Отырар: аудан басшысы Ақтөбе және Шілік ауыл округтерінің тұрғындарымен кездесті

Аудан әкімі Сәкен Сұлтанхановтың кезекті халықпен кездесу жиыны Ақтөбе және Шілік ауыл округтерінде жалғасын тапты. Кездесуде аудан басшысы тұрғындардың көкейінде жүрген сауалдарына жауап беріп, өтініштерін тыңдады.

ТҮРКІСТАН: ЖАҢА САЯСИ ТҰҒЫРНАМА АЗАМАТТАРДЫҢ САПАЛЫ ӨМІР СҮРУІНЕ БАҒЫТТАЛҒАН

«AMANAT» партиясының төрағасы Е.Ж.Қошанов партияның кезектен тыс ХХІV Съезін 2022 жылдың 6 қазан күні өткізу туралы шешімін жариялаған еді.

Осыған орай, «AMANAT» партиясы Түркістан қалалық филиалы жанынан құрылған "Мейірімді шуақ" бастауыш партия ұйымының жиналысы өтті.

Жиынға «AMANAT» партиясы Түркістан қаласы «Мейірімді шуақ» БПҰ төрағасы Тілепова Айгүл және партия мүшелері қатысты.

Жиын барысында "Мейірімді шуақ"БПҰ- төрағасы Айгүл Өтегенқызы баяндама жасап, партия мүшелерімен «AMANAT» партиясының Саяси тұғырнамасы қызу талқыланды.

Кездесудің күн тәртібінде ел президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың “

ХАЛЫҚ БІРЛІГІ ЖӘНЕ ЖҮЙЕЛІ РЕФОРМАЛАР – ЕЛ ӨРКЕНДЕУІНІҢ БЕРІК НЕГІЗІ” атты жолдауын насихатталып,баяндама жасалынды.

Айгүл Өтегенқызы “AMANAT” партиясы жаңа өзгеріске қадам басқан еліміздің жетекші партиясы екенін айта келе, партияның алдағы уақытта атқарар жұмыстары көп екенін айтты.

-Қазіргідей жаһандану дәуірінде мемлекеттегі негізгі ұлттың өз болмысы мен дәстүрін сақтауы оңайға соқпайды. Әсіресе, 130-дан аса ұлт пен ұлыс мекен еткен біздің елімізде ұлттық құндылықтарды ұлықтау ең негізгі міндет. Партияның жаңа саяси тұғырнамасында мемлекет құраушы негізгі ұлтқа басымдық бере отырып, отандастарымыздың сапалы білім мен қолжетімді медицина қызметімен қамтылуы атап өтілген. Оған қоса мемлекеттік тіл – қазақ тілі ғылым мен білімнің, өркениеттің тіліне айналуы тиіс делінген. Бұл құптарлық идея,-деді Айгул Өтегенқызы.

Сонымен қатар, ағымдағы жылдың 29-шы қыркүйек күні өтетін «AMANAT» партиясы Түркістан қалалық филиалының кезектен тыс XLVI (46) конференциясына партия мүшелерінің дауысқа салуы арқылы делегаттар бірауыздан сайланды.

Президент Шымкент мұнай өңдеу зауытының өндірістік қуатымен танысты

Қасым-Жомарт Тоқаев Шымкент қаласына жұмыс сапары барысында Шымкент мұнай өңдеу зауытына барды.

Зауытты басқарушы компания – «Петро Қазақстан Ойл продактс» ЖШС-нің президенті Ерболат Қожабаев Мемлекет басшысына қайта жаңғыртудан өткен өндірістің қазіргі жұмысы туралы баяндады.

Бүгінде зауыттың жобалық қуаты жылына 6 миллион тонна мұнай өңдей алатын деңгейге жетіп, К-4, К-5 экологиялық санатындағы жанар-жағармай өндіре бастаған.

Бұдан кейін зауыт жұмысшыларымен әңгімелескен Президент өндіріс орнының стратегиялық маңызына тоқталды.

– Қазір зауыт ішкі нарықтың 40 пайызын қамтамасыз етіп отыр. Өнімнің сапасы да жақсарды. Бұл – өте ауқымды жұмыс. Осының бәрі сіздердің, яғни жұмысшылардың қажырлы еңбегінің арқасында мүмкін болып отыр, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Соңғы үш жылда зауыттың бензин өндірісі 2,1 миллион тоннаға, авиакеросин өндірісі 340 мың тоннаға, дизель отыны 1,9 миллион тоннаға дейін артқан. Өнім толықтай ішкі нарыққа өткізіледі.

Айта кетейік,  Шымкенттың мұнай өңдеу кешенінің құрылысы 1972 жылы басталды. 1986 жылдың қаңтар айында 400-ші секция (газдық фракциялау қондырғысы) іске қосылды. Осы кезден бастап зауыт толық сулба бойынша жұмыс істей бастады, сөйтіп қуатын жылына 6 млн. тоннаға жеткізді. Шымкент МӨЗ-ның жобалық қуаттылығы жылына 5,25 млн тонна немесе шамамен 40,65 млн баррель мұнайды құрайды. Еліміздегі мұнай өнімдері өндірісінің жалпы көлемінің үштен бірінен астамы Шымкент мұнай өңдеу зауытының еншісінде. «Petro Kazakhstan Oil Products» ЖШС бензин мен дизельдік отынның бірнеше маркасын, мазут, реактивтік отын мен сұйылтылған газ шығарады. Бүгінгі таңда «ПКОП» ЖШС-да озық технологиялар, цифрландыру, өндірістік процестерді жетілдіру салалары бойынша халықаралық тәжірибелер кеңінен қолданылуда.

Қасым-Жомарт Тоқаев Шымкентке келді

Мемлекет басшысы жұмыс сапарымен Шымкент қаласына келді. Жергілікті жұртшылық алдында сөйлеген сөзінде Президент Шымкентті еліміздегі табиғаты да, тұрғындарының ықылас-пейілі де ерекше ыстық жердің бірі ретінде атап өтті.

 – Қазақ руханиятында Шымкент шаһарының орны бөлек. Бұл – ұлт дәстүрінің берекелі бесігіне айналған қала. Сондай-ақ қазақы қасиет пен ыстық ықыластың символы. Бұл – үздік мәдениет пен ұлттық этикеттің тоғысқан жері. Ұлыларды ардақтау, үлкенді сыйлау – сіздердің басты ұстанымдарыңыз. Шымкент – ұлтымыздың өсіп-өнген, көктеп-көбейген мерейлі мекені. Сондықтан мен шырайлы қаланың халқын Жерұйығын тапқан жұрт деп сеніммен айтамын, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президент патриотизм, Отансүйгіштік жайында да сөз қозғады.

«Былтыр стадионда футбол матчы болып жатқанда спорт кешенінің шатыры тудың тұғырын басып қалғаны елдің есінде. Сол кезде тұрғындар қауіп-қатерге қарамастан, шатырдың астынан Көк байрағымызды алып шықты.  Шынайы отаншылдық осындай әрекеттен көрінеді. Құр сөзден түк шықпайды. Алаңдарға шығып, жалған ұран тастап жүргендердің, меніңше, нағыз Отансүйгіштікке ешқандай қатысы жоқ.  Қастерлі туымызды жерге түсірмей алып шыққан бірнеше жігіт бүгін ортамызда отыр. Олардың Отанға деген адалдығын жастарға үлгі етуіміз керек.

Осыған орай, мен Әбілқайыр Дәулетов, Бекмұрат Қараев және Нұркен Намазға алғысымды жариялаймын»,-деді Президент.  Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Шымкент жұртшылығымен кездесуінде Шымшаһардың экономикасы жайлы да айтты.

Шымкентті дамытуға 170 миллиард теңге қаржы бөлінді;

1,5 триллион теңгеден астам инвестиция тартылды;

қала бюджеті 4 есе өсті;

қаладағы өнеркәсіп өнімі 65 пайызға артты;

аумағы 2,5 миллион шаршы метрден асатын тұрғын-үй салынды;

соңғы жылдары шағын және орта бизнестің жалпы өңірлік өнімдегі үлесі 40 пайызға жетті, осы салада 180 мыңға жуық адам жұмыс істейді;

соңғы кезде шаһарға іргелес жатқан 41 елді-мекен қосылды;

инженерлік инфрақұрылымның қуатын арттыруға 4 жылда республика бюджетінен 135 миллиард теңгеге жуық қаржы бөлінді;

жылдың соңына дейін 15 мың тұрғыны бар Құрсай аумағына ауыз су жеткізіледі;

Шымкентте 5 жылдың ішінде 101 мектеп салу жоспарланған;

қалада соңғы екі жылда 50 жекеменшік мектеп ашылды,-деді Қ.Ж.Тоқаев.

 

 

Отырар: үйлестіру кеңесінің мәжілісі өтті

Отырар ауданы әкімінің орынбасары Айдос Құлмахановтың төрағалық етуімен аудан әкімдігі жанындағы халық денсаулығын қорғау мәселелері жөніндегі үйлестіру кеңесінің мәжілісі болып өтті.

ТҮРКІСТАН: СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ ЖӨНІНДЕГІ ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСТІҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

Сыбайлас жемқорлықсыз адал қоғам құру – мемлекет саясатының басым бағыттарының бірі болып табылады.

Осы орайда, «AMANAT» партиясы Түркістан қалалық филиалының мәжіліс залында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңес отырысы өтті.

Отырыста қала тұрғындарын табиғи газбен қамту жұмыстарының барысы, мердігерлер тарапынан сапалы жұмыстар жүргізілуі бағытында атқарылып жатқан жұмыстар бойынша «Қаз Транс Газ Аймақ» АҚ ТӨФ директордың бірінші орынбасары Е.Б.Балабеков баяндама жасап, қоғамдық кеңес мүшелеріне есеп берді.

Отырысқа партия филиалы жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңестің төрағасы Ғ.Худияров және кеңес мүшелері қатысты.

Отырыс барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекет бойынша заңдылықтың, тәртіптің сақталуы, қабылданып жатқан шаралардың жай-күйі, Түркістан қаласы бойынша тұрғындарға бет есеп ашылуы, техникалық шарттар, мердігерлер тарпынан атқарылып жатқан жұмыстар жайында талқыланды.

Жиын барысында кеңес мүшелері тарапынан баяндамашыға бірқатар сұрақтар мен нақты ұсыныстарын жеткізіп, олардың орындалуы бақылауға алынды.

ТҮРКІСТАН: БАСТАУЫШ ПАРТИЯ ҰЙЫМ ТӨРАҒАЛАРЫМЕН ЖИНАЛЫС ӨТТІ

Бүгін «AMANAT» партиясы Түркістан қалалық филиалында, бастауыш партия ұйымдарының төрағаларымен арнайы жиын өтті. Жиын барысында партия филиалының Атқарушы хатшысы Ғаппар Амантайұлының Президент Жолдауының негізгі бағыттарын айшықтап, басымдық берілген тұстарын тілге тиек етті.

Сондай-ақ БПҰ тарапынан ағымдағы жылы атқарылған жұмыстарға тоқталып өтті. БПҰ төрағаларына бірқатар нақты тапсырмалар жүктеп, атқарылатын жұмыстар бойынша бағыт-бағдар берді. Соның ішінде бастауыш ұйымдарға жарна есебінен қайтарылатын 20% пайыздық қаражаттың мақсатты жұмсалуы мен игерілуіне назар салып, арнайы іс-шаралар жоспары түзіп, жүйелі жұмыстарды жолға қою қажет екендігін жеткізді.

Сонымен қатар партияның сапалық құрамын арттыра отырып жұмыстар жүргізуді тапсырды.

Алдағы саяси науқандарға сақадай сай болып, партияның алға қойған мақсаттары мен міндеттерін бірлесе орындауға шақырды.

Бастауыш партия ұйымы - «AMANAT» партиясының негізгі тірегіне, шынайы күшіне айналды.

Бастауыш партия ұйымының мақсаты – партияның жарғылық мақсаттары мен міндеттерін, бағдарламалық құжаттарын халық арасында түсіндіру және іске асыру, сондай-ақ партия мүшелері мен жоғары тұрған партия құрылымдарының арасында тұрақты кері байланысты қамтамасыз ету болып табылады.

Президент Жолдауын, басқа да бағдарламаларын жүзеге асыруда БПҰ-ның рөлі ерекше екенін әрдайым айтып келеді.

 

ШЫМКЕНТ: ҚАЗАҚСТАН МЕН ӨЗБЕКСТАН АРАСЫНДАҒЫ ДИПЛОМАТИЯЛЫҚ БАЙЛАНЫСҚА – 30 ЖЫЛ ШАРАСЫ ӨТТІ

 

Шымкентте Қазақстан және Өзбекстан Республикалары арасындағы дипломатиялық байланыстардың орнатылғанына 30 жыл толуына орай халықаралық конференция өтті. «Қазақстан халқы Ассамблеясының халықаралық қатынастарды дамытудағы рөлі» тақырыбы аясында өрбіген басқосу Достық үйінде ұйымдастырылды.

Жиынға ҚХА Ассамблеясы Төрағасының орынбасары, ҚР Президенті Әкімшілігі ҚХА Хатшылығының меңгерушісі Марат Әзілханов, Өзбекстан Республикасы Министрлер кабинеті жанындағы ұлтаралық келісім және шет ел мемлекеттерімен достық байланыстары комитеті төрағасының орынбасары Азамат Ташев, Өзбекстан Республикасының Қазақстандағы бас консулы Аброр Фатхуллаев, Шымкент қалалық ішкі саясат және жастар ісері жөніндегі басқарма басшысы Мұратжан Шотанов және зиялы қауым өкілдері, ардагерлер этомәдени бірлестіктердің жетекшілері қатысты.

Қазақстандағы өзбек этномәдени бірлестіктері «Дустлик» қауымдастығының төрағасы Икрам Хашимжанов жүргізіп отырған мәжілісте алғашқы баяндаманы ҚХА Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов жасады.

– Құрметті бауырлар! Қазақстанға қош келіпсіздер! Түбі бір бауырлас елдер арасындағы берекелі бірлік жолын жалғауды көздеген халықаралық конференцияның маңызы зор. Қазақстан өзбектері этномәдени бірлестіктері «Дустлик» қауымдастығы ұйытқы болған жиынның шырайлы Шымкентте өткізілуі тегін емес. Екі ел арасындағы байланысты нығайтуда Шымкент қаласының да орнын атап өткен жөн деп санаймын. Баршаңызға мәлім, 1992 жылы Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастар орын алып, көршілес елдер арасында мәңгілік достық туралы шартқа қол қойылды. Биыл Қазақстан және Өзбекстан арасындағы дипломатиялық байланыстардың орнатылғанына мерейлі 30 жыл толып отыр. Осы жылдар арасында бауырлас елдер арасындағы байланыс тек сөзбен емес, нәтижелі істермен де дәленденді. Екі ел арасындағы тамыры тереңде жатқан бекем байланыс бүгінде барлық салада қарқынды дамып, жаңа деңгейге көтерілді. Қазіргі таңда Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы іскерлік байланыстың нәтижесінде екі ел арасындағы тауар айналымының көлемі биыл 27 пайызға артты. Экономикалық байланыстар гуманитарлық әріптестікпен жалғасын тауып, білім, мәдениет, руханият салаларында өзара сенім мен құрметке негізделген ынтымақтастығымыз артып отыр, – деді Марат Алмасұлы.

Бұдан кейінгі сөзді Шымкент қалалық ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқарма басшысы Мұратжан Шотанов алды.

– Құрметті қонақтар, еліміздің үшінші мегаполисіне қош келіпсіздер! ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі конференция қатысушыларына құттықтау хат жолдап отыр. Шымкент қаласының әкімі Мұрат Дүйсенбекұлының да өздеріңізге деген құрметі мен ыстық ілтипатын жеткізуге рұқсат етіңіздер. Конференция халықаралық байланыстарды нығайтудағы Қазақстан халқы Ассамблеясының рөлін ашып көрсетуге арналған. Ортақ мүдде мен өзара сенімге негізделген әріптестік қашан да бейбіт күніміздің кепілі. Қоғамдағы өзара сенім, азаматтық келісім және ел бірлігі Қазақстан халқы Ассамблеясының басты мақсаты болып қала береді, – деді Мұратжан Шүкірханұлы.

Жиын барысында Өзбекстаннан келген мәртебелі қонақтар мен зиялы қауым өкілдері сөз алып, екі ел арасындағы байланыстың тамырын тереңдетудің маңызы туралы пікірлерін бөлісті.