«Таза Қазақстан»: Сайрамда жалпыаудандық сенбілік жұмыстары ұйымдастырылды

Айналаның тазалығына атсалысу – туған жерге деген сүйіспеншілік болып саналады. Осы орайда, қоршаған ортаны қорғау, оның экологиялық мәдениетті қалыптастыру мақсатында Сайрам ауданында санитарлық тазалық жұмыстары атқарылды.

Түркістан облысы: Арыс қаласында Конституция күніне орай сенбілік ұйымдастырылды

Мемлекеттік мереке қарсаңында арыстықтар қолдарына кетпен пен күрек ұстап қала көшелеріне сенбілікке шықты. Аталмыш сенбілікте әр сектор өздеріне тиесілі аумаққа тазалық жұмыстарын жүргізіп, қоқыстарды шығарып, арамшөптерді отады.

Түркістан облысында 250 медицина маманына қажеттілік бар

Жергілікті бюджет қаражаты есебінен бакалавриатқа 50 грант бөлінді. Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетіне ІТ саласына 35, медицина бойынша 15 орын берілді. Бұл туралы Түркістан қаласында облыс әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаевтың төрағалығымен өткен конкурстық комиссия отырысында айтылды. Онда комиссия мүшелері гранттарды үміткерлер арасында іріктеп бөлу, грант иегерлерінің тізімін бекіту мәселелері қаралды.

Түркістан облысы: 2026 жылы мақтааралдықтар табиғи газды толығымен пайдаланатын болады

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының тапсырмасына сәйкес елді мекендердің инфрақұрылымын жақсарту, тұрғындардың өмір сүрулеріне қолайлы орта қалыптастыру мақсатында Мақтаарал ауданында 6 млрд теңгенің ауқымды жұмыстары жүргізілуде.

Түлкібаста солтүстік өңір өкілдерімен «қоныс аудару» мәселелеріне арналған кездесу өткізілді

Түлкібас ауданында «Аудандық мәдениет үйі» ғимаратында еңбек күшін қажет ететін солтүстік өңірлерге халқы тығыз орналасқан оңтүстік аймақтарынан азаматтарды ерікті түрде көшіру жұмыстары бойынша тұрғындарымен кездесу ұйымдастырылды. Жалпы 2015 жылдан бергі көрсеткіштерге сәйкес, жұмыс күші аз Солтүстік өңірлерге Оңтүстік аймақтардан жалпы саны 14 874 адам қоныс аударған.

Шымкентте достық мерекесі тойланды

Бүгін еліміздің үшінші мегаполисінің Орталық саябағында Шымкент қалалық өзбек этномәдени бірлестігінің «Өзбек этносының тілі, мәдениеті және салт-дәстүрі» күніне арналған Достық мерекесі аталып өтті.