Жол құрылыс жұмыстарын жүргізу барысында бекітілген жоспарға сәйкес, жыл сайын орташа жөндеу жұмыстары бойынша қаланың орталық магистралды көшелерімен қатар, аудандық маңызы бар ішкі орамдық көшелер басты назарға алынады. Еңбекші ауданы Айнатас тұрғын алабының Бесқұлан, Сарыөзен, Желді, Ақшығанақ, Құмтөкей, Көкорда , Шоқтас, Озыген, Бестерек көшелеріне асфальт төсеу жұмыстары жүргізілді. Аталмыш жұмыстар тамыз айының соңына дейін толығымен аяқталып, пайдалануға беріледі. Тұрғын алаптағы асфальт төселген жолдың жалпы ұзындығы 5 шақырымнан асады.
Айта кетейік, үшінші мегаполисте қала шаруашылығын дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған 5 жылдық жоспары бекітілген. Соған сәйкес, жыл сайын 200 шақырымнан астам жол жөнделуі тиіс. Жауапты мамандардың мәліметінше, биыл қала орталығындағы үлкен көшелер мен шалғай аудандардағы жолдарды қосқанда 187 нысан жұмыс жоспарына енгізілген. Тиісті жұмыс нәтижесінде ұзын-саны 350 шақырымнан астам жол қалпына келтіріледі. Орташа жөндеу жұмыстары бойынша бүгінде 91 нысан - 202 көшенің жөндеу жұмыстары аяқталды.А-2 автомобиль жолының 2-кезеңінде қаралған жолайырық құрылысының жартысы орындалса, Самал-1, 2 және 3 шағынаудандарында 12,2 шақырым жол салынып, ел игілігіне берілді. Бүгінде жұмыстың 95 пайызы жүзеге асқан. Қонаев даңғылы мен Рысқұлов көшелесінің қиылысындағы жолайрық жұмысының да 90 пайызы аяқталып, қиылыстағы жолаушылар өткелін салу жұмыстарының да біткелі тұр.Оған қоса биыл ірі 5 нысан пайдалануға беріледі деп жоспарланған. Қазіргі таңда жол құрылысы қарқынды жүргізілуде. Атап айтқанда, Қонаев даңғылы жалғасының 3-кезеңінің жұмыстары шілде айының соңына дейін аяқталмақ.Бүгінде жұмыстың 90 пайызы аяқталды.
Қазіргі таңда жол құрылысы жұмыстарына барлығы 38 мердігер мекеме жұмылдырылған. Ал 61 көшедегі тиісті жұмысты жүргізетін мердігер мекемені анықтау мақсатында мемлекеттік сатып алу конкурсы жүргізілуде.