Шымкент: Қаратау ауданынының тұрғындары «Астана» аллеясын тазалады

Қаратау ауданы аумағында «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы жалғасуда.

2024 жылғы 27 мамыр күні «Нұрсәт» шағынауданындағы «Астана» аллеясында 400-ге жуық тұрғындардың қатысуымен кезекті тазалық жұмыстары өтті.

Акция барысында аллея аумағын қоқыстан тазарту, ағаштарды әктеу, көгалдарды қырқу, орындықтарды сырлау және т.б жұмыстар жасалды. Акцияға жергілікті тұрғындардың қатысуымен қатар 10 техника жұмылдырылды. Нәтижесінде жалпы 50 тонна қоқыс шығарылды, шамамен 500 килограмм бояу пайдаланылды, 3000 метрге жуық қоршаулар боялып, ақталды. 

Шымкент: «Таза Қазақстан» акциясына Еңбекші ауданының тұрғындары да белсенділік танытуда

Таңертеңнен басталған «Таза Қазақстан» акциясы Еңбекші ауданындағы Цементшілер шағын ауданында да жалғасын тапты.

Жалпы Цементшілер ауданы қаланың Оңтүстік аумағындағы өндірістік аумаққа жақын орналасқан.

Қаладағы түрлі құрылысқа қажетті материалдар осы аумақтан шығарылады. 

Шымкент: Әл-Фараби ауданының тұрғындары тазалық жұмыстарына білек сыбаны кірісті

Шымкент қаласының Әл-Фараби ауданына қарасты Ә.Жангелдин көшесі бойындағы №28, 30, 32 көп қабатты тұрғын үй тұрғындары Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың «Таза Қазақстан» акциясы аясында өткізіліп жатқан тазалық жұмыстарына қатысты. 

Шымкенттіктер «Таза Қазақстан» экологиялық акциясына белсенді қатысуда

Аудан көлемінде жүргізіліп жатқан қызу тазалық жұмыстарына барлық мекеме қызметкерлері бір кісідей атсалысып, әрбір ұжым бөлінген аумақтарда, көшелерде тазалық жұмыстарын қарқынды жүргізді. Жайлау шағынауданында орналасқан скверде қоқыстарды шығару, ағаштарды әктеу, шөп ору секілді бірқатар жұмыстар атқарылды. 

Шымкент: «Отау» бағдарламасы 8000 қазақстандыққа тұрғын үйлі болуға мүмкіндік бермек

8 000 қазақстандық "Отау" бағдарламасына қатысатыны жайлы қуанышты хабарлама алды. Бағдарламаға қатысуға өтініш берген барлық 25 000 банк клиенттерінің аттарын кесте түрінде сайттарда жариялады. Олардың ішінде жеткілікті ұпай жинап, бағдарламаға қатысуға мүмкіндік алған 8000 жеңімпаздың есімдері бар.

Шымкент: «Наурыз» тұрғын үй бағдарламасына ниет білдіргендердің арасында 35 жасқа дейінгі азаматтар көп

"Наурыз" жаңа тұрғын үй бағдарламасына қатысуға ниет білдірген қазақстандықтар арасында 35 жасқа дейінгі азаматтар көш бастап тұр. Бүгінде аталған бағдарлама бойынша өтініш жолдаған ең жас үміткер – Түркістан облысының 18 жастағы тұрғыны. «Наурыз» бағдарламасы бойынша өтінімдер 2024 жылдың 25 сәуір мен 30 маусымға дейін жалғасады.

218 шымкенттікке тұрғын үй сертификаты берілді

2024 жылға 200 млн. теңгеге қайтарымсыз негізде тұрғын үй сертификаттарын беру жоспарланып, 2024 жылдың 22 қаңтарынан бастап құжат қабылдау басталды. Бүгінгі таңға 218 азаматқа 199,9 млн. теңгеге тұрғын үй сертификаттары берілді.

Шымкент: Жыл соңына дейін жұмыс істейтін 900 жас сатып алу құқығынсыз пәтерлі болмақ

2024 жылы Шымкент қаласы бойынша мемлекеттік бағдарлама аясында 364 пәтердің құрылысы жүргізілуде, бүгінде аталған көрсеткішті нарықтан сатып алу арқылы 1000 пәтерге жеткізу жоспарланған. Тұрғын үйлердің құрылыс жұмыстарының аяқталуы және пәтерлердің коммуналдық тұрғын үй қорына өткізілуіне қарай кезектегі азаматтарға, соның ішінде тұрғын үй кезегі келген 449 пәтер халықтың әлеуметтік осал тобына, 351 пәтер көпбалалы отбасыларға, 200 пәтер жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға берілетін болады.