Биылғы алапат су тасқынымен күрес – халықтың бірлігін көрсетті. Халық бір кісідей жұмылып, ауызбірліктің, ұйымшылдықтың ерен үлгісін танытты. Батыс өңіріндегі су тасқыны салдарын жоюға аудандық Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері де қатысып, үш ай бойы табиғи апатпен күресте табанды қызмет етті.
Марапатталған азаматтардың арасында Маяқұм ауылындағы №30 Өрт сөндіру бекетінің бастығы азаматтық қорғау аға лейтенанты Қазбек Нұржанұлы да бар. Ол өз жұмысына жауапкершілікпен қарап, өзіне жүктелген міндеттерді мінсіз атқарып келеді. Өнегелі ісімен көпке үлгі болған азамат кәсіби шеберлігі мен қайырымдылық шараларына белсене қатысқаны үшін Түркістан облысы әкімінің алғыс хатымен марапатталған болатын.
Айта кету керек, су тасқыны салдарын жоюға және зардап шеккен азаматтарды қолдау шараларын жүзеге асыруға бағытталған жоспарлы жұмыстар жалғасуда. Мемлекет Басшысының тапсырмасымен су тасқынынан зардап шеккендерге үкімет тарапынан тиісті көмектер көрсетіледі.
«WWW.AQ-QARA.KZ» - ақпарат