Шағынауданның салтанатты ашылу рәсіміне облыс әкімі Жансейіт Түймебаев пен қала әкімі Нұрлан Сауранбаев қатысып, көпшілік қауымға арнайы құттықтау лебізін жеткізді.
Тұрғындардың жайлылығы үшін мұнда шағынауданмен аттас гүлзар салынып отыр. Жаңа гүлзардың жалпы аумағыгектарға жуық. Гүлзар түрлі тұқымдас ағаштармен – шынар, талшын, қайың және түрлі-түсті гүлдермен көмкеріліп, кіші сәулеттік бейнелер қойылған. Балалар ойын алаңшасы да аумақтың әрін ашып тұр.
Сонымен қатарбұл күні гүлзар маңынан бой көтерген көпқабатты тұрғын үйлерден 15 шаңыраққа пәтер кілті табыс етілді.
Әкімшілік-іскерлік орталықаумағында әзірге бас-аяғы 90 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Бұдан бөлек 27 көпқабатты үйдің құрылысы жүріп жатыр.
«AQ-QARA.KZ»-ақпарат.