Ордабасы ауданы: халықты сапалы ауыз сумен қамту – маңызды бағыттың бірі

Президент Қ.Тоқаевтың 2025 жыл­ға дейін ауыл халқын сапалы ауыз су­мен толық қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмасын белгіленген мерзім ішінде орындап шығу Ордабасы ауданының әлеумет­тік-экономикалық дамуындағы маңызды бағыттың бірі болып отыр.

Шымкент: Абай ауданының тұрғындары "Таза Қазақстан" акциясына белсене қатысуда

 

«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында Темірлан тас жолында орналасқан скверде тазалық жұмыстары ұйымдастырылды.Тазалық іс-шарасына жалпы 100-ден астам аудан тұрғындары, кәсіпкерлер, зиялы қауым өкілдері, белсенді жастар, еріктілер қатысты. «Тазалық - денсаулық кепілі» деген ұстаныммен өткен іс-шарада ағаш кесу, әктеу, шөп ору, суғару, қоқыстардан тазарту жұмыстары жүргізілді.

Шымкент: Биыл Еңбекші ауданында 200 көше жарықтандырылады

Қазіргі таңда Еңбекші ауданы аумағында жарықтандырылған көше саны – 117 құрап отыр. 2022 жылдың өзінде әлеуметтік нысандарға жақын орналасқан 22 көше жарықтандырылса, 2023 жылы 28 көше жарықтандырылды. 2024 жылы бұл көрсеткішті ұлғайтып, 200 көшені жарықтандыруды жоспарланған. Бүгінде Шымкент қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы тарапынан жарықтандыру жұмыстары басталып, қазіргі таңда Қазанқап ақын, Ынтымақ, Росси көшелерінде жарықтандыру жұмыстары жүргізілуде. Бұл туралы аудан әкімі Досбол Күздікбайұлы айтты. 

Шымкент: 2024 жылы Еңбекші ауданындағы 78 көше жөнделеді

Еңбекші ауданда ұзындығы 732,91 шақырымды құрайтын 728 көше мен өткелдер бар. Жолдардың 535,77 шақырымы асфальт, 158,38 шақырымы тас, 38,76 шақырымы топырақты құрайды. Бүгінде аудандағы жолдардың жағдайын жақсартуға жылдан жылға жақсы көңіл бөлініп келеді. Мәселен 2023 жылы ұзындығы 45,5 шақырымды құрайтын 73 көше орташа жөндеуден өтсе, 2024 жылға ұзындығы 56 шақырымды құрайтын 78 көшені жөндеу жоспарланып отыр. Қазіргі таңда сметалық құжаттамалар әзірленіп, сараптама қарауына жолданды. Бүгінгі таңда 200 көшені жарықтандыру жоспарлануда. Бұл туралы аудан әкімі Досбол Күздікбайұлы мәлімдеді. 

Шымкент: Қайтарымсыз грант - өз ісін бастауға мүмкіндік берді

Шымкенттік дизайнер, он саусағынан өнер тамған шебер Жаннұр Лесбекова қыз-келіншектерге тігін саласының қыр-сырын үйретіп, тұрмыста қолданатын көрпе, пердеден тартып, ұлттық киімдерді тігудің жолымен бөлісіп отыр. Өз кәсібін шағын оқу курсынан бастаған кейіпкеріміз 2023 жылы қайтарымсыз грант қаржысы арқылы өндірістік әлеуетін арттырып, үлкен оқу орталығына айналдырды.

Шымкенттіктер акция аясында саябақтарды тазалауда

Бүгін Шымкентте «Таза Қазақстан» экологиялық акцияның аясында #TazaShym атты жалпы қалалық тазалық іс-шарасы өткізілуде.

Қала тұрғындары мен іс-шараға қатысушылар «Қасірет» мемориалы мен Орталық саябақ аумағында тазалық жұмыстарын жүргізді. Қатысушылар шөптерді ору, ағаштарды әктеу, қоқыстарды жинап-шығару жұмыстарын жүргізді.

Тазалық жұмыстарына қала тұрғындары, мәдениет саласының өкілдері, ардагерлер, белсенді қала жастары мен еріктілер қатысты. 

Шымкент: Бадамның жағалауы тазартылды

«Таза Қазақстан» акциясы аясында Шымкент қаласындағы Бадам өзенінің жағалауында санитарлық тазалық жұмыстарына Тұран ауданының тұрғындары мен коммуналдық сала қызметкерлері, эко-белсенді жастар қатысты. Қаланың солтүстік-батыс аумағын қамтитын Бадам өзені қала тұрғындарының бір сәт демалуына және қала маңындағы елді мекендерде егін және бау-бақшаларды сумен қамтамасыз ететін бірден-бір өзен.