Түркістан: Отырарда егілген сексеуілдер құм көшкініне тосқауыл болып жатыр

Түркістан облысында 2025 жылға дейін 110 210 гектар алқапқа 170 млн көшет егу жоспарланған. Осы бағытта өңірде тиісті жұмыстар атқарылуда. Бүгінде Отырар ауданында орманды молайту бойынша ауқымды жұмыстар атқарылып келеді.

Шымкент аумағындағы қоғамдық-саяси жағдай және криминогендік ахуал тұрақты

Бүгін Өңірлік Коммуникациялар қызметі алаңында полиция Департаменті бастығының орынбасары Арман Бейсенбаевтың қатысуымен баспасөз брифингі өтті. Жиын барысында, полиция полковнигі ағымдағы жылдың 5 айында мегаполистің полиция қызметкерлерімен қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету бойынша атқарылған жұмыстар туралы айтты.

Полиция полковнигінің сөзінше, өткен жылмен салыстырғанда тіркелген құқық бұзушылықтар 28,6 %-ға азайған. Қабылданған шаралар және профилактикалық жұмыстар нәтижесінде, бірқатар негізгі қылмыс түрлерінің саны едәуір төмендеуіне қол жеткізілді. Оның ішінде атап өтетіні: пәтер ұрлығы – 23,6 %-ға, мал ұрлығы – 66,7%-ға, алаяқтық – 34,1%-ға азайған.

Ал, аса ауыр және ауыр санаттағы қылмыстардың ашылымы 100,0 пайызды құрады, - деді Арман Бейсенбаев.

Профилактикалық бағыттағы жұмыстарға басымдық берілуі нәтижесінде, қоғамдық орындарда жасалған қылмыстар 29,1 пайызға, көшелерде   жасалғандар 26,8 пайызға, отбасылық-тұрмыстық қатынастағылар 23,1 пайызға, кәмелетке толмағандармен жасалғандар 23,1 пайызға  азайған.

Ал, жыл басынан кәмелетке толмағандармен жасалған 3329 әкімшілік құқық бұзушылық анықталған.

Оның ішінде, 378  құқық бұзушылық жасөспірімдердің түнгі уақытта көңіл-көтеру орындарында болу,  4048 құқық бұзушылық олардың үйден тыс ата-ана немесе заңды өкілінсіз жүруі,  27 құқық бұзушылық жасөспірімдердің қоғамдық орындарда алкогольді мас күйінде жүруі болып табылады.

249 кәмелетке толмағандар  мен 138 жайсыз отбасылар есепке алынды. Кәмелетке толмағандар істері жөніндегі комиссия қарауына 11 материал жолданып, оның шешімімен 3 жасөспірім Тараз қаласындағы арнайы мектепке жіберілді, қалғандары бойынша жақын күндері шешім қабылданады. Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына 323 бала орналастырылды.

Бұл бағыттағы профилактикалық жұмыстар жергілікті атқарушы органмен, қалалық білім басқармасымен бірлесіп жүргізуде.

 

Түркістан облысының шалғай ауылдарындағы 329 мектепке Starlink спутниктік интернеті орнатылды

Мемлекете басшысы былтыр күзде өткен Республикалық педагогтер съезінде барлық орта білім беру мекемесін сапалы әрі жоғары жылдамдықты интернет желісімен қамтуды тапсырған болатын. Түркістан облысы әкімдігі тарапынан жүргізіліген жүйелі жұмыстардың нәтижесінде елімізде алғашқылардың бірі болып өңірдің шалғай ауылдарда орналасқан білім ошақтарына Илон Масктың Starlink спутниктік интернет жобасы енгізілді.

Түркістан облысы: бірқатар әлеуметтік нысандар күрделі жөндеуден өткізіледі

Түркістан облысы әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаев аудан, қалаға іссапармен барып, әлеуметтік нысандарды аралады. Алдымен Кентау қаласында Орталық клиникалық ауруханасындағы күрделі жөндеу жұмыстарымен танысты.

Түркістан: облыс әкімі Кентаудағы жылу жүйелерін жаңғырту жұмыстарын пысықтады

Кентау қаласының жылу энерго орталығын жаңа жылыту маусымында сапалы жылумен қамтамасыз ету жұмыстары күшейтілген режимде жүргізілуде. Алдағы жылыту маусымына дайындық жұмыстарын тексерген Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды жылу көздерін жаңғырту барысын бақылап, жылумен жабдықтау желілерін жөндеуге жауапты тұлғаларға нақты тапсырмалар берді.

Түркістан қаласында биыл 2 мыңға жуық пәтер пайдалануға беріледі

Бүгін Туризм және меймандостық университеті мен Түркістан қаласы әкімдігінің ұйымдастыруымен «2024 жыл - Түркістан – түркі елдерінің туризм астанасы» атануына орай БАҚ өкілдеріне арналған баспасөз туры өтті. Тур аясында журналистер облыс орталығындағы құрылыс жұмыстарымен танысты.

Түркістан облысында биыл 45 мыңнан астам оқушы жазғы сауықтыру лагерьлерінде демалады

Биыл Түркістан облысында 45 мыңнан астам оқушы бюджет есебінен жазғы сауықтыру лагерьлерінде демалады. Жалпы жаз мезгілінде облыс бойынша 22 сауықтыру лагері қызмет көрсетеді. Оның 7-і - мемлекеттік болса, 15-і - жекеменшік. Балалардың жазғы демалысын ұйымдастыруда арнайы дайындықтан өткен 14 444 педагог жұмыс істейді. Бұл жайында Түркістан облысы білім басқармасы басшысының міндетін атқарушы Жандос Маханбетов брифингте мәлімдеді.