ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ АППАРАТТЫҚ МӘЖІЛІСТЕ МАҢЫЗДЫ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРДІ ТАЛҚЫЛАДЫ
Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбековтің төрағалығымен өткен аппараттық мәжілісте еңбек заңнамасының сақталуы, тұрғын үйлерді басқару жүйесін жетілдіру және әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағаларын тұрақтандыру мәселелері қаралды.