ТҮРКІСТАН: НЕГІЗГІ БАСЫМДЫҚ – ХАЛЫҚТЫ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ
Бүгінде мемлекет халықты жұмыспен қамту бағытына ерекше назар аударып отыр. Бұл мәселе тұрғындарының 75 пайыздайы ауылды жерлерде тұратын Түркістан облысы үшін айрықша маңызға ие. Сол себепті облыс әкімі Нұралхан Көшеров жұмыспен қамту жұмыстарының жүйелі әрі сапалы түрде орындалуын өзі бақылап отырады.