Шымкентке 6 айда 250 мыңнан аса турист келді

Шымкентке соңғы 6 айда 252 919 турист келген. Оның ішінде отандастар саны 237 мыңнан асса, 15 мыңы шетелдік қонақтар. Бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 17 процентке көп.

Шымкент әкімі Әлем чемпионын қабылдады

Бүгін Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков бокстан жастар арасындағы Әлем чемпионы Санжар-Али Бегалиев пен оның жеке жаттықтырушысын қабылдады. Әкім жас спортшыны тарихи жеңісімен құттықтап, оның жетістігі тек Шымкент қаласының ғана емес, бүкіл Қазақстанның абыройын асқақтатқанын атап өтті.

Шымкент: Еңбек адамы қандай болуы керек?

Халқымызда «ердің атын еңбек шығарады» деген сөз бар. Елдің еңбекпен көркейетінін ескерсек, еңбек адамының қоғамда қашанда орны ерекше, абыройы биік. Осындай еңбегімен елге еленіп, халық арасында беделі артып жүрген жандар жетерлік. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бір жолдауында: «Елімізде еңбекқор адам, кәсіби маман ең сыйлы адам болуға тиіс. Осындай азаматтар мемлекетімізді дамытады. Біз қарапайым еңбек адамына құрмет көрсетуіміз керек. Қандай кәсіппен айналыссаң да, оны сапалы атқару маңызды. Шын мәнінде, ең бастысы – адал еңбек. Біз мұны жете түсінетін ұрпақ тәрбиелеуге тиіспіз. Идеология жұмысында осыған баса мән берген жөн», –деген болатын.

Шымкент әкімі бірқатар нысандарда болып, жұмыс барысымен танысты

Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков кезекті аралау барысында Әл-Фараби ауданындағы №39 орта мектепке арналған 375 орындық қосымша ғимараттың құрылысымен танысты.  Жобаға оқу кабинеттері, асхана, спорт залы және мектеп аумағын абаттандыру қарастырылған. Құрылысты аралап көрген әкім мердігер ұйымға барлық жұмысты сапалы және белгіленген мерзімде аяқтауды тапсырды.

Шымкент: Жылыту маусымы кезіндегі қауіпсіздік пысықталды

Шымкент қаласының өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары азаматтық қорғау полковнигі Еркін Отарғалымұлы «Жылыту маусымы кезіндегі қауіпсіздік шаралары» тақырыбында баспасөз брифингі өтті.

Шымкент: Кәмілетке толмағандар арасында қылмыс саны артқан

Бүгін «Құқық бұзушылықтың алдын алу мәселесі» тақырыбында М.Әуезов атындағы ОҚУ-да арнайы кездесу ұйымдастырылды. Іс-шараға құқық қорғау органдарының өкілдері, оқу орнының оқытушылары мен студенттері қатысты. Жастармен кездесу Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасының тапсырмасы аясында көпшіліктің құқықтық сауаттылығын арттыру, құқықтық санасын жоғарылату мақсатында қалалық прокуратура, қалалық ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасы, қалалық Жастар орталығының бірлесуімен өтті. 

Шымкентте пробациялық есепте тұрған жастар арасында шағын футболдан турнир өтті

Шаһарда жастар арасында шағын футбол бәсекесін өткізу дәстүрге айналған. Қылмыстық жазасын өтеген жастарды оңалту және бейімдеу мақсатында «Жаңа өмір» жобасы аясында шағын футбол турнирі өтті. Сайысты қалалық ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының тапсырысы бойынша «Қорған-М» қоғамдық бірлестігі ұйымдастырды.