Баршаны Отанды сүюге, мемлекеттік рәміздерді, ана тілді құрметтеуге шақыратын шарада алдымен мемлекеттік әнұран орындалды. «NurOtan» партиясы Сарыағаш аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Қ.Қыстаубаев акцияның негізгі мақсатына тоқталып, мемлекеттік рәміздердің құндылығын атап өтті. Мемлекеттік рәміздерді насихаттау арқылы оларға құрмет көрсету, азаматтардың туған елге деген патриоттық сезімін оятуды мақсат еткен шараға мәдениет үйі, кітапхана қызметкерлері және ерікті жастар мен партия мүшелері қатысты. Іс-шара соңында аудандық мәдениет үйінің өнерпаздары шарықтата ән шырқап, көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Жалпы, мемлекеттік туға деген қазақстандықтардың құрметі күллі мемлекетті һәм отбасыны көздің қарашығындай сақтауға үндейтіні мәлім.
«AQ-QARA.KZ»-ақпарат.