Сенбі, 09 Қараша 2019 00:00

Шымкент қаласы әкімдігі қос баласынан айрылған отбасыға көңіл айтты

Шымкентте апта басында орын алған қайғылы жағдай бір отбасының екі ұлының өмірін жалмады. Қабырғаны қайыстырар қазаға қала басшылары да ортақтасып көңіл айтты. 

Осы орайда Шымкент қаласының ішкі саясат және дін істері басқармасының басшысы Ж.Бектаева мен қалалық денсаулық сақтау басқармасының басшысы А.Байдувалиев, Еңбекші ауданының әкімі Ғ.Ильясов қос ұлынан бір мезетте айырылған А.Тасболатов пен А.Ботаеваның шаңырағында болды. Әкімдік өкілдері алдымен бүлдіршіндердің рухына Құран аяттарын бағыштап, ата-анасына көңіл айтты. Олар орны толмас қаза қала әкімі Е.Айтахановтың жіті бақылауында екенін, тиісті сала мамандарына қайғылы жағдайдың себебін анықтауды тапсырғанын жеткізді. Ал Асхан Мархабайұлы бүлдіршіндер қайтыс болған күні дәрігерлер мен жедел жәрдем қызметкерлерінің басын қосып, алдын ала тексеру жұмыстарын жүргізілгенін айтады. «Сот-медициналық сараптамасының нәтижесі бір айда шықса, тағамдарға қатысты тексерудің нәтижелері алдағы аптада белгілі болады», - деген қаланың бас дәрігері жедел жәрдем де шақыртуға уақтылы жеткенін атап өтті.

Айта кетейік, 3 қараша күні таңғы сағат 10-да әйел үш баласымен ауруханаға түсіп, балаларға тамақтан уланды деген диагноз қойылған болатын. Бірақ кейінірек 2015 және 2018 жылғы бүлдіршіндердің қайтыс болғаны хабарланды.

«AQ-QARA.KZ»-ақпарат.

Оқылды 833 рет