Сәрсенбі, 17 Тамыз 2022 18:16

ШЫМКЕНТ: МАЛ САТУҒА ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ

Еңбекші ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыруымен Базарқақпа тұрғын алабы Абдулабад көшесі №56 мекенжайында орналасқан «Басымбек ата Сайрам» мал базарының жұмысына зерделеу-түсіндіру жұмыстарын жүргізу мақсатында арнайы жиын өтті. Оған құзырлы басқармалардың және аумақтық инспекциялардың өкілдері қатысты. 

Қазіргі таңда аптаның әр жұма күні бұл базарда мал ретсіз, қадағалаусыз сатылып жатыр. Сонымен қатар ветеринариялық-санитарлық талаптарға қайшы және жердің нысаналық мақсатына сай емес пайдалануда.

Бұл өз кезегінде аумақта эпизотиялық тұрақтылықты қамтамасыз етуге кері әсір етіп, адам өмірі мен қоршаған ортаға аса қауіпті аурулардың пайда болуына алып келуі мүмкін. Бұл жағдайға жол бермеу мақсатында, базар басшылығына мал саудасына тыйым салу жөнінде түсіндірілді. 

Естеріңізге сала кетейік, 2020 жылдың 16 қыркүйегінде Шымкент қаласы әкімдігінің қаулысымен Абдулабад көшесі, №56 учаске көлемінде  10.2 гектар жер телімі «Юлдашбай ата» ЖШС-не 5 жыл мерзімге жалға берілген еді. Еңбекші ауданының аумағында орналасқан базардың  тиісті жер теліміне қатысты құжаттары жалған болып шықты. Қазіргі таңда қалалық орта сапасы және бақылау басқармасы басшысының сөзінше аталған жайтқа байланысты арнайы тексеру жұмыстары жүргізілуде.

   Бұдан бөлек, құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізу бойынша базар тарапынан тиісті мекемелерге хабарлама жолданбаған. Осы жайтқа байланысты әкімшілік хаттама толтырылып, нәтижесінде кінәлі тарап 1 346 000 теңге айыппұл арқалаған.  Сондай-ақ, базар мен өзге ғимараттар арасында міндетті арақашықтықтың сақталмағандығы анықталды. Бұл туралы базар басшылығына жауапты тараптан ескерту жасалған десе, базар өкілі мұндай талаптардың жақында ғана хабарланғандығын алға тартуда.

      Жыр болған базардың былығы мұнымен біткен жоқ.  Мал базарға кіру құны әр жануар басына 500 теңге мен 1000 теңгенің арасын құрайды. 7 күн сайын базарға жақын аумақтардан түрлі ірі қара мен ауыл шаруашылығы жануарлары ретсіз әкелініп, саудалануда. Оның үстіне, киім-кешек, көкөніс пен жеміс-жидек сатылатын базардағы жағдай ветеринариялық талаптарға сай емес, жұмыстар қадағалаусыз жүріп жатыр. Алайда, бірнеше рет ескерту мен «санитарлық талаптарға сай емес» деген қорытынды келсе де базар саудасы  неліктен тоқтамай тұр? Базар әкімшілігінің сауда орнын жабуға шамасы келмей ме? Бұл жағдайға   Базарқақпа тұрғын үй алабының тұрғындары «базарды жаппай, керісінше құжаттастырып, заңға сәйкес жұмысын жалғастырса екен», -деп өз өтініштерін білдіруде.

   Аумақта эпизотиялық тұрақтылықты қамтамасыз етуге кері әсір етіп, адам өмірі мен қоршаған ортаға аса қауіпті аурулардың пайда болуына алып келуі мүмкін. Бұл жағдайға жол бермеу мақсатында, базар басшылығына мал саудасына тыйым салу жөнінде түсіндірілді.

     

 

Оқылды 284 рет