Шымкент: Орман-дала өртінің алдын алу жұмыстары атқарылуда

Шымкент қаласының аумағында Шымкент қаласы әкімдігінің теңгеріміндегі "Жасыл Белдеу" және Түркістан облысы әкімдігіне қарасты "Бадам" орман шаруашылықтары орналасқан. Екі орман шаруашылығының жалпы жер көлемі 4 мың 826 га, оның ішінде орманды алқабы  2 мың 999 га, ормансыз алқап 1 мың 827 га құрайды. 

Шымкент: Ұлттық Ұланның әскери бөлімінде Абай онкүндігі өтті

Өткен аптада Қазақстан халқы ұлы ақын және ойшыл Абай Құнанбаевтың туылғанына 179 жыл толуын атап өтті. Ұлттық ұлан әскерінде 5 мен 14 тамыз аралығында «Абай жолы – болашаққа бағдар» тақырыбында Абай онкүндігі ұйымдастырылды. 

Шымкентте 1 360 000 шаршы метр тұрғын үйлерді пайдалануға қабылдау жоспарланған

Бұл туралы Өңірлік  коммуникациялар қызметінің алаңында «Шымкент қаласының сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасының 2024 жылдың 1 жартыжылдығында атқарылған жұмыс қорытындылары туралы»  тақырыбында  өткен баспасөз конференциясында айтылды.

Шымкентте 49 отбасы қайтарымсыз тұрғын үй сертификатын иеленді

Биылғы жылдың 1 тамызынан бастап бүгінге дейін 49 отбасы қайтарымсыз негіздегі тұрғын үй сертификаты арқылы баспаналы болды. Әлеуметтік көмекті алушылар қатарында  16 отбасы - 1,2 топ  мүгедектігі бар азаматтар, 9-ерекше бала асыраушы отбасылар, 3-жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған азаматтар, 11- көпбалалы отбасылар, 4-толық емес отбасылар, 6- бюджеттік мекеме қызметкерлері бар. Азаматтар Отбасы банк арқылы мемлекеттік бағдарлама аясында несиелік негізде пәтер рәсімдеу барысында оның алғашқы жарнасының бір бөлігін  1 млн. теңгеге дейінгі тұрғын үй сертификаты арқылы жабу мүмкіндігіне  ие болған.  

Шымкент: "Абай әлемі" қалалық байқауының жеңімпаздары анықталды

10 тамыз қазақтың ұлы ақыны хакім Абайдың туған күні. Қазақ жазба әдебиетінің негізін қалаушы, философ, композитор, данышпан-ойшыл. Ол ақындық шығармаларында қазақ халқының әлеуметтік, қоғамдық, моральдық мәселелерін арқау ете білген ұлы тұлға. 

ҚР Энергетика вице-министрі шымкенттіктермен кездесті

ҚР Энергетика вице-министрі Ерлан Аккенженов Шымкент қаласына жұмыс сапары аясында қала тұрғындарымен кездесіп, мәселелерін тыңдады. Алдымен министрлік тарапынан елімізде және үшінші мегаполисте энергетика және инфрақұрылымды дамыту бағытында қолға алынған іс-шаралар жайында баяндады. Отын-энергетикалық кешенінің қазіргі жағдайына тоқталып өтті. 

Шымкенттен Солтүстік өңірлерге қоныс аударатындар көп

Қоныс аударған тұрғындардың 67-сі тұрақты жұмысқа орналасып, 8-і кәсіпкерлікпен айналысуда.Қазір елімізде еңбек күші аз болған солтүстік өңірлерге ерікті қоныс аудару бағдарламасы жүзеге асып жатыр. Осы орайда, Шымкентте алғашқы жарты жылдықтың қорытындысымен 54 отбасындағы 179 адам солтүстік өңірлерге өз еркімен қоныс аударды.