А.Шайымова студенттерге қызмет көрсету орталығының жұмысымен танысты

Өңірге арнайы іссапармен келген Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары А.Шайымова Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ-де студенттерге қызмет көрсету орталығының жұмысымен танысты. 

Негізгі басымдық: жастар өз болашағын дұрыс жоспарлауы тиіс

Сәрсенбіде Түркістан облысына іссапармен келген Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары А.Шайымова Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университетінің студенттерімен кездесті

Агенттік төрағасының орынбасары сыбайлас жемқорлыққа қарсы сүйемелдеуге алынған компания жұмысымен танысты

Бизнесті қорғау, қолайлы инвестициялық жағдай жасау және кәсіпкерлер үшін сыбайлас жемқорлық деректері бойынша қысымдарды төмендету Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің басым бағыттарының бірі болып табылады. 

Агенттік төрағасының орынбасары Түркістан облысының активімен кездесті

Апта сәрсенбісінде Түркістан облысының әкімдігінде өңірге іссапармен келген Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары А.Шайымова облыс активімен кездесті. 

«Түркістан – адалдық алаңы» жобалық кеңсесі ашылды

Осы аптаның сәрсенбісінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары Айгүл Амантайқызы Шайымованың Түркістан облысына іссапары барысында «Түркістан – адалдық алаңы» жобалық кеңсесі ашылды. 

Өз баспаханасы бар аудандық газетті іздесеңіз, Түлкібасқа келіңіз

Құдайшылығын айту керек қой, құрылтайшылары аудан-қала әкімдіктері саналатын және сол жергілікті биліктің ақпараттық саясатын жүргізіп отырған басылымдардың ішінде басыбайлы баспахана тұрмақ баспанаға зәрулері де баршылық. Өзінің ғимараты болмаған соң, талай редакция ұжымының көшіп-қонуға мәжбүр екенін көзіміз көріп жүр. Атын атап, түсін түстемей-ақ қояйық, бірақ терең тарихы бар кейбір газеттер әбден тозығы жеткен нысанның бөлмелерін жалдап немесе әкімдіктің бір ғимаратының бұрышын сағалап, оқырманға жол тартып келеді. Ал Түлкібас ауданының «Шамшырақ» қоғамдық-саяси газетін бағы жанғандардың қатарына ұялмай-ақ қосар едік. 

Түркістан облысы: Бәйдібек ауданында Тұңғыш Президент күні жаңа мәдениет үйінде аталып өтті

Ағыбет ауылындағы жаңадан пайдалануға берілген мәдениет үйінде «1 желтоқсанҚазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні» мерекесі аудандық деңгейде аталып өттіШараға қатысқан аудан басшысы Бақытбек Танагөзов аудан тұрғындарын аталмыш мерекемен құттықтады

Сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен еліміздің және оның астанасының қалыптасуы мен дамуына елеулі қосқан үлесі үшін «Астанаға 20 жыл» мерекелік медалімен Бәйдібек аудандық орталық ауруханасының фельдшері Маханбет Туғанбаевты және ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан сүбелі үлесі үшін еңбек ардагерлері Мыңбұлақ ауылдық округінен Мейрамбек АқбергеновтіБоралдай ауылдық округінен Жолдас Байкенжеұлын, Жамбыл ауылдық округінен Совет Бейсенбиевті, Ақбастау ауылдық округінен Кәдірхан Мыңбаевты, Алғабас ауылдық округінен Адырбек Нұрбекұлын, Көктерек ауылдық округінен Естеміс Тұрлыбековті аудан әкімінің алғыс хатымен марапаттады.

Жерлестерінің қуанышымен бөлісуге келген айтыскер ақын, республикалық және халықаралық айтыстардың жүлдегері Біржан Байтуов мерекелік құттықтау сөз сөйлеп, өзінің жүрекжарды лебізін арнаумен жеткізді

Шарада «Шаянға барсаң, әншімін деме» облыстық ән байқауының бас жүлде иегерлері Қ.Қасенов, М.Бөбеев жергілікті сазгер Жарылқасын Дәулеттің «Шаянды аңсау» әнін орындаса, аудандық мәдениет үйінің өнерпаздары әннен «Елбасы», «Жаңа ғасыр - Қазақстан», «Есілдің жағалауы», «Ауылым» және тағы басқа әндер орындап, ауыл тұрғындарының қошеметіне бөленді.

«AQ-QARA.KZ»-ақпарат.

Түркістан облысы: Теріскейде Тұңғыш Президент күні мерекеленді

Аудан орталығындағы «Мыңжылқы» мәдениет сарайында Тұңғыш Президент күніне арналған салтанатты жиын болды. Жиынға аудан әкімдігі бөлімдерінің басшылары мен қызметкерлері, түрлі мекеме басшылары, мұғалімдер мен тұрғындар қатысты.