Шымкент: Қоғамдық көлік жүргізушілері марапатталған күн

Қала тұрғындары үшін жолаушыларды сапалы қызметпен қамту қашанда маңызды. Бұл, әсіресе, шаһар логистикасын дамытып, өңір экономикасына тың серпін берері сөзсіз. Бұл бағыттағы жұмыстар оң нәтижесін беріп, соңғы жылдары Шымкент қаласында бірқатар қоғамдық көлік бағыттары жаңартылу үстінде. 

Шымкент: "Жайлы мектеп" - отандық өндірушілерді қолдау маңызды!

Мемлекет басшысының тапсырмасымен елімізде «Жайлы мектеп» жобасы жүзеге асырылып жатқаны белгілі. Оның ішінде Шымкент қаласында осы ұлттық жоба аясында 18 мектеп салу жоспарланған. Бұл бір ауысымда – 28 мың, ал екі ауысымда 56 мың жаңа оқушыны білім беру процесімен қамтуға мүмкіндік береді.

Шымкентте сапалы интернетпен қамту жұмыстары қарқынды жүргізілуде

Шымкент қаласында елді мекендерді сапалы интернетпен қамтамасыз ету жұмыстары белсенді түрде жүргізілуде. Қалалық цифрландыру басқармасының қолдауымен және жеке инвестор FISHNET компаниясының қатысуымен Самал-2, Наурыз шағынаудандары талшықты оптикалық интернет желісімен қамтылды.

Шымкент: Абай ауданында инфрақұрылым саласын дамып келеді

Абай ауданы аумағында жалпы 27 елді мекенде 55 159 үй,  205 көп қабатты тұрғын үйде 257,7 мың халық орналасқан. Сонымен қатар, 1274 көшемен 230 әлеуметтік нысандар бар. Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз конференциясында Абай ауданы әкімінің орынбасары Асылбекова Гүлнұр Нұрбекқызы баяндады. 

Бүгінгі таңда ауданды инфрақұрылым жүйелерімен қамту көрсеткіші келесідей: 

- Ауыз су - 100% қамтылған;

- Электр жарығымен - 100% 

- Табиғи газбен 23 елді мекен қамтылған ол 85,2% құрайды. Қамтылмаған елді мекендер саны – 4, ол 14,8% құрап отыр.

- Анықтама үшін: 

- Бүгінгі таңда 3 елді мекенде құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Атап айтқанда, Қайнарбұлақ тұрғын алабы-70%, Қайнарбұлақ саяжайы-50%, Ынтымақ-2 шағын ауданы - 56% құрылысы аяқталған.

- Тәуелсіздікке 20 жыл тұрғын алабына ЖСҚ әзірленіп, мемлекеттік сараптамадан оң қорытынды алынған. Құрылыс жұмыстары 2025 жылға жоспарланған.

Абай ауданында 27 елді мекеннің бүгінгі таңда 7 елді мекені кәріз жүйесімен қамтылған. 2023 жылы 5 нысанда құрылыс жұмыстары жүргізілуде. 

2025 жылға 8 нысанға құрылыс жұмыстарын бастау жоспарлануда. Атап айтқанда: Жайлау, Қатын көпір, Тельман, Ақниет,  Қызылжар, Жиделі, Батыс, Ынтымақ.

Нәтижесінде 2025 жылы Абай ауданында кәріз жүйесімен қамту көрсеткіші 18 пайыздан 55,5 пайызға дейін өседі. 

Ал, аудан аумағындағы көшелер саны – 1274 және ол 1080,1 шақырымды құрайды, атап айтқанда:

  - асфальт жол - 573 шақырым (48,5%);

- тас жол – 450,2  шақырым (25,7%);

- топырақ жолдар –57 шақырым (2,8%) 

Асфалт мәселесі 2023 жылы 3,1 млрд.тг  57 көшеге 68,2 шқ асфальт төсеу жұмыстары жүргізілген.   2024 жылы 4,3 млрд.тг  74 көшеге 60,1 шқ асфальт төсеу жұмыстары жүргізілуде.

Қала әкімінің тапсырмасына сәйкес, 2024 жылы жарықтандырылған көшелердің үлесін арттыру мақсатында 86 көшеге бюджеттік өтінім беріліп, 500,0 млн.тг қаржы қаралған.

Халық қатысатын бюджет 2023 жылы  376,5 млн.тг 13 жоба  іске асырылған. Оның ішінде: 10 – балалар алаңшасының (Бозарық, Асар, Достық, Қызылжар, Тұрлан, Нұршуақ) құрылыс жұмыстары басталып, бүгінгі таңда 10 балалар алаңшасының құрылыс аяқталып, пайдалануға берілген.

3 – спорт алаңша (Асар, Достық, Қайнарбұлақ) құрылыс жұмыстары  жүргізіліп, аяқталды.

2024 жылы 491,2 млн.тг 22 жоба іске асырылуда. Оның ішінде 20 балалар алаңшасы және 2 спорт алаңшасы. 

Халық қатысатын бюджет жобасы аясында 22 жоба оның ішінде, 20 балалар алаңшасы және 2 спрот алаңшасы салу жоспарланған. 

Сонымен қатар, 15 мың шаршы метрге 22 көшеге, 15 шақырым аяқ жол салуға – 200 млн.тг, бөлініп, құрылыс жұмыстары жүргізілуде. 

Аудан аумағына 20 қоқыс алаңшасын  орнату және орталық көшелерге 200 дана қоқыс жәшіктерін орнатуға – 66,3 млн.тг, бөлініп, құрылыс жұмыстары жүргізілуде. 

 

Шымкент: Қаратау ауданы тұрғындарын мазалаған өзекті мәселелер шешімін тауып келеді

Қаратау ауданының аумағы 19 500 гектар, халық саны 213 мыңнан астам. Аудан аумағында 18 елді мекен. Көшелер саны – 595, жеке тұрғын үйлер саны – 29 762, көп қабатты үйлер саны – 603, ал демалыс орындарының саны – 11. Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында Қаратау ауданы әкімінің міндетін атқарушы Бекназаров Ерлан Нұрланұлы баяндады.

Бүгінде ауыз сумен қамту көрсеткіші 98 %. Сайрам, Қызылсу тұрғын алаптары және Бозарық саяжайының жаңақұрылыс аумағы ауыз сумен қамтуды қажет етеді. 2023 жылы Сайрам, Қызылсу және Бозарық елді мекенінің жаңақұрылыс аумағында ауыз су жүйесінің құрылыс жұмыстары басталған. Жұмыстар жылдың соңында аяқталады. Бұл жұмыстардың аяқталуына орай, ауыз сумен қамту көрсеткіші 100 % құрайды.

Электр жарығымен қамту көрсеткіші 98 %. Бозарық саяжайы мен Сайрам тұрғын алабының жаңақұрылыс аумақтары электр жарығымен қамтуды қажет етеді. 2023 жылы Бозарық саяжайының жаңақұрылыс аумағына электр жарығының құрылыс жұмыстары басталған. Қазіргі таңда, аталған аумақта абоненттеу жұмыстары атқарылуда. Одан бөлек, Сайрам тұрғын алабы мен Қайтпас шағынауданының жаңақұрылыс аумағын электр жарығымен қамту жұмыстары басталды. Жұмыстардың аяқталуына орай, қамту көрсеткіші 100 % құрайды.

Қазіргі таңда ауданды  табиғи газбен қамту көрсеткіші 96 % құрайды. Қамтуды қажет ететін елді мекендер: Тассай, Бозарық, Таскен, Қызылсу, Шапырашты, Өтеміс, Достық, Мәртөбе, Мирас елді мекендерінің жаңақұрылыс аумақтары. 

Тассай тұрғын алабы, Бозарық саяжайы жаңқұрылыс аумағын табиғи газбен қамту жұмыстары жүруде.  Жұмыстарды 2024 жылдың III тоқсанына дейін аяқтау жоспарланған.  Аталған жұмыстардың аяқталуына орай, табиғи газбен қамту көрсеткіші 98 % болады. 

Қалған елді мекендердің жаңақұрылыс аумақтарын табиғи газбен қамту 2025 жылдың жоспарына енгізілген.

Ал аудан аумағындағы аулаларды абаттандыру жұмыстары  бойынша: Аудан аумағында 603 көп қабатты үй 210 аулаға біріктірілген. 210 ауланың 189 ауласы абаттандырылған. 2024 жылы халық қатысатын бюджет жобасы аясында ағымдағы жылы 21 балалар ойын алаңы (көп қабатты үй аумағында 5 аула) мен 9 ашық спорт алаңшасын салу жоспарланған. 2025 жылдың соңына дейін көп қабатты үй аулаларын 100 % абаттандыру жоспарда.

 

Шымкент: "Қиял әлемі" саябағы мемлекеттік меншікке қайтарылды

Шымкентте заңсыз берілген жер учаскелерін коммуналдық меншікке қайтару үшін күрес жалғасуда.  Қаланың мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты "Қиял әлемі" ірі паркіне қатысты шешім қабылдады. Бұрын "Әйгерім" ЖШС-не ұзақ мерзімді жалға берілген бес гектарға жуық жер коммуналдық меншікке қайтарылды.