Жұма, 16 Тамыз 2019 16:29

Түркістан облысы: Ордабасы ауданының Шұбарсу ауылында аудан активінің көшпелі мәжілісі өтті

Бүгін Шұбарсу ауылында аудан әкімі Әліпбек Өсербаевтың қатысуымен аудан активінің көшпелі мәжілісі өтті. Күн тәртібіне сәйкес, бірінші сөз алған ауыл округ әкімі Ануар Тұрсынбаев 2019 жылдың алғашқы жартыжылдығында атқарылған жұмыс барысын баяндады. 

Әліпбек Шәріпбекұлы коммуналдық саладағы кемшіліктерге тоқталыпжеке азаматтардың меншігіндегі таза суэлектр қуатымен қамту жүйелерін мемлекет меншігіне қайтару жұмысын жылдамдату қажеттігін атап өтті. Білім саласындағы күрмеулі мәселелер де назардан тыс қалмады. "Балапан" бағдарламасымен ашылған жекеменшік балабақшалардың қаржылануы бақылауда болу қажеттігі айтылды. Жиын қорытындысында ауыл округіндегі қылмыспен күресті күшейту, салық саясатын жүйелеу, атаулы әлеуметтік көмек тағайындауда құқықбұзушылыққа жол бермеу жөнінде нақты тапсырмалар беріліп, орын алған олқылықтар бойынша жауапты мамандарға шара көру тапсырылды. 

- Бүгінгі жиналыстың мақсаты күрмеулі түйіндерді анықтап, өзектілігін ескере отырыполарды шешу үшін нақты әрекетке көшу. Заман босаңсуды көтермейді. Уақытпен үндесе жұмыс істеуді үйренетін кез жетті, - дей келе, Әліпбек Шәріпбекұлы жиналысты түйіндеді.

«AQ-QARA.kz»-ақпарат.

Оқылды 998 рет