Бейсенбі, 07 Қараша 2019 18:14

Шымкент: Қаратау ауданы әкімі сайрамдықтардың сапалы ауызсумен толық қамтылатынын айтты

«Қазіргі таңда Сайрам тұрғын алабының жаңақұрылыс аумағында тиісті жұмыстар қарқынды жүріп жатыр»- деді ағымдағы жылдың 10 айындағы атқарылған шаруаларға есеп берген Шымкент қаласы Қаратау ауданының әкімі Абзал Әліқұлов. Сонымен қатар ол Сайрам тұрғын алабындағы құрылысы жүріп жатқан облыстық маңызы бар 4 көшені де ағымдағы жыл соңына дейін пайдалануға беру жоспарда екендігін атап өтті. 

Таза ауызсу мәселесі расында да өзекті. Ауданның 80 пайызы суды тәулік бойына пайдаланып, 11 пайызы тіршілік нәрін кесте арқылы тұтынуда. Шалғай елдімекендердегі тұрғындар тасымал суға қанағат етіп отыр. «Тұран шағынауданының солтүстік-шығыс бөлігін ауызсумен қамтамасыз ету бірінші кезекте тұр. Барлық жобалау-сметалық құжаты дайын. Ендігі жылғы бюджетке енгізіліп тұр» - дейді Абзал Әліқұлов.  

Ал электр жарығымен қамтуға келсек, аудан аумағындағы 47202 үйдің 81 пайыздайы – «Оңтүстік Жарық Транзит» мекемесінің балансында. Қалғаны жекеменшік трансформаторларға жалғанған. Биылдың өзінде Асар-2, Достық шағынаудандары мен Тассай, Шапырашты, Өтеміс тұрғын үй алаптарында электр жарығымен қамту жұмыстары қызып тұр.

«AQ-QARA.KZ»-ақпарат.

Оқылды 906 рет