Шымкент: Еңбекші ауданында табиғи газбен және кәріз жүйесімен қамтуға барынша көңіл бөлінуде
Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында еңбекші ауданының әкімі Есілбек Досбол Күздікбайұлы баяндады.
Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында еңбекші ауданының әкімі Есілбек Досбол Күздікбайұлы баяндады.
Бүгінгі күнде Еңбекші ауданының аумағы 22 800 гектар құрап, халық саны 228 830 болды. Ауданда 18 тұрғын алаптар және 11 шағынаудандар бар.
Еңбекші ауданында 728 көшелер мен өткелдер, 2 саябақ 3 гүлзар, 283 көпқабатты және 37061 жеке тұрғын үйлер орналасқан. Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында еңбекші ауданының әкімі Есілбек Досбол Күздікбайұлы баяндады.
Инфрақұрылым: Аудан аумағындағы 29 шағынаудан мен тұрғын алаптардың халық шоғырланған негізгі бөлігі инженерлік жүйелермен қамтылған.
Атап айтсақ:
- Ауыз сумен 97%-ға;
- Электр жарығымен 99,8%-ға;
- Табиғи газбен 90,7%-ға;
- Кәріз жүйесімен 41%-ға
- Асфальт жолмен 73,1%-ға қамтылған.
Қала әкімінің тапсырмасына сәйкес, Еңбекші ауданында инфрақұрылым жүйелерін дамыту туралы 2022-2025 жылдарға арналған «Жол картасы» қалалық энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасымен бекітіліп, жұмыстар жүргізуде.
Еңбекші ауданының қазіргі таңда ауыз сумен қамту көрсеткіші 97%-ды құрайды. 2024 жылы Жастар көшесі мен «Қазығұрт» станция аумағындағы 102 абонентті және Оңтүстік-Жаңақұрылыстағы 989 абонентті сапалы ауыз сумен қамту мақсатында ЖСҚ әзірлеу жоспарланған.
Ал электр жарығы бойынша аудандағы 29 шағынаудан мен тұрғын алаптардың электр жүйесімен қамту көрсеткіші мемлекеттік 98,6%, жекеменшік жүйе 1,2%, ал, қамтылмаған 0,2% (жаңақұрылыс учаскелері) құраған.
2023 жылы Исфиджаб, Достық (1356 абонент) тұрғын алаптардағы жеке меншік жүйедегі электр желісің ауыстыру үшін «DIAS Проект» ЖШС мердігер мекемесі тарапынан ЖСҚ әзірленіп, сараптаманың оң қорытындысы алынды. Одан бөлек, ОЖТ тарапынан 9 трансформатор ауыстырылып, 16,7 шақырым желі жаңартылған.
Қазіргі таңда, «Сайрам» жобасы бойынша бастапқы қаржы қаралып, «Қазеурострой» ЖШС мердігер мекеме болып анықталды. Құрылыс жұмыстары 2025 жылға өтпелі.
Әл-Фараби ауданының аумағы 19 880 га жерді құрайды, халық саны жалпы 234 857 адам. Аудан аумағында 926 көпқабатты тұрғын үй 623 аулаға біріктірілген, 16 633 жеке үй, 6 саябақ, 16 гүлзар, 20 ескерткіш және 12 субұрқақ бар. Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында Әл-Фараби ауданы әкімінің орынбасары Тажибаев Марат Абдимажидұлы баяндады.
Әл-Фараби ауданы қаламыздың орталық ауданы болғандықтан, инфрақұрылым жүйесіне кіретін ауыз су, табиғи газ және электр жарығымен 100% қамтылған. Аудан аумағында орналасқан 926 көпқабатты тұрғын үйлер 623 аулаға біріктірілген.
«Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы аясында тұрғындардан түскен ұсыныстар бойынша 2024 жылы 70 көпқабатты тұрғын үйлердің аулаларында абаттандыру және балалар ойын және спорт алаңшаларын орнату жұмыстарын жүргізу үшін бюджеттен 1 млрд 717 млн. 971 мың 510 тг қаржы қаралған.
Халық қатысатын бюджет жобасы шеңберінде балалар ойын және спорт алаңшаларын орнату жұмыстары 2024 жылдың соңында 78,3%-ға, 2025-26 жылы 100%-ға жетуді жоспарлауда.
Айта кетейік, аудан тұрғындарының көшелер мен жолдардағы қауіпсіздігі мен жайлылығын қамтамасыз ету мақсатында 2024 жылы 118 көшені жарықтандыру жоспарланған. Сәйкесінше, биылғы жылдың қорытындысымен жарықтандырылатын көше саны 242-ні құрап, әлеуметтік маңызы бар нысандар толық қамтылады.
Сонымен қатар, көпқабатты тұрғын үйлер аулалары мен қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және бейберекет қоқыс тастау мәселесін алдын алу мақсатында цифрландыру басқармасы тарапынан 114 бейнекамера орнату жоспарлануда. Аталған бейнекамералар полиция департаментінің жедел басқару орталығына жалғану жұмыстары да жүргізілетін болады.
Бүгін Түркістанда халықты жұмыспен қамту және жұмыс орындарын құру, аз қамтылған отбасылар санын азайтып, кәсіпке баулу мәселелері талқыланған мәжіліс өтті. Жиынға жұмыспен қамту басқармасының басшылығы мен қызметкерлері қатысты. Баяндамалар мен есептер тыңдалды. Халықты жұмыспен қамту саласындағы өзекті мәселелер мен кедейлік көрсеткішін төмендету шаралары кеңінен талқыланған жиналыста облыс әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаев бұл бағыттағы жұмыстарды әлі де ширата түсу керектігін ескертті.
Шымкент қаласында жол сапасын жақсарту және тұрғындардың көлік қатынастарын жеңілдету мақсатында 300 көшеде жөндеу жұмыстары қарқынды түрде жүргізілуде. Қазіргі уақытта қала аумағындағы көшелердің шұңқырлары жамалып, күтіп ұстау жұмыстары белсенді жүргізілуде.
Қала әкімінің тапсырмасы бойынша, бригадалар бірінші кезекте көліктердің қауіпсіздігіне әсер ететін орталық магистрал және ішкі орам көшелеріне жөндеу жұмыстарын жүргізуде. Сонымен қатар, жол қозғалысына қолайлы болу үшін жоспарланған 400 қалқымалы қақпақшаның жартысынан астамы орнатылды.
Бұл бағыттағы жұмыстар Еңбекші ауданында 60-тан астам көшеде атқарылды. Қаратау ауданындағы Қайтпас және Бозарық елдімекендерінде, Абай ауданындағы Достық, Самал-2,3 елдімекендерінде және Әл-Фараби ауданының Сәуле елдімекенінде жөндеу жұмыстары жалғасуда.
Тұран ауданының Қазығұрт елдімекенінде 20-дан астам көше жөндеуден өтті. Бұл көшелердің қатарында Оңдасынов, Жандарбеков, Мақталы, Отырар, Ақжар, Мамина-Сибиряка, Алтын сақа, Үсенов, Қожанова және басқа да көшелер бар.
Алдағы уақытта жергілікті тұрғындардың өтініштері бойынша жөндеу жұмыстары жалғасатын болады. Бұл шаралар қаланың инфрақұрылымын жақсартуға және тұрғындардың күнделікті өмірін жеңілдетуге бағытталған.
Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі хабарлағандай, жол жөндеу жұмыстары қаланың көлік инфрақұрылымын жаңартып, тұрғындарға ыңғайлы және қауіпсіз жол қатынасын қамтамасыз етуге зор үлес қосады. Жолдардың сапасын арттыру және инфрақұрылымды жақсарту қаланың дамуына үлкен әсер етеді, әрі тұрғындардың өмір сүру сапасын арттырады. Жол жөндеу жұмыстары алдағы уақытта да жалғасып, қала тұрғындарының сұраныстары мен қажеттіліктеріне сәйкес жүзеге асырылатын болады.
Шымкент қаласының қоғамдық көлік жүйесін жақсарту мақсатында тұрғындардан түскен ұсыныстар мен өтініштер қала әкімінің жеке қабылдауларында және азаматтармен кездесулерде көтерілген болатын.
Осыған орай, кезекті тариф және маршрут құнын айқындау жөніндегі комиссияның отырысында бірқатар маңызды ұсыныстар талқыланды.
№16 автобус маршрутының сызбасы: 276 орамдағы Тұрсынбайұлы көшесі тұрғындарының өтініштеріне сәйкес ұзартылды.
№66 автобус маршрутының сызбасы: Тұран шағын ауданы Қазтуған жырау көшесі арқылы ұйымдастырылды.
№71 автобус маршрутының сызбасы: Аймауытов көшесі арқылы оңтайландырылды.
№70 автобус маршрутының сызбасы: Тұрғындардың өтініштеріне сәйкес Бөлешов көшесінен 600 метрге ұзартылды.
№69 автобус маршрутының кестесі: Жұмыс күндері 13 автобус, демалыс және мереке күндері 10 қоғамдық көлік жолаушыларды тасымалдайды.
№139 автобус маршрутының сызбасы: Сайрам елдімекенінің орталығы Ю.Сареми көшесінде жүргізіліп жатқан күрделі жөндеу жұмыстарына байланысты уақытша өзгертілді.
Бұл өзгерістер қала тұрғындарының күнделікті өмірін жеңілдетуге және көлік қатынастарын жақсартуға бағытталған. Қоғамдық көлік бағыттарының жаңартылуы тұрғындардың сұраныстары мен қажеттіліктеріне сәйкес жасалды және олардың қоғамдық көлікке деген сенімін арттырады деп күтілуде.
Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі хабарлағандай, қоғамдық көлік бағыттарының жаңартылуы қала тұрғындарының өмір сапасын арттыруға және қаланың көлік инфрақұрылымын жақсартуға зор үлес қосады.
Бүгінгі танда маршруттар толығымен қызмет көрсетуде, қала аумағындағы сонымен қатар, шет аймақтарда орналасқан барлық шағын аудандар мен тұрғын алаптар қоғамдық көлікпен 100% қамтылған.
Қазіргі уақытта күнделікті 916 автобус және 11 тасымалдаушы компания жолаушыларды тасымалдау қызметін көрсетеді. 2024 жылғы 5 айда тасымалданған жолаушы саны – 36 738 679 құрайды. Сонымен қатар, жалпы автобустар саны резервпен қоса – 1140 болса, оның 640-ы газ метанмен, 464-і дизельмен және 36-сы бензинмен жүреді.
Тұран ауданы жалпы 21 шағын ауданнан тұрады, халық саны 220,7 мың адам, 36 300,0 га жер көлемін құрайды. Сондай-ақ ауданда 39 357 жеке үй, 544 көп қабатты үй және 597 көше бар. Бұл туралы бүгін Тұран ауданының әкімі Әшірбеков Берік Айдарұлы баяндады.
Шымкент қаласының тұрғындарына 58 бастапқы медициналық-санитарлық ұйымдар көмек көрсетеді, оның ішінде 14 мемлекеттік емхана (606 мың адам) және 44 жеке емханалар (620 мың адам). 2023 жылы 3 жаңа емхана ашылып, 26 мың залық тіркелсе, 2024 жылы 6 жаңа емхана ашылып, 27 мың халық тіркелген.