Түркістан қаласында биыл 2 мыңға жуық пәтер пайдалануға беріледі

Бүгін Туризм және меймандостық университеті мен Түркістан қаласы әкімдігінің ұйымдастыруымен «2024 жыл - Түркістан – түркі елдерінің туризм астанасы» атануына орай БАҚ өкілдеріне арналған баспасөз туры өтті. Тур аясында журналистер облыс орталығындағы құрылыс жұмыстарымен танысты.

Түркістан облысында биыл 45 мыңнан астам оқушы жазғы сауықтыру лагерьлерінде демалады

Биыл Түркістан облысында 45 мыңнан астам оқушы бюджет есебінен жазғы сауықтыру лагерьлерінде демалады. Жалпы жаз мезгілінде облыс бойынша 22 сауықтыру лагері қызмет көрсетеді. Оның 7-і - мемлекеттік болса, 15-і - жекеменшік. Балалардың жазғы демалысын ұйымдастыруда арнайы дайындықтан өткен 14 444 педагог жұмыс істейді. Бұл жайында Түркістан облысы білім басқармасы басшысының міндетін атқарушы Жандос Маханбетов брифингте мәлімдеді. 

Шымкент қаласының әкімі шаһардағы бірқатар нысандарды аралап, жұмыс барысын көрді

Қала әкімі Ғабит Сыздықбеков қаланы аралау барысында Ж.Шанин атындағы Шымкент қалалық академиялық қазақ драма театрының ұжымымен кездесіп, жаңа басшысы Салдарова Арайлым Құрбанбекқызымен танысты. 

Шымкент: Құрылыс сапасына қатысты –5 айда 15 құрылыс объектісіне әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылды

 

Шымкент қаласының қалалық орта сапасы және бақылау басқармасының негiзгi бағыттары:

- сәулет-құрылыс бақылауын жүзеге асыру;

         - құрылыс қызметi субъектiлерiн лицензиялау және мамандарды аттестаттау; 

         - тұрғын үй инспекциясы;

- газтехникалық инспекция.

Жыл басынан бері басқармаға құрылыс-монтаждау жұмыстарының басталатындығы туралы 384 хабарлама басқарма реестрінде тіркелген. Бұл туралы бүгін Шымкент қаласы Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз конференциясында Шымкент қаласы қалалық орта сапасы және бақылау басқармасы басшысының м.а. Керімжанов Мерлан Әбдірахманұлы айтты. 

- бюджеттік қаражат есебінен - 35 хабарлама. 

- жеке қаражат есебінен - 349 хабарлама. 

Объектілердің пайдалануға қабылдау актілерін салыстырып қарау бойынша 345 өтініш түскен. Оның ішінде 108 өтініші оң қараумен қаралған.

Құрылыс объектілері бойынша 79 (5 ай - 338) әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалар толтырылып, әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

Құрылыс сапасына қатысты – 8 (5 ай -15) құрылыс объектілері бойынша 8 (5 ай - 15) әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалар толтырылып, әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

2024 жылдың 5 айында  Шымкент қаласының қалалық орта сапасы және бақылау басқармасына лицензиялау бойынша жалпы саны 366 өтініш түскен (5 ай- 258), оның ішінде лицензия берілгені 119 (5 ай -75), оның ішінде (лицензия-39 (5 ай -7), переоформление-80 (5 ай -68), бас тартылғаны 11 (5 ай - 120) және кері қайтарылғаны 236 (5 ай -171) өтініш. 

Жыл басынан құрылыс саласында сарапшылық жұмыстарды және инжинирингтік көрсетілетін қызметтерді жүзегі асыру үшін 33 (5 ай - 20) сарапшылардың аттестаты берілген.

Сондай ақ, Қазақстан Республикасының азаматтық Кодексіне сәйкес 37 нысанға талап арыздар жолданған.

- 37 құрылыс нысандарына мәжбүрлеп бұзу туралы сот шешімі шықты.

- 10 сот шешімімен қанағаттандырусыз қалдырылды.

- 17 сот шешіміне сәйкес мәжбүрлеп бұзылды.

- 10 сот орындаушылар палатасына жолданған. 

 

Шымкент: Тұтынушылардың құқықтарын қорғау бойынша "ситуациялық штаб" жұмыс тобы құрылған

Бұл туралы Өңірлік Коммуникациялар қызметінің алаңында «Тұтынушылардың құқықтары мен міндеттерімен таныстыру» тақырыбында  дөңгелек үстел барысында айтылды.

«Тұтынушылардың құқықтарын қорғаудың бірыңғай ақпараттық жүйеде жұмыс істеу» бойынша: 2024 жылдың 5 айында «Е-тұтынушыда» жүргізілген түсіндіру жұмыстарының нәтижесінде пайдаланушылар саны – 1558, тіркелген кәсіпкерлік субъектілерінің саны – 412 құрап отыр.

        Біріңғай ақпараттық жүйесі арқылы 112 өтініш келіп түсіп, тиісті жұмыстар атқарылды.

 «Ақпараттық-түсіндіру жұмысы» бойынша (құқықтық сауатылықты арттыру) 2024 жылдың 5 айында  Департамент тарапынан жүргізілген ақпараттық-түсіндіру жұмыстары саны – 2165,  Оның ішінде:

- «БАҚ-та сөз сөйлеу жиілігі» (выступление) бойынша 69 құрап отыр. 

-«БАҚ-тағы жарияланымдардың жиілігі» бойынша БАҚ-та жарияланвмдардың саны 114 құрады. 

- «Әлеуметтік желілердегі жарияланымдардың жиілігі» бойынша: саны 1960. Инстаграм – 980, Фейсбук – 980 жарияланым.

- «Өткізілген брифингтер саны»  – 13 құрап отыр. 

Е-тұтынушы бірыңғай ақпараттық жүйесі (БАЖ) бойынша Атамекен ҰКП-мен бірлесіп тұрақты негізде түсіндіру жұмыстары жүргізілуде, БАЖ-да тіркелу туралы БАҚ-та материалдар жарияланды және бизнес қоғамдастықтармен осы қосымшада тіркелу қажеттілігі туралы дөңгелек үстелдер өткізілген. «Е-Тұтынушы» платформасының қызметін БАҚ құралдарында, әлеуметтік желілерде қарқынды түрде түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. 

Осы негізде, ҚР Сауда және интеграция министрлігі Тұтынушылардың құқықтарын қорғау Комитеті Төрағасының тапсырмасына сәйкес, Өңірде Мемлекеттік органдардан, Үкіметтік емес ұйымдардан және Қоғамдық бірлестіктерден құралған «Ситуациялық штаб» жұмыс тобы құрылып, іс-шара бойынша тиісті жұмыстар атқаруда.

 

Арыста 10 мың халық табиғи газбен қамтылды

Түркістан облысында тағы бір «сақалды» құрылыс шешімін тапты. Арыс қаласындағы 6 шағын аудан халқы бүгін газбен қамтылды. 2020 жылдан бері тоқтап тұрған нысанның мәселесін шешу үшін облыс әкімі Дархан Сатыбалдының тапсырмасымен маңызды жобаның жұмысы қайта жанданды.

Түркістан облысы: Дархан Сатыбалды Арыстағы құрылыс алаңдарын аралады

«Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында Түркістан облысында 2025 жылға дейін 49 мың бала білім алатын 63 жаңа мектеп пайдалануға беріледі. Мемлекет басшысының бастамасымен қолға алынған заманауи, жайлы мектептердің салынуы өңірдегі үш ауысыммен оқытатын және апатты мектептер проблемалары шешілмек. Жоспар бойынша биыл өңірде 29 оқу ұясы қолдануға берілмек, олардың 19-ы алдағы жаңа оқу жылы қарсаңында ашылады.