Шымкентте 600 гектар агро-индустриалды аймақтың құрылысы басталды

Қала әкімі Ғабит Сыздықбеков пен «Alarko Holding» түрік компаниясының президенті Йылдыз Умит Нури «Бозарық» индустриялық аймағында қызанақ өсіретін ірі жылыжай кешенінің құрылыс алаңына капсула салу рәсіміне қатысты. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Шымкент: "Жыл волонтері" халықаралық сыйлығына конкурс басталды

Құрметті қаламыздың белсенді волонтерлары мен волонтерлік ұйымдары!

Шымкент қаласының ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасы Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігімен «Жыл волонтері» халықаралық сыйлығына байқау жарияланғандығын хабарлайды.

Шымкент: 418 млн. теңге алимент берешегі өндірілген

Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз конференциясында Шымкент қаласы прокуратурасының әкімшілік және атқарушылық өндірісті қадағалау басқармасы басшысының міндетін атқарушысы Мирзалиев Бауыржан Қуанышбекұлы баяндады.

Сот орындаушылары мен жұмыспен қамту орталығының бірлескен шаралары нәтижесінде 241 алимент төлеуші жұмысқа орналастырылып, алиментті жалақаларынан өндіруге мүмкіндік пайда болған.

Өкінішке орай, кейбір азаматтар ұсынылған жұмысқа тұрмай, алиментті төлеуден жалтаруды жалғастырған фактілері де орын алған.

Бұл ретте қала прокуратурасының үйлестіру жұмыстарын жүргізу нәтижесінде Шымкент қаласының Полиция департаменті, Әділет департаменті және Жеке сот орындаушылар палатасы арасында борышкерлерді қылмыстық жауаптылыққа тарту меморандумы бекітілген.

Нәтижесінде жыл басынан жалпы 15 қылмыстық іс тіркелді. Оның ішінде 11 борышкерге қатысты сот үкімдері шығып бас бостандығын 1 жылға дейін шектеу түріндегі жазаға тартылған. 2 іс қылмыс құрамының болмауына байланысты өндірістен тоқтатылса 2 іс бойынша тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

Алимент бойынша әрекетсіздік танытып, заңнамамен белгіленген мәжбүрлеп өндіру амалдарын уақтылы қолданбайтын сот орындаушыларына қатысты да жауапкершілік күшейтілгендігін ескеру қажет деді, Мирзалиев Бауыржан.

Айтуынша, Прокуратура органдары тарапынан сот орындаушылардың алимент өндіру туралы атқарушылық өндірістері бойынша қабылдаған шараларының толықтығына тұрақты түрде талдау жұмыстары жүргізілуде.

2024 жылы Шымкент қаласының Жеке сот орындаушылар палатасы прокурорлардың 10 заңдылықтың бұзылуын жою туралы ұсынуды қараған.

Нәтижесінде 58 жеке сот орындаушы тәртіптік жауаптылыққа тартылып, прокуратура тарапынан анықталған кемшіліктерді жою нәтижесінде 418 млн. теңге алимент берешегі өндірілген. 

 

Шымкент: Алимент берешегі 3 млрд. 807 млн. теңгегі құраған

Шымкент қаласы бойынша жеке сот орындаушылардың өндірісінде 16 091 іс орындауда болып, 2224 атқарушылық өндірісі аяқталған, қалдықта 13 867 құжат қалуда. Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз конференциясында Шымкент қаласы прокуратурасының әкімшілік және атқарушылық өндірісті қадағалау басқармасы басшысының міндетін атқарушысы Мирзалиев Бауыржан Қуанышбекұлы баяндады.

Орындау барысындағы істердің ішінен 35%, яғни, 4927 құжат бойынша алимент борышкерлердің айлық жалақысынан ұсталып жатыр.

Алимент өндіру әлеуметтік маңыздылығы жоғары атқарушылық өндірістер санатына жатады.

Атап айтқанда 2023 жылы тек алимент өндірумен айналысатын арнайы кеңсе ашылған. Бүгінгі күні онда 5 жеке сот орындаушы және олардың 6 көмекшісі қызмет атқаруда. Сондай ақ Шымкент қаласының Әділет департаменті мен Шымкент қаласының Жеке сот орындаушылар өңірлік палатасы тарапынан аталған кеңседегі жеке сот орындаушылардың санын көбейтуге бағытталған шаралар қабылдануда.

Қаламызда алимент төлеуден жалтарып жүрген борышкерлер саны азаймауда, бүгінгі күнде осындай әкелердің саны 2913-ке жетіп олардың алимент берешегі 3 млрд. 807 млн. теңгегі құраған. Осы төлемдердің ұзақ мерзімде өндірілмеудің негізгі себептерінің бірі  - борышкердің тұрақты ресми табыс көздерінің болмауынан және тұрғылықты мекенжайының анықталмауы, яғни, борышкерлердің іздеуде болуы.

Сот орындаушылардың қаулыларына сәйкес 624 алимент  борышкерлеріне қатысты іздеу жарияланып, істер уақытша тоқтылған.

Прокуратура тарапынан іздеу жариялануына байланысты уақытша тоқтатылған атқарушылық өндірістер бойынша полиция органдары қандай шаралар қабылдағаны зерделенуде.

Одан бөлек, сот орындаушыларының ұсыныстары негізінде 147 борышкер әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Оның ішінде сот қаулысымен 92 борышкерге 5 тәулікке дейін қамаққа алу, 55 борышкерге - 5 АЕК мөлшерінде (17 250 теңге) айыппұл салынған. 

 

Түркістан облысы: Келестегі балабақшада балаларды жастайынан еңбекке баулу мақсатында арнайы «Шеберхана» ашылған

Жуырда Келес ауданының Жүзімдік ауылдық округінде орналасқан «Балдырған» ЖШС бөбекжай-балабақшасында «Жазғы сауықтыру кезеңін балаларға тиімді ұйымдастыру» тақырыбында өңірлік семинар болып өтті.

Түркістан облысы: Созақ ауданында мемлекеттік қолдау мәселелері бойынша консультациялық кеңестер берілді

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаменті тарапынан «Сервистік және клиентке бағдарланған мемлекеттік аппаратты қалыптастыруға бағытталған қадамдық жоспары» аясында «Қызмет алушылар күні» іс-шарасын ұйымдастырып, өткізу ұсынылған.

Түркістан: облыс әкімінің орынбасары Төлеби ауданындағы бірқатар әлеуметтік нысандарды аралап, құрылыс барысын бақылап қайтты

Түркістан облысы әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаев Төлеби ауданына арнайы іссапармен барды. Аудандағы бірқатар әлеуметтік нысандарды аралап, құрылыс барысын бақылап қайтты.

Түркістан облысы: Сауран ауданындағы Құмтүйін елді мекенінің көшелеріне орташа жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр

Сауран ауданының Қарашық ауылдық округіне қарасты Құмтүйін елді мекеніндегі көшелерге орташа жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Аудан әкімінің халықпен есепті кездесуінде осы аталған мәселе ауыл тұрғындары тарапынан бірнеше рет көтерілген болатын. Аудан әкімі Мақсат Таңғатаров осы аталған жұмысты арнайы барып қадағалады.