Түркістан: Сайрам ауданында іскер әйел мұқтаж жандарға көмек көрсетті

Түркістан облысының іскер әйелдері #BizBirgemiz акциясын барынша қолдап, көмекке мұқтаж жанұяларға көмек көрсетуде. «Nur Otan» партиясы өкілдерінің ұйытқы болуымен Сайрам ауданында орналасқан «AYKAN» ЖШС бір миллион теңгеге жергілікті 115 отбасыға азық-түлік пен өздері өндіретін ірімшік, сүт өнімдерін таратты. Үйлеріне жеткізіп, тұрғындардың еңсесін көтерді.

Түркістан: Арыста залалсыздандыру жұмыстары тоқтаған жоқ

Арыс қаласы әкімі М.Қадырбектің тапсырмасына сәйкес, COVID-19 инфекциясын таралуының алдын алу мақсатында Арыс аудандық тауарлармен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасының қызметкерлерімен және әскери қызметшілер бекітілген кестеге сәйкес, бүгінгі жалпы көлемі 80200 шаршы метрге залалсыздандыру жұмыстарын жалғастырды.

Түркістан: Мәдениет қызметкерлері онлайн концерт өткізуде

Елімізде жарияланған төтенше жағдайға байланысты барша Түркістан облысының тұрғындары сақтық шараларын ұстанып, үйлерінде отыр. Осы жайтты ескерген Түркістан облыстық мәдениет басқармасы өзіне қарасты театрлар және мәдениет үйлері мен шығармашылық орталықтардың қызметкерлерін жұмылдырып, #BizBirgemiz акциясы аясында онлайн концерттер ұйымдастырып жүр.

«BIZ BIRGEMIZ»: Бәйдібек ауданында 236 отбасыға кепілдендірілген пакет таратылды

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 31.01.2020 жылғы кепілдендірілген әлеуметтік топтама беру жөніндегі Қаулысына сәйкес Бәйдібек ауданда атаулы әлеуметтік көмек алушы 1-3 жасқа дейінгі 124 балаға, 3-6 жасқа дейінгі 199 балаға жалпы 236 отбасы, 323 балаға ақпан айына бөлінген кепілдендірілген азық–түлік жиынтығы таратылды.

Түркістан: Түлкібастықтар #Мейірімдіауылдастар акциясын жалғастырды

Түркістан облысы Түлкібас ауданында  өңірде бастау алған #Мейірімдіауылдастар акциясы аясында аудан әкімдігінің ұйымдастыруымен демеушілер есебінен тұрмыс жағдайы төмен отбасыларға және жалғызбасты қарттарға бірінші кезектегі қажетті азық-түліктер жеткізілуде.

Түркістан: Жетісайлық жас кәсіпкерлер жомарттық жасады

Аспанасты елінен бастау алған covid19 індеті бүгінде әлем халықтарының жүрегіне үрей ұялатты. Оның ішінде біздің елімізге де жетіп, төтенше жағдай жарияланды. Бірқатар ірі қалалар мен облыстар, мегаполистер карантиндік режимге жабылып, індеттің таралмауының алдын алу жұмыстары барынша күшейтілген.

Түркістандық іскер әйелдер мұқтаж жандарға азық-түлік таратты

Еліміздегі төтенше жағдайға байланысты Елбасы – Nur Otan партиясының Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасымен республика көлемінде #BizBirgemiz акциясы бастау алғаны белгілі. Бұл ретте Nur Otan партиясы халыққа қажетті бетперделер, санитайзер, сабын мен қолға арналған антисептиктері бар жиынтықтарды үлестіруді бастап кетті.