Түркістан қаласында жол жөндеу жұмыстары жалғасуда

 

Түркістан қаласының  дамуы мен көркеюі бағытында құрылыс жұмыстары мен қоса жол жөндеу жұмыстары да қарқынды жүріп жатқанын айта кету керек. Түркістан қаласы бойынша 2020 жылы жалпы ұзындығы 110 шақырымды құрайтын 100 ге жуық көшелер жөндеудан өтеді.

Түркістан: Биыл мақтааралдықтар 38,2 мың гектар жерге ақ алтын егеді

Мақтаарал ауданында 61 мың гектарға жуық егістік жер бар. Биыл 51602 гектар жерге қысқы сор шаю жұмыстары жүріп, мақтааралдық диқандар көктемгі дала жұмыстарын бастауға сақадай сай тұр. Ол үшін мемлекет тарапынан жеңілдетілген бағада наурыз айына 1160 тонна, сәуір айына 1190 тонна, мамыр айына 715 тонна жанар жағармай бөлінген.

Түркістан облысының азық-түлік өнімдері блок бекеттерден кедергісіз өтеді

Түркістан облысы әкімдігі тарапынан өнім өткізу нарықтарын айқындау мақсатында барлық облыс әкімдіктерімен Меморандумға қол қойылып, еліміздің өзге өңірлеріне 50 мың тонна және Ресей Федерациясына 250,0 мың тонна өнім сату жоспарланып отыр.

Түркістан: Ордабасылық ардагер аталар мен апалар елге көмек көрсетті

Елде жарияланған төтенше жағдай кезінде әлеуметтік қолдауға зәру отбасыларға әлеуметтік көмек көрсету үшін Ордабасы ауданындағы бірқатар үкіметтік емес ұйым белсенділері және мешіт жамағаты қайырымдылық шараларын өткізді.

Түркістан: Шаруаларға өнімдерін экспортқа және облысаралық нарыққа шығаруға рұқсат берілді

Түркістан облысында шаруаларға өз өнімдерін экспортқа шығаруға және облысаралық нарыққа шығаруға рұқсат берілді. Бұл туралы Түркістан облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Нұрбек Бадырақов айтты.