Шымкент: Мемлекеттік қызмет саласындағы бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі өтті
Жұмыссыздық деңгейін төмендету шаралары қалада қарқынды және тұрақты жүргізіліп келеді. Осыған орай, ҚР Мемлекеттік істері агенттігі Шымкент қаласы әкімдігімен бірлесіп бос жұмыс орындары жәрмеңкесін өткізді. Мақсаты – екі қолға бір күрек таппай, оқыған мамандығының нанын жегісі келіп жүргендерге көмектесу. Мемлекеттік қызметке орналасудың тәртібін түсіндіру, іріктеудің қағидаларын, өңірдегі бос орындармен таныстыра отырып, жастарды мемлекеттік қызметке тарту.