Шымкентте белсенді кәсіподақ мүшелері марапатталды

Шаһарда «Кәсіподақтар күні» мерекесіне орай, Шымкент қаласының кәсіподақтар орталығында «Қызмет» Мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» қоғамдық бірлестігі Шымкент қалалық филиалының ұйымдастыруымен мерекелік жиын өтті.

Шымкент әкімі «Бозарық» индустриялық аймағында болды

Шымкентте Орталық Азиядағы ең ірі қызанақ өсіруге арналған жылыжай кешенінің құрылысын бастау туралы шешім қабылданған болатын. Бүгін қала әкімі Ғабит Сыздықбеков “Бозарық” индустриялық аймағында болып, құрылыс жұмыстарының барысымен танысты.

Шымкенттіктер Дүниежүзілік пошташылар күнін атап өтті

Тоқсаныншы жылдары ел арасында бірде-бір байланыс саласы болған жоқ. Есесіне пошта қызметі дүркіреп тұрған еді. Кез-келген сәлем-сауқат, амандық сұрасқан хаттар легі дәл осы пошта арқылы жеткізілген. Бүгінде сала мамандыры тек қана әртүрлі заттарды жеткізумен шектелмейді, қызмет түрін көбейтін, заман талабына сай жасақтаған.

Түркістан: облыс әкімі «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында салынып жатқан мектептердің құрылысын сапалы әрі мерзімінде аяқтауды тапсырды

Түркістан облысында «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында 3 үш жыл ішінде кемі 50 мың оқушы үшін 63 мектеп салу жоспарланған. Өңірде жыл соңына дейін пайдалануға берілетін 29 мектептің құрылысы жүріп жатыр.

Түркістан облысы: оңалту орталықтарының және әлеуметтік нысандардың құрылысы талқыланды

Түркістан облысында 99 296 мүгедектігі бар адам есепте тұр. Оның ішінде 84 206 адам 18 жастан асқандар, 15 020 адам мүмкіндігі шектеулі балалар. Түркістан облысында әлеуметтік қорғау саласында стационарлық және жартылай стационарлық жағдайлардағы арнаулы әлеуметтік қызметтер түрлерін алуға құқылы 34 370 мүгедектігі бар адам тіркеуге алынған.