Аталмыш пәтерлерден құралған үй «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасының аясында салынған. Жаңа пәтердің кілттері аз қамтылған отбасыларға, жетім балаларға және тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтарға беріледі. Облыс әкімі Жансейіт Түймебаев пен Шымкент қаласының әкімі Нұрлан Сауранбаев жаңа пәтерлі болған қуаныш иелерін құттықтады. «Бүгінгі күні халықтың игілігі үшін, сондай-ақ қаланы одан әрі дамыту және оның имиджін жақсарту үшін «Астана» аллеясы пайдалануға берілді. Аллеядағы орталық алаңда орналасқан шаңырақ бейнесі біздің халқымыздың ұлттық бірлігі мен достығын көрсетеді. Бүгінгі күні елорданың 20 жылдық мерейтойы қарсаңында біз қала тұрғындарына жаңа пәтерлер кілттерін береміз. Бұл жетістіктер біздің тәуелсіздігіміз бен Ұлт Көшбасшысының арқасында мүмкін болды»,-деді облыс әкімі Жансейіт Түймебаев.
Шағынауданда барлығы 31 үй салынып жатқанын айта кетейік. Оның ішінде 10 үй қазірдің өзінде пайдалануға берілген. Жыл соңына дейін тағы 9 көпқабатты ғимарты тұрғын үй салуды жоспарланған екен.
Баспаналы болған қуаныш иелерін шын жүректен құттықтаймыз!
«AQ-QARA.KZ - ақпарат»