Super User

Super User

Түркістан облысында балаларды оңалту орталықтарының қызметі жанданады

Түркістан облысы әкімінің орынбасары Қанат Қайыпбек Ұлттық балаларды оңалту орталығының басқарма төрағасы Ажар Ғиниятпен кездесті. Кездесу барысында облыстағы мүмкіндігі шектеулі балаларға көрсетілетін оңалту қызметінің сапасы мен деңгейі, сондай-ақ осы саладағы өзекті мәселелер мен оларды шешу жолдары, қызметті одан әрі дамыту бағыттары жан-жақты талқыланды.

Үкіметте Президенттің «Таза Қазақстан» бастамасын жүзеге асыру барысы қаралды

ҚР Премьер-министрі Олжас Бектенов Президенттің «Таза Қазақстан» бастамасын жүзеге асыру барысына мониторинг жүргізу орталығының отырысын өткізді. Онда қоршаған ортаны қорғау және халықтың экологиялық мәдениетін қалыптастыруда цифрлық технологиялар қолдану мәселелері қаралды.

Созақ ауданының орталығында жаңа заманауи кітапхана ашылды

Таяуда Созақ ауданының орталығы – Шолаққорған ауылында мәдениет пен руханияттың маңызды ордасы саналатын жаңа кітапхана ғимараты пайдалануға беріліп, ел игілігіне табысталды. Заманауи үлгіде бой көтерген кітапхананың ашылу салтанатына аудан әкімі Мұхит Тұрысбеков, аудандық мәслихат төрағасы Ордабек Жәмиев, облыстық мәслихат депутаты Бегімбет Байғараев, ауданның ардагерлері, ақ жаулықты әжелер мен ауыл тұрғындары қатысты.

Түркістан қаласы әкімінің төрағалығымен шаһарды дамыту бағытындағы жұмыстардың қорытындысына арналған мәжіліс өтті

Түркістан қаласы әкімінің төрағалығымен қала дамуының негізгі бағыттары бойынша атқарылған жұмыстардың қорытындысы қаралды. Күн тәртібінде орындаушылық тәртіптің жай-күйі, хаттамалық тапсырмалардың орындалу барысы, халықпен кездесулер мен жеке қабылдауларда берілген тапсырмалардың жүзеге асырылуы, сондай-ақ арыз-шағымдар мен өтініштердің қаралу нәтижелері талқыланды.

Осы RSS каналға жазылу