Шымкентте әкелер күні аталып өтті

Биылдан бастап елімізде мерекелік күндердің тізбесіне «Әкелер күні» мерекесі енгізілді. Енді маусым айының үшінші жексенбісі осы мерекені тойлауға бағытталады. Айтулы күнге орай, бүгін Шымкент қаласында алғаш рет жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының ұйымдастыруымен “Otbasy fest” жобасы шеңберінде “Әкелер күні” аталып өтті.

Шымкент: Жастар үшін тәулік бойы жұмыс істейтін coworking орталығы ашылды

Шымкентте білім алушыларға тәулік бойы қызмет ететін коворкинг орталығы ашылды.  Орталық Ж. Тәшенов университетінің ғимаратында орналасқан. Ашылу салтанатына Түркістан облыстық Ардагерлер кеңесінің төрағасы Жеңісбек Мәуленқұлов, Шымкент қалалық Ардагерлер кеңесінің төрағасы Кенжехан Төлебаев, Ө.Жәнібеков атындағы ОҚПУ-нің ректоры Гүлжан Дәулетбекқызы, Әл-Фараби атындағы ғылыми-әмбебап кітапханасының директоры Анар Жаппарқұлова қатысты. 

Шымкент қаласы мәслихатының кезекті XVII сессиясы өтті

Сессия отырысына қала әкімі Ғабит Сыздықбеков,  әкімдік мүшелері, аудан әкімдері, тиісті басқарма басшылары, тексеру комиссиясы, сайлау комиссиясы, полиция департаменті және төтенше жағдайлар департаменті қатысты, БАҚ өкілдері қатысты. Сессия тікелей онлайн трансляцияда көрсетілді. Кезекті он жетінші сессияны мәслихат төрағасы  Бахадыр Нарымбетов ашып, регламентке сәйкес күн тәртібіндегі 12 мәселені қарады.

Шымкентте құрбан айт мерекесіне орай бірқатар рухани іс-шаралар өтеді

Шымкент қаласының бас имамы Бақдәулет Әбдірахманов келе жатқан «Құрбан айт» мерекесіне орай арнайы баспасөз брифингін өткізді. Қаланың бас имамы биылғы ұлық мерекенің ерекшелігін, құрбандық шалу тәртібін түсіндіріп, дайындық барысынан хабардар етті. Биылғы Құрбан айт намазы Шымкент қаласы бойынша барлық мешіттерде 16 маусым күні таңғы сағат 6:00-де оқылады.

8 мыңнан астам түркістандық жұмыспен қамтылмақ

Түркістан қаласы әкімдігі жанында «Халықтық кеңсе» мен «1310» Бірыңғай байланыс орталығы тұрғындардың өтініштерімен жұмыс істеуде. Сонымен қатар қала аумағында 6 сектор құрылып, тұрғындармен тығыз қарым-қатынаста өзекті мәселелерді шешуге өз үлестерін қосуда.

Шымкентте қала құрылыстық кеңесі жұмысын бастады

Бүгін қала әкімі Ғабит Сыздықбеков қала құрылыстық кеңесінің отырысын өткізді. Бұл жиын соңғы рет 2018 жылы ұйымдастырылған болатын. Қатысушылар мегаполистің Бас жоспарына, қаланың аумақтық дамуына және жиындарды өткізу регламентіне сәйкес атқарылып жатқан жұмыстарды қарастырды. Отырысқа сәулетшілер, құрылысшылар, инженерлер мен тиісті сала басшылары қатысты.

Қала әкімі Ғабит Сыздықбеков кеңестің қала құрылысы саясатын іске асыру кезінде шешімдер қабылдаудың тиімділігін арттыру және қаланың сәулет саласындағы дамуын қамтамасыз ету үшін құрылғанын атап өтті.

«Кеңестің негізгі мақсаты - қаланың инфрақұрылымын, көп қабатты тұрғын үйлерін, қоғамдық-іскерлік ғимараттар мен саябақтарды жалпы қаланың көрінісін жергілікті тұрғындар мен қоңақтар үшін тартымдылығын арттыру. Кеңес мүшелерінің арасында алдағы уақытта мәселелерді қарауда ешбір жеке қызығушылық болмауы тиіс», – деді мегаполис басшысы.

Кеңес төрағасы болып қала әкімінің бірінші орынбасары Қуаныш Жұмабекұлы Асылов тағайындалды. Айтуынша, кеңестің негізгі қызметі - қала құрылысындағы жобалардың бас жоспардың, егжей-тегжейлі жоспарлау жобасына сәйкес іске асырылуының тиімділігін арттыру мақсатында қарау. Сонымен қатар, жиын барысында қалалық Сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасының басшысы Нұрбол Жүнісбеков Бас жоспарға сәйкес атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндап, қатысушыларды алдын ала жасалған жұмыстармен таныстырды.

Айта кетейік, 29 адамнан тұратын кеңес отырыстарын айына бір рет өткізу жоспарлануда. Кеңестің жұмыс органы болып Шымкент қаласының сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасы атынан өкілдік ететін «Шымкентбасжоспар» КММ мекемесі болып табылады.

 

Дархан Сатыбалдының Сарыағаш тұрғындарымен кездесуінде өткір мәселелер ашық айтылды

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды Сарыағаш тұрғындарымен кездесті. Кездесуде өзекті мәселелер ашық айтылды. Тұрғындар күрмеуі шешілмеген түйткілдерді тарқатып, ұсыныстары мен пікірлерін ортаға салды. Облыс әкімі Дархан Сатыбалды облысты, ауданды дамыту жұмыстарын қысқаша баяндап, тұрғындардың сұрақтарын тыңдады.