Бейсенбі, 21 Шілде 2022 19:07

ҚАЛА ӘКІМІ М.ӘЙТЕНОВ БЕЛСЕНДІ ЖАСТАРМЕН КЕЗДЕСТІ

Бүгін Шымкент қаласының әкімі М.Әйтенов «Аманат» партиясы «Жастар Рухы» жастар қанатының VI съезіне қатысқан шымкенттік делегаттармен кездесті.

Кездесуде жастар съез барысында көтерілген мәселелер мен ұсыныстар туралы баяндады. Еліміздің әр тарапынан келген белсенді жастармен тәжірибе алмасып келуге мүмкіндік берген партияға алғыстарын білдіріп, өзекті мәселелерді ортаға салды.

Қала әкімі қоғамның қозғаушы күші – жастар болғандықтан, жастарға арналған түрлі мемлекеттік бағдарламалар жүзеге асырылып жатқанын жеткізді.

-           Тәуелсіздік рухымен өсіп келе жатқан бүгінгі жастар – еліміздің ертеңгі үміті, сенімді тірегі екенін нақты көрсетті. Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев айтып өткендей жастар үшін маңызды білім, еңбекқорлық және отаншылдық бағыттары бойынша бірқатар жұмыстар атқаруымыз қажет. Сіздерге артылар үміт пен жауапкершілік орасан. Бүгінгі жастар арасындағы негізгі мәселе болып табылатын жұмыспен қамту, отбасы құндылығы сынды бағытта жұмыс жасаудамыз. Ай сайынғы жастармен кездесу жалғаса береді. Әрдайым жалынды ойларыңыз бен идеяларыңызды қолдауға дайынбыз, - деп сөзін қорытындылады. Айта кетейік, «AMANAT» партиясы «Жастар Рухы» жастар қанатының кезектен тыс VI Съезі Нұр-Сұлтан қаласында өтті.  Жастар форумының соңғы күні партияның Атқарушы хатшысы Асхат Оралов төрт күн бойы белсенді жұмыс істегені үшін барлық өңірден келген делегаттарға алғыс айтып, естелік сертификаттар табыстады.

«Жастар Рухы» Қазақстан бойынша 100 мыңнан астам жас азаматты біріктіретінін, олардың 90%-ы өңірлердегі белсенділері екенін айта кеткен жөн. Естеріңізге сала кетейік, Ақмола облысының Зеренді ауылында өткен Съезд жұмысына барлық өңірден 350-ден астам делегат қатысты. Қатысушылар үшін білім беру тренингтері ұйымдастырылды. Белгілі мемлекет және қоғам қайраткерлері «Jas Talks» ашық диалог алаңының қонағы болды.

Оқылды 212 рет