Жұма, 22 Шілде 2022 00:27

ШЫМКЕНТТЕГІ «КӨРМЕ ОРТАЛЫҒЫ» ҚАЙТА АШЫЛДЫ

Шымкентте «Көрме орталығы» келушілер үшін есігін айқара ашты. Мәдениет саласының ардагері К.Айдарбекова мен Шымкент қалалық мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасының бөлім басшысы А.Насыр салтанатты түрде ғимараттың лентасын қиып, жиылған көпшілік «Әжелер ансамблінің» шашуымен нысанның табалдырығынан аттады.  

«Шымкентөркениеті» салтанаттыжиыныныңаясында  роботтаркөрмесіұйымдастырылып, оныңбастамашысыД.Фалин, «Көрмеорталығының» директорыЗ.Қарабековақұттықтаусөзсөйледі.

Бізеліміздегіжаңатехнологияменроботқұрастырусаласынтанытуғаатсалысыпкелеміз. Өскелеңұрпақтыңинженерлікмамандықтарға, ғылымғадегенқызығушылығыноятып, өнертапқыштыққасиетіндамытсақдейміз. Ал, осындайжұмыстыхалыққапашетуде «Көрмеорталығының» орныерекше. Қайта жанданып, көрермендердің жиналып жатқанына қуаныштымыз, - деді Д.Фалин.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, көрме 21 шілдеден 11 қыркүйекке дейін жалғасады. Көрермендер роботтың 85 түрімен танысып, 7 виртуалды шындық технологиясы мен 4 техношоуды тамашалай алады. Сондай-ақ, робототехника бойынша мамандардың кеңесін алып, шеберлік сағаттарына қатыса алады. Көрмені тамашалаймын деген 14-21 жас аралығындағы жастарға әр сейсенбі сайын, ал әр сәрсенбіде зейнеткерлерге  арнайы жеңілдік қарастырылған.

Шымкент қалалық мәдениет үйінің өнерпаздары әннен шашу шашып, мың бұралған бишілері мерекенің сәнін келтірді.

Айта кетейік, жыл басындағы «Қаңтар оқиғасы» кезінде «Көрме орталығының» ғимараты зардап шегіп, күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілген болатын.

Естеріңізге сала кетейік, 2013 жылы  қала күнінің қарсаңында «Көрме орталығы» ашылған еді.  Көлемі 2 мың шаршы метрді алатын орын әкімшілік-іскерлік орталығы маңында бой көтерген болатын.  

Оқылды 357 рет