Шымкентте қазақ күресінен турнир өтіп жатыр

Үшінші мегаполисте ҚР-ның Еңбек сіңірген жаттықтырушысы, педагогика ғылымдарының докторы, профессор Жарылқасын Керімбекұлының жүлдесіне арналған қазақ күресінен халықаралық турнир өтті.

Шымкентке 6 айда 250 мыңнан аса турист келді

Шымкентке соңғы 6 айда 252 919 турист келген. Оның ішінде отандастар саны 237 мыңнан асса, 15 мыңы шетелдік қонақтар. Бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 17 процентке көп.

Шымкент әкімі Әлем чемпионын қабылдады

Бүгін Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков бокстан жастар арасындағы Әлем чемпионы Санжар-Али Бегалиев пен оның жеке жаттықтырушысын қабылдады. Әкім жас спортшыны тарихи жеңісімен құттықтап, оның жетістігі тек Шымкент қаласының ғана емес, бүкіл Қазақстанның абыройын асқақтатқанын атап өтті.

Шымкент: Еңбек адамы қандай болуы керек?

Халқымызда «ердің атын еңбек шығарады» деген сөз бар. Елдің еңбекпен көркейетінін ескерсек, еңбек адамының қоғамда қашанда орны ерекше, абыройы биік. Осындай еңбегімен елге еленіп, халық арасында беделі артып жүрген жандар жетерлік. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бір жолдауында: «Елімізде еңбекқор адам, кәсіби маман ең сыйлы адам болуға тиіс. Осындай азаматтар мемлекетімізді дамытады. Біз қарапайым еңбек адамына құрмет көрсетуіміз керек. Қандай кәсіппен айналыссаң да, оны сапалы атқару маңызды. Шын мәнінде, ең бастысы – адал еңбек. Біз мұны жете түсінетін ұрпақ тәрбиелеуге тиіспіз. Идеология жұмысында осыған баса мән берген жөн», –деген болатын.