Мәжілісте аппарат қызметкерлері мен жаңадан жұмысқа қабылданған мемлекеттік қызметшілерге Әдеп кодексінің талаптары, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, қызметтік әдеп нормаларын сақтау, ұжымдағы корпоративтік мәдениетті қалыптастыру, сондай-ақ құмар ойындар мен бәс тігуге қатысты заңнама талаптары бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар, орындаушылық тәртіпті күшейту және Бірыңғай кадрлық жүйесі арқылы кадрлық құжаттарды жүргізу мәселелері қаралып, жауапты мамандар тарапынан тиісті түсіндірмелер берілді. Жиын соңында аудан әкімі аппаратының басшысы Бекзат Абубакиров мемлекеттік қызметшілердің заң талаптарын қатаң сақтауы, атқарушылық тәртіпті күшейтуі және жүктелген міндеттерді сапалы әрі уақытылы орындауы мемлекеттік қызметтің тиімділігін арттырудағы басты талаптардың бірі екенін атап өтті.
Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік қызметкердің оң беделін қалыптастыру – мемлекеттік жүйені дамытудың басты бағыттарының бірі. Мемлекеттік қызметші жан-жақты дамыған тұлға болуы тиіс.Сонымен қатар, үнемі салауатты өмір салты мен отбасы құндылықтарын ұстануы қажет. Ол өз кезегінде мемлекеттік қызметшілердің әдебі мен мінез-құлық мәселелерінің маңыздылығын меңзейді. Кез келген мемлекеттік қызметшінің моральдық адамгершілік қасиеттері, әдептілігі мен кәсібилігі аса маңызды.. Мемлекеттік қызметшінің басты қағидасы – халыққа қызмет ету. Халықтың игілігіне жұмыс істеп, елге қолайлы жағдай туғызуы керек.
Мемлекеттік органға шағымданған кез-келген адам, мемлекет көрсетуге тиісті қызметтің барлығын еш кедергісіз, дер кезінде және сапалы түрде алуы тиіс. Мемлекеттік қызметшінің беделі мәртебелік маңызға ие. Әр мемлекеттік қызметшінің басты міндеті – сапалы жұмыс жасау, өз білімі мен біліктілігін жұмыста пайдалана отырып мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру. Мемлекеттік қызметкердің беделі – мемлекет беделінің бір бөлігі. Жалпы биліктегі мемлекеттік органдардың барлық басшыларының жұмысына қарап халық билікке, оның қарапайым адамдарға деген көзқарасына баға береді. Осыдан-ақ мемлекеттік қызметкерлердің мойнына жүктелген үлкен жауапкершілікті байқауға болады.
Мемлекеттік қызметшінің қызметтік әдебі өте маңызды ұғым. Өйткені мемелекеттік қызметшінің тәртібі мен өзін өзі ұстауына кәсіби біліктілігіне, халықпен қарым қатынасына қарай халықтың тұтас мемлекетке деген көқарасы қалыптасады. Сондықтан елімізде мемлекеттік қызметшінің әдеп нормалары қалыптасқан. Мемлекеттік қызметшінің әдебі мен мінез-құлық мәселелеріне үлкен мән берілуі тегіннен тегін емес. Қоғамның айнасы саналатын мемлекеттік қызметшілер өз әрекетімен басқаларға да үлгі бола білуі керек. Сондай-ақ мемлекеттік қызметкерлер әркез қызмет көрсетудің жоғары стандарттарына сәйкес болуға, адалдық , ашықтық және әділдік қағидаттарын басшылыққа ала отырып, қызметтерді кәсіби көрсете білуі тиіс. Сонымен қатар, мемлекеттік қызметшілердің мінез-құлық мәдениеті мен кәсібилігі туралы оң пікірді қалыптастыруға тырысу керек.
Жоғарыда айтып өткеніміздей, мемлекеттік қызметші жан-жақты дамыған үнемі салауатты өмір салтын ұстануы және отбасы құндылықтарын да насихаттауы қажет. Мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексінің басты міндеттерінің бірі-қызметкердің мінез-құлқының және өзге адамдармен қарым-қатынасының оңды болуын қамтамасыз ету сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға және қызметтік әдеп нормаларын бұзушылықтардың, оның ішінде мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылықтарды болдырмаудың алдын-алу жұмыстан тыс кезде заң бұзушылықтарға жол бермеу болып саналады. Жұмыстан тыс уақытта мемлекеттік қызметшіге беделін түсіретін және қоғам тарапынан сын мен айыптау тудыратын жағдаяттардан қашқақтау қажет. Сондықтан мемлекеттік қызметерлердің әдебі барлық уақытта маңызды.
Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдебі мынандай қағидаттарға негізделеді:
Адал ниеттілік-қоғам игілігі үшін мемлекетке кәсіби және жауапты қызмет ету;
Адалдық-өз міндеттеріне шынай көзқарас;
Әділдік-жеке және заңды тұлғалардың, қоғамдық топтар мен ұйымдардың ықпалына қарамастан заңды шешім қабылдау және кез келген мән жайларбойынша біржақтылық пен субективитілік себебінен адамдарды кемсітуге жол бермеу;
Ашықтық-жұртшылықпен жұмыс істеуге дайын екендігін көрсету және өз іс-қимылының ашықтығын қамтамасыз ету;
Сыпайылық-азаматтар мен әріптестере дұрыс және құрметпен қарау;
Клиентке бағдарлану-мемлекеттік қызметтерді тұтынушы ретінде халықтың сұраныстарына толықтай бағдарлай отырып, көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру.
Мемлекеттік қызметшінің әдеп кодексіне сәйкес басшы және қоластындағы қызметкер барлық тұлғалардың құқықтары, бостандықтары және заңдық мүдделерінің сақталуын және қорғалуын қамтамасыз етуі тиіс.Азаматтар мен әріптестерімен қарым қатынас жасау кезінде сыпайылық және әдептілік танытып мемлекеттік қызметте қарым-қатынастың жоғары болуына ат салысуы керек. Мемлекеттік қызметшілер Әдеп кодексі нормаларының барлық талаптарын қатаң сақтауға тиіс. Мемлекеттік қызметші –ұлт пен мемлекеттің бет бейнесі оның табысты жұмыс істеуінің кепілі екенін әрдайым есте ұстау қажет.
«WWW.AQ-QARA.KZ» - ақпарат