуды жоспарлап, қазіргі таңда жер телімдерін рәсімдеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.
IT саласы демекші, таяуда Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды бастаған делегация Татарстан Республикасына жасаған жұмыс сапары аясында Иннополис қаласына барып, осындағы Университет директорының орынбасары Искандер Бариевпен кездесіп, заманауи білім ордасымен танысқан болатын. Сол сапарында облыс басшысы ғылым мен IT технологияларды дамытуды, жасанды интеллект пен робототехника саласындағы және инновациялық аумақтарды құруда тәжірибесімен бөлісу ынтымақтастығын қарастыру туралы талқылады. Иннополис университеті ақпараттық технологиялар және робототехника саласындағы білім беру мен зерттеулерге маманданған жоғары білім беру ұйымы болып табылады.
Мемлекет басшысының елімізді жаһандық цифрлық технология орталығы ретіндегі орнын нығайту туралы тапсырмасын жүзеге асыру бағытында Түркістан облысы IT секторын дамыту үшін белсенді жұмыс істеп жатыр. Татарстан Республикасына жұмыс сапары ақпараттық технологиялар саласындағы мүмкіндіктерді кеңейту жолындағы маңызды қадам. Бұл бағытта Түркістан облысында белсенді жұмыстар жүргізіліп жатыр.Сондай-ақ сол сапары барысында өңір делегациясы «Иннополис» арнайы экономикалық аймағымен танысты. Бұл озық инновациялық шешімдер әзірленетін және коммерцияланатын аймақ. АЭА негізгі нысаны технопарк кеңселері мен даму орталықтары бар заманауи, көп функционалды кешен болып табылады. Мұнда IT компанияларды дамуына барлық қолайлы жағдайлар жасалған, жаңа перспективалы жобалар да, ірі ресейлік және халықаралық IT-компаниялар да шоғырланған. АЭА алаңдарының жалпы аумағы - 311 га. Инновациялар мен технологиялық бағытынба ынталандыруда – IT-стартаптарды құру және қолдау да маңызды рөл атқарады. Осыған орай, тәжірибе алмасу мақсатында делегация Башир Рамеев атындағы ІТ-паркке арнайы барды. Парк базасында коворкинг, цифрлық кітапхана, балалар технопаркі, стартап хаб, киберпарк аренасы және т.б. бар.
Иннополис – Қазан қаласы агломерациясы аумағында тұрғызылған заманауи қала. Онда Иннополис университеті мен «Иннополис» ерекше экономикалық аумағы бар. Мәскеу жанындағы Сколково және Новосібірдегі Кольцово аумақтарымен қатар, Ресейдегі IT технологияларды дамыту мақсатында тұрғызылған ғылыми-өндірістік аумақтардың бірі.Түркістан облысынан барған делегация Татарстанның өндіріс орындарын аралайды. Инвесторлармен нақты келісімдер жасайды деп күтілуде. Әсіресе, ІТ саласы мен ауыл шаруашылығындағы озық технологиялар мен жобаларға басымдық беріледі.
Бүгіндері Түркістан облысында IT саласына байланысты бірқатар жобалар мен жұмыстар қолға алынған. Оған дәлел Түркістан облысында алғаш рет көпсалалы IT мектеп ашылды. Көпсалалы IT мектебі білікті мамандарды даярлауға арналған. Замануи Dosti IT School мектебінде 20-дан астам бағытта курстар бар. Мектепте IT саласы бойынша халықаралық және республикалық байқаулардың жеңімпаздары, цифрлық саланың майталмандары жаттықтырады. Заманауи құрал-жабдықтармен жабдықталған білім ошағында бір мезгілде 80-нен астам баланы оқытуға мүмкіндік бар.
Елімізде білім саласындағы цифрландыруға көп көңіл бөлініп отыр. Аталған салада кәсіби мамандарға деген сұраныс өте жоғары. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жоғары білікті IT маман даяурлау міндетін алға тартты, осы бағыттағы жұмыстар тоқтамайды. Айта кетейік мектептің көрме залында программалау, электроника және пневматика сияқты өнімдер қойылған. Сондай-ақ жасанды интеллектте жұмыс істейтін роботтар мен роботты автомобильдер бар. Жалпы ақпарат технологиясы (IT) — объектінің, процестің немесе құбылыстың күйі туралы жаңа ақпарат алу үшін мәліметтерді жинау, өңдеу, жеткізу тәсілдері мен құралдарының жиынтығын пайдаланатын процесс.
Ақпарат технологиясы дегеніміз компьютерді және телекоммуникациялық жабдықтарды, деректерді сақтау, шығару, тасымалдау және өзгертуге арналған технология. «Ақпараттық технологиялар» термині 1958 жылы Гарвард Бизнес шолуында алғаш рет пайда болды; Гарольд Дж.Я. Либет және Томас Л. Висслер былай деп жазды: «Жаңа технология әлі де басқарылмайды. Біз ақпараттық технологияны (IT) деп атаймыз.” Анықтамасы үш санатты қамтиды: өңдеу әдістері, шешімдерді енгізу және модельдеудің статистикалық және математикалық әдістері, сондай-ақ бағдарламалық қамтамасыз етудің жоғарғы тәртібін енгізу. Дәл осы қарқынмен жуырда түркістанда IT университетін құру жобасы талқыланған болатын.
Бүгінгі таңда сапалы интернет – халықтың негізгі қажеттіліктерінің бірі. Бұл мәселе облыс басшысының халықпен кездесулерінде жиі көтеріледі. Интернеттің жылдамдығы мен сапасына халықтың шағымы көп. Аудандар арасындағы республикалық маңызы бар жолдардың өзінде байланыс нашар. Тұрғындарымыз тарифтердің ақысын толығымен төлеп отыр. Сондықтан сапалы қызметті талап етуі орынды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ұялы байланыспен қамту мәселесіне, елдің шалғай ауылдарын интернет желісімен қамтамасыз ету бойынша ауқымды міндеттер қойды. 1-ші қыркүйектегі халыққа Жолдауында Президентіміз Қазақстанды IT-мемлекетке айналдыруды тапсырды. Бұл Түркістан өңірі үшін өте маңызды мәселе. Өйткені облыс тұрғындарының 80 пайызы, яғни 1,6 миллион адам ауылда тұрады. Ауылдағы білім беру, денсаулық сақтау, жұмыспен қамту салаларының бірқатар мәселелерін шешу интернетпен тікелей байланысты. Ал облыстың 62 ауылында байланыс мүлдем жоқ, 116 ауылдық елді мекен интернет желісімен қамтылмаған. Ауылдарды сапалы байланыспен қамту үшін облыс билігі өз тарапынан байланыс операторларын қажетті инфрақұрылыммен қамтамасыз етуге дайын. «Кселл» тарапынан келісілген Жол картаға сәйкес, облыстағы 140 елді мекенде жаңа базалық станция орнату, 78 елдімекеннің базалық станцияларын жаңғырту жоспарлануда. Облыс әкімі «Kcell» АҚ Басқарма төрағасының бұл жұмыстардың мерзімінде және сапалы орындалуын бақылауға алуын атап өткен-ді. - Түркістан облысы біз үшін өте маңызды өңір. Бізді таңдаған қолданушылар бойынша ең көп аймақта еліміз бойынша алғаш рет 5G желісіне қосылған болатын. Біз базалық станция құру жұмыстарын күшейтеміз. Ауылдарды бірден 4G желісіне қосу көзделген. Ол үшін заманауи жабдықтар жеткілікті. Бүгінде жұмысты күшейтіп, келер жылы Түркістан облысында 300-ге жуық базалық станция құрылады. Бұл жұмыстардың уақыты әрі сапалы жүзеге асуына кепіл беремін, - дейді «Kcell» АҚ Басқарма төрағасы Асхат Өзбеков.
Түркістан облысы аумағында жалпы 833 елді мекен бар. Оның 826-сы ауылдық елді мекен болса, 7-уі қала. Бүгінде 655 ауылдық елді мекендегі 2 000 000 жуық тұрғын 3G және 4G мобильді интернет желісімен қамтылған. Ал, қалған 150 000 жуық тұрғыны бар 178 ауылдық елді мекенде интернет жоқ. Соның ішінде 62-інде байланыс мүлдем орнатылмаған. Аталған 62 елді мекеннің 43-ші министрлік айқындаған критерийлерге сәйкес келмеуіне байланысты ұялы байланыс операторлары базалық станция орнатудан бас тартуда. Яғни, ауылда халық саны 250-ден асуы қажет. Қалған 19 елді мекенді алдағы жылдарға ұялы байланыс операторларының лицензиялық міндеттемелеріне енгізу пысықталып жатыр. Жалпы Түркістан облысы бойынша сапалы интернетпен қамтуды қажет ететін 135 ауылдық елді мекен бар.Айта кетейік, Түркістан облысы бойынша жылдың басынан бері өңірлік байланыс инспекция тарапынан 30 ауылдық елді мекенде жоспардан тыс тексеру жұмыстары жүргізіліп, 7 ауыл бойынша ұялы байланыс операторларына айыппұл салынған және 5 елді мекен бойынша интернет байланысын қалпына келтіру бойынша нұсқама берілген.
Бүгінде сапалы интернет дүйім жұрттың маңызды мәселесіне айналып отыр. Әсіресе кейбір ауылды аймақтарда кең жолақты интернет жүйесі атымен ұстамайды. Алайда ауылшаруашылығы мол білімді, көп күш жігерді талап ететінін мойындау керек. Интернет жүйесі қолжетімді болған жерде адамдардың көзі ашық көкірегі ояу. Қоғамның дамуы мен ел экономикасы жөнді жолға қойылуы үшін кең жолақты сапалы интернет болуы маңызды. Бүгінгі таңда сапалы интернет көзі білімнің кілтіне айналғандай. Онлайн-оқу, телемедицина, eGov, zoom, Smart TV деген заманауи қызмет түрлері «Қазақтелекомның» жоғары жылдамдықты интернеті келгелі ауыл тұрғындары үшін өмірінің бір бөлігіне айнала бастады. Елімізде індет ауруы жайлаған кезеңдерде онлайн оқу жүйесі қолға алынған болатын. Міне сол кезеңдер көптеген адамдардың жүйкесін тоздырғаны хақ. Осы кең жолақты интернет жүцесі бойынша Түркістан облысында цифрландыру бағытында түрлі жобалар жүзеге асып келеді. Сонымен қатар облыс аумағында жалпы 831 елді мекен бар екендігі анықталды. Оның ішінде 824 ауылдық елді мекен және 7 қала Түркістан, Кентау, Арыс, Жетісай, Шардара, Ленгер, Сарыағаш бар. Талдау нәтижелері бойынша 654 ауылдық елді мекенде 1 942 542 тұрғын 3G (437 АЕМ) және 4G (217 АЕМ) мобильді интернет желісімен қамтылып, облыс халқының санына шаққанда интернетпен қамтылу деңгейі 93% құрайды. Қалған 145 968 тұрғыны бар 177 ауылдық елді мекенде интернет жоқ, ол дегеніміз 7% құрайды. Интернетпен қамтылмаған 177 АЕМ-нің 115 АЕМ 2G мобильді байланыс желісімен қамтылған, қалған 62 АЕМ-де байланыс мүлде жоқ.
Аталған 62 АЕМ-нің 43 АЕМ Министрлік қойған критерийлерде халық саны 250 астам болуы қажет деп көрсетілген. Халық санының сәйкес келмеуіне байланысты ұялы байланыс операторлары базалық станция орнатудан бас тартуда. Қалған 19 АЕМ алдағы жылдарға ұялы байланыс операторларының лицензиялық міндеттемелеріне енгізу пысықталуда. Жалпы Түркістан облысы бойынша сапалы интернетпен қамтуды қажет ететін, бірақ техникалық мүмкіндігі жоқ 134 АЕМ бар. Қазіргі уақытта осы елді мекендерді сапалы интернетпен қамту мақсатында салалық министрлікпен және Түркістан облысы әкімдігі арасында жол картасын бекіту жұмыстары жүргізілуде. Күтілетін нәтиже 2023-2027 жылдар арасында облыс тұрғындарын сапалы интернетпен қамту деңгейі 99,8% жетеді. Қалған 0,16% құрайтын 3403 тұрғыны бар халық саны 250-ден кем 43 АЕМ-ге тиесілі.
Сонымен қатар, Түркістан облысы бойынша 3G стандартын қолдайтын 437 АЕМ-нің (халық саны 1 015 047) базалық станцияларын 2023-2029 жылдар аралығында 4G стандартына модернизациялау жоспарлануда. Қазіргі таңда орталық атқарушы органдармен «Қолжетімді интернет» ұлттық жобасы 2023-2027 жылдар аралығына әзірленуде. Облыс бойынша негізгі іс-шаралар жоспары айқындалды. Олар: Талшықты-оптикалық байланыс желілері арқылы (бұдан әрі-ТОБЖ) АЕМ-де қолжетімділікпен қамту. Іске асыру мерзімі: 2027 жыл. Қазіргі уақытта облыс бойынша 376 АЕМ-де 855 мемлекеттік мекеме ТОБЖ қамтылған. Қосымша, Ұлттық жобаға 389 АЕМ-де 758 мемлекеттік мекеме ұсынылды Министрлікпен айқындалған критерийлерге сәйкес кемінде екі әлеуметтік нысан болуы қажет. Республикалық және негізгі облыстық жолдарды 4G технологиялары мобильді кеңжолақты қолжетімділікпен қамтамасыз ету, және бұл жобаның іске асу мерзімі 2027 жыл болып табылады.
-Халықаралық маңызы бар 294 шақырым жол;
-Республикалық маңызы бар 429 шақырым жол;
-Облыстық маңызы бар 4014 шақырым жол торабы (жалпы: 4737 шақырым жол) жобаға ұсынылды.
Туристік аймақтарды мобильді кең жолақты қолжетімділікпен қамтамасыз етуді іске асыру мерзімі 2027 жылға барады.
Түркістан облысына қарасты ұлттық табиғи саябақтары:
-Төлеби ауданы: Сайрамсу, Қасқасу, Біркөлік, Турбаза, шатқалдары.
-Түлкібас ауданы: Машат, Көкбұлақ, Өгем шатқалдары.
«Соңғы мильді» субсидиялау арқылы интернетті АЕМ-дегі үйшаруашылығына дейін жеткізу. Іске асыру мерзімі: 2027 жыл.
Қазіргі уақытта ТОБЖ тартылған 82 АЕМ 6736 тұрғын үй және 30 мың тұрғын қамтылған. Жоспар: 2023 жылы инвесторларды тарту жолы арқылы 10 мың тұрғын үйді қосу. Сондай-ақ, 5G желісін енгізу жоспары қолға алынбақ. Түркістан қаласының бүкіл тарихи әрі маңызды орталығын қамтитын 9 сыртқы 5G базалық станциялары орнатылды. Түркістан қаласы әкімдігі, «Конгресс Холл» сарайы, «Түркістан Арена» стадионы, автовокзал, «Фараб» кітапханасы, «Батыр» жастар сарайы, Керуен сарай, Түркістан қаласы әуе жайы, «Rixos» қонақ үйі сияқты маңызды туристік нысандарда бесінші буынды 5G мобильді интернеті іске қосылған.
«AQ-QARA.KZ» - ақпарат