Дүйсенбі, 11 Қараша 2019 22:25

Түркістан облысы: Сайрам ауданы шенеуніктері тұрғындардың өтініштеріне құлақ түрді

Бүгін аудан әкімі Бақтияр Мамаев, Түркістан облыстық мәслихат депутаты, облыстық өзбек этномәдени бірлестігінің төрағасы Бадритдин Нишанкулов, «Нұр Отан» партиясы Сайрам аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары А.Әбдіқадыров, аудан әкімінің орынбасары Мадияр Оразалиев, Түркістан облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» ҚММ Сайрам аудандық филиалы басшысы А.Сайтмуратов «Нұр Отан» партиясы Сайрам аудандық филиалының мәжіліс залында аудан тұрғындарының арыз-шағымдары бойынша қоғамдық қабылдау өткізді. 

Олар қабылдауға келген Ақсукент, Қарабұлақ, Манкент, Көлкент ауыл округі тұрғындарының өтініштерін мұқият тыңдады. Өз кезегінде қалың бұқараның шешімін таппай жүрген мәселелерінің шешілу жолдары қарастырып, оларға заңды түрде кеңестер берді. Жалпы, билік өкілдерінің халықпен бұлай жиі кездесіп, талап-тілектері мен мұң-мұқтаждарына құлақ түруі арқылы жергілікті жердегі әлеуметтік шиеленістердің алдын алып, қоғамдық тұрақтылықты сақтауға әбден болады.

«AQ-QARA.KZ»-ақпарат.

Оқылды 818 рет