Шымкентте жол сапасын жақсарту жұмыстары қарқынды жүргізілуде

Шымкент қаласында жол сапасын жақсарту және тұрғындардың көлік қатынастарын жеңілдету мақсатында 300 көшеде жөндеу жұмыстары қарқынды түрде жүргізілуде. Қазіргі уақытта қала аумағындағы көшелердің шұңқырлары жамалып, күтіп ұстау жұмыстары белсенді жүргізілуде.

Қала әкімінің тапсырмасы бойынша, бригадалар бірінші кезекте көліктердің қауіпсіздігіне әсер ететін орталық магистрал және ішкі орам көшелеріне жөндеу жұмыстарын жүргізуде. Сонымен қатар, жол қозғалысына қолайлы болу үшін жоспарланған 400 қалқымалы қақпақшаның жартысынан астамы орнатылды.

Бұл бағыттағы жұмыстар Еңбекші ауданында 60-тан астам көшеде атқарылды. Қаратау ауданындағы Қайтпас және Бозарық елдімекендерінде, Абай ауданындағы Достық, Самал-2,3 елдімекендерінде және Әл-Фараби ауданының Сәуле елдімекенінде жөндеу жұмыстары жалғасуда.

Тұран ауданының Қазығұрт елдімекенінде 20-дан астам көше жөндеуден өтті. Бұл көшелердің қатарында Оңдасынов, Жандарбеков, Мақталы, Отырар, Ақжар, Мамина-Сибиряка, Алтын сақа, Үсенов, Қожанова және басқа да көшелер бар.

Алдағы уақытта жергілікті тұрғындардың өтініштері бойынша жөндеу жұмыстары жалғасатын болады. Бұл шаралар қаланың инфрақұрылымын жақсартуға және тұрғындардың күнделікті өмірін жеңілдетуге бағытталған.

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі хабарлағандай, жол жөндеу жұмыстары қаланың көлік инфрақұрылымын жаңартып, тұрғындарға ыңғайлы және қауіпсіз жол қатынасын қамтамасыз етуге зор үлес қосады. Жолдардың сапасын арттыру және инфрақұрылымды жақсарту қаланың дамуына үлкен әсер етеді, әрі тұрғындардың өмір сүру сапасын арттырады. Жол жөндеу жұмыстары алдағы уақытта да жалғасып, қала тұрғындарының сұраныстары мен қажеттіліктеріне сәйкес жүзеге асырылатын болады.

 

Шымкентте бірқатар көліктердің бағыттары жаңартылады

Шымкент қаласының қоғамдық көлік жүйесін жақсарту мақсатында тұрғындардан түскен ұсыныстар мен өтініштер қала әкімінің жеке қабылдауларында және азаматтармен кездесулерде көтерілген болатын.

 Осыған орай, кезекті тариф және маршрут құнын айқындау жөніндегі комиссияның отырысында бірқатар маңызды ұсыныстар талқыланды.

№16 автобус маршрутының сызбасы: 276 орамдағы Тұрсынбайұлы көшесі тұрғындарының өтініштеріне сәйкес ұзартылды.

№66 автобус маршрутының сызбасы: Тұран шағын ауданы Қазтуған жырау көшесі арқылы ұйымдастырылды.

№71 автобус маршрутының сызбасы: Аймауытов көшесі арқылы оңтайландырылды.

№70 автобус маршрутының сызбасы: Тұрғындардың өтініштеріне сәйкес Бөлешов көшесінен 600 метрге ұзартылды.

№69 автобус маршрутының кестесі: Жұмыс күндері 13 автобус, демалыс және мереке күндері 10 қоғамдық көлік жолаушыларды тасымалдайды.

№139 автобус маршрутының сызбасы: Сайрам елдімекенінің орталығы Ю.Сареми көшесінде жүргізіліп жатқан күрделі жөндеу жұмыстарына байланысты уақытша өзгертілді.

Бұл өзгерістер қала тұрғындарының күнделікті өмірін жеңілдетуге және көлік қатынастарын жақсартуға бағытталған. Қоғамдық көлік бағыттарының жаңартылуы тұрғындардың сұраныстары мен қажеттіліктеріне сәйкес жасалды және олардың қоғамдық көлікке деген сенімін арттырады деп күтілуде.

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі хабарлағандай, қоғамдық көлік бағыттарының жаңартылуы қала тұрғындарының өмір сапасын арттыруға және қаланың көлік инфрақұрылымын жақсартуға зор үлес қосады.

Бүгінгі танда маршруттар толығымен қызмет көрсетуде, қала аумағындағы сонымен қатар, шет аймақтарда орналасқан  барлық шағын аудандар мен тұрғын алаптар қоғамдық көлікпен 100% қамтылған.

Қазіргі уақытта күнделікті 916 автобус және 11 тасымалдаушы компания жолаушыларды тасымалдау қызметін көрсетеді. 2024 жылғы 5 айда тасымалданған жолаушы саны – 36 738 679 құрайды. Сонымен қатар, жалпы автобустар саны резервпен қоса – 1140 болса, оның 640-ы газ метанмен, 464-і дизельмен және 36-сы бензинмен жүреді.

 

Шымкент: Тұрандықтардың өмір сүру сапасы артқан

Тұран ауданы жалпы 21 шағын ауданнан тұрады, халық саны 220,7 мың адам, 36 300,0 га жер көлемін құрайды. Сондай-ақ ауданда 39 357 жеке үй, 544 көп қабатты үй және 597 көше бар. Бұл туралы бүгін Тұран ауданының әкімі Әшірбеков Берік Айдарұлы баяндады.

Шымкентте 2024 жылы 6 жаңа емхана ашылды

Шымкент қаласының тұрғындарына 58 бастапқы медициналық-санитарлық ұйымдар көмек көрсетеді, оның ішінде 14 мемлекеттік емхана (606 мың адам) және 44 жеке емханалар (620 мың адам). 2023 жылы 3 жаңа емхана ашылып, 26 мың залық тіркелсе,  2024 жылы 6 жаңа емхана ашылып, 27 мың  халық тіркелген. 

Түркістан: барлық өтініштер заң аясында зерделенетін болады

Түркістан қаласының әкімі Нұрбол Тұрашбеков алдын-ала бекітілген кестеге сәйкес тұрғындармен кезекті кездесуін «Отырар» секторынан бастады.  Атқарылған жұмыстарды баяндап өткен Нұрбол Әбдісаттарұлы қаланы дамытуда тұрғындар белсенділігі маңызды екеніне тоқталды.

Түркістан облысында 6 айда 2,5 млн ірі және ұсақ малдан сынама алынды

Түркістан облысында Ветеринария басқармасына қарасты «Ветеринариялық қызмет» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорын жұмыс атқаруда. Аталмыш кәсіпорында 2 мыңға жуық маман бар.

Түркістан облысында «Үлгілі ауыл» жобасы жүзеге асырылуда

Республикалық экологиялық «Таза Қазақстан» акциясы Түркістан облысында қарқынды жүруде. Акция аясында Арыс қаласында сенбілік өтіп, шараға қалалық мәслихаттардың депутаттары, мемлекеттік мекемелердің қызметкерлері, еңбек ұжымдарының өкілдері, қала жастары атсалысты.

Түркістан облысында жазғы демалыста балалар қауіпсіздігін сақтау бағытында жүйелі жұмыстар атқарылуда

Облыс әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаевтың төрағалығымен облыс әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия отырысы өтті. Облыстық құқық қорғау органдары, денсаулық сақтау және білім саласының өкілдері, сонымен қатар комиссия мүшелері, аудан, қалалардағы комиссия төрағалары мен хатшылары, қоғамдық ұйым өкілдері қатысқан жиында үш мәселе қаралды.