Түркістан облысы: Сарыағаш ауданында мемлекеттік туға құрмет көрсетілді

Бүгін Сарыағаш ауданы әкімдігінің және «NurOtan» партиясының қолдауымен, ауданның мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің ұйымдастыруымен «Менің туым, Менің Отаным!» акциясы өтті. 

Мемлекеттік ту ойыншық емес

Ту – мемлекеттің егемендік пен біртұтастықты білдіретін басты рәміздерінің бірі. Елдің елдігін танытатын басты құндылық. Сондықтан әрбір азамат рәміздерді құрметтеп ұстауға, оларға ұқыппен қарауға міндетті. Бұл туралы «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік рәміздер туралы» конституциялық заңының 13-бабында айқын көрсетілген. Сонымен қатар бекітілген стандарттарға сәйкес, рәміздерді жыртылған, кірленген, тозған қалпында қолдануға жол берілмейді. Себебі, ол – Тәуелсіздік нышандарын қастерлеудің алғышарттары. 

Осы RSS каналға жазылу