Жексенбі, 26 Шілде 2026 18:11

Құрылтай сайлауы – азаматтық белсенділік пен ел болашағының кепілі

23 тамыздағы Құрылтай сайлауы – Қазақстандағы қатысушы демократияның дамуына бағытталған маңызды белес. Бұл сайлау арқылы әр азамат елдің болашағын қалыптастыруға нақты үлес қоса алады. Тамыз айында өтетін сайлау азаматтық қоғамның саяси салмағын арттырып, мемлекеттік басқаруды сапалы жаңа деңгейге көтереді.

Әрбір дауыс – құрғақ статистика емес, мемлекеттік бағдарды айқындайтын маңызды таңдау. Азаматтардың белсенді қатысуы саяси жүйенің ашықтығы мен сенімділігін арттырады. Құрылтай халық пен мемлекет арасын жақындататын негізгі институтқа айналады. Бұл – қоғамдағы өзекті мәселелердің заң шығарушы деңгейде жедел әрі әділ шешілуіне жол ашады.

 

Түрлі идеялар мен бағдарламалардың сайысқа түсуі білікті сарапшылардың, жастар мен жаңа көшбасшылардың саяси алаңға келуін қамтамасыз етеді. 23 тамызда өтетін бұл саяси науқан «Әділетті Қазақстан» мен «Адал азамат» ұстанымдарының іс жүзіндегі салтанаты. Әрқайсысымыздың белсенді позициямыз елдегі демократиялық өзгерістерді баянды етіп, ортақ болашағымыздың берік іргетасын қалайды.

Көлбай ЖАЛҒАСБАЙ,

Отырар ауданының құрметті азаматы.

 

Оқылды 70 рет