Шымкент: Аппарат мәжілісінде бірқатар маңызды мәселелер қаралды

Бүгін қала әкімі Ғ.Сыздықбековтің қатысуымен өткен аппараттық мәжілісте күн тәртібіндегі маңызды мәселелер қаралды. Мегаполис басшысы ең алдымен жылыту маусымында тұрғындардан келіп түскен проблемаларға тез арада кері байланыс орнату керек екенін айтты. Сондай-ақ азаматтарға құбырларды тазалау бойынша түсіндірме жұмысын тұрақты жүргізу қажет деді.

Шымкент: Дене шынықтыру және спорт басқармасы есеп берді

Шымкент қаласының дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Маратбек Мықтыбеков 2024 жылдың 10 айында атқарылған жұмыстарды қорытындылап, алдағы жоспарларын таныстырды. Алқа отырысына қала әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбек, спорт  мектебі басшылары, жаттықтырушылар, спорт саласы қызметкерлері қатысты.

Шымкент: Қоғамдық көліктегі қызмет сапасын арттыру - басты мақсат

Шымкент қаласының қоғамдық көлік қызметін дамыту мен тасымалдаушылардың жауапкершілігін арттыру мақсатында маңызды өзгерістер енгізілді. Енді тасымалдаушыларға қойылған талаптарды бұзған жағдайда айыппұл мөлшері 1,5%-дан 3%-ға дейін ұлғайды.

Шымкент: Еңбекші ауданын қажетті инфрақұрылыммен қамту - басты бағыт

Еңбекші ауданында сапалы электр жарығымен  қамтамасыз ету барысында бірқатар істер атқарылды.  Аудандағы  9 айлық көрсеткіш бойынша 29 шағынаудан мен тұрғын алаптарды электр жүйесімен қамту көрсеткіші мемлекеттік 98,6%, жекеменшік жүйе 1,2%, ал, қамтылмаған 0,2% (жаңақұрылыс учаскелері) құрады. 

Шымкент: Еңбекші ауданын ауыз сумен қамту көрсеткіші 97 пайызды құрайды

Бүгінде Еңбекші ауданының аумағы 22 800 гектар құрап, халық саны 228 830 болды.  18 тұрғын алап және 11 шағынауданнан тұратын   аудан аумағында 728 көше мен өткелдер, 2 саябақ 3 гүлзар, 283 көпқабатты және 37061 жеке тұрғын үйлер орналасқан.

Шымкентте шала туған нәрестеге күрделі екі ота жасалды

Шымкент қалалық перинаталды орталығының дәрігерлері шала туған нәрестеге бір уақытта күрделі екі ота жасады. Шақалақ 31 апталық мерзімде 2350 грамм салмақпен ауыр халде туылған. Күрделі ота барысында сәбидің іш қуысына шыққан кіндік жарығы жойылып, бауырдағы киста сәтті алынды.