Жұма, 16 Тамыз 2019 11:43

Түркістан облысы: Арыс халқына 100 мың теңге берілді

Жарылыс кезінде зардап шеккен Арыс шаһары тұрғындарына 100 мың теңге көлеміндегі өтемақы берілді. Аталған қаржыны алу үшін, бұған дейін екі ауылдық елдімекен мен Арыс қаласындағы 17 секторда банк карточкалары таратылған болатын. Қызылорда, Жамбыл облыстары және Шымкенттен «Халық банкінің» 120 қызметкері Арысқа арнайы келіп, жұмыс жүргізген. 

Бүгіннен бастап арыстықтар мемлекет тарапынан және қор арқылы жиналған қаражатты жәрдемақы түрінде ала бастады. 58 мың Арыс қаласының әрбір тұрғыны өздеріне тиесілі 100000 теңгені "Халық банктің" банкоматтары арқылы алып жатыр. Қазіргі таңда Арыс қаласындағы Орталық стадион жанындағы спорт мектебінде 8 банкомат орнатылған. Бұдан бөлек тағы қалада 10 банкомат жұмыс істеп тұр. Қорға жиналған 5,8 млрд. теңгенің 1,8 млрд. теңге сомасын қазақстандықтар өз күштерімен жинаған болатын. Одан бөлек 1 млрд. теңге Түркістан облысы әкімдігінің бюджетінен және 3 млрд. теңге қаражат республикалық бюджеттен бөлініп отыр.Айта кетейік, карточкаға түскен қаржыдан банктің комиссиялық төлемдері ұсталмайды.

«AQ-QARA.kz»-ақпарат.

Оқылды 1077 рет