ТҮРКІСТАН: САУРАНДА ЖАҢА ҒИМАРАТ АШЫЛДЫ

Түркістан облысы, Сауран ауданында Ұлттық қауіпсіздік комитетінің жаңа әкімшілік ғимараты пайдалануға берілді. Бұл нысанда қауіпсіздік қызметкерлеріне қолайлы жағдай жасалған. Нысанның ашылуына Түркістан облысының әкімі Н.Көшеров, ҚР ҰҚК Түркістан облысы бойынша департаментінің бастығы Б.Қалмұрзаев және сала ардагерлері қатысты.

БАСТЫ МІНДЕТ - ХАЛЫҚҚА БЕРГЕН УӘДЕНІ ОРЫНДАУ

Түркістанда «AMANAT» партиясының Түркістан облыстық мәслихатындағы депутаттық фракциясының мәжілісі өтті. Мәжілісті партияның облыстық филиалының төрағасы, фракция жетекшісі Алтынсары Үмбеталиев жүргізіп отырды.

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің келісімімен облыс әкімінің орынбасары лауазымына Талғат Жапарханұлы Қозбеков тағайындалды. Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров облыс активіне жаңа орынбасарын таныстырып, өңірді дамыту бағытында маңызды міндеттер жүктеліп отырғанын айтты. Алдағы жұмысына сәттілік тіледі.

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕ КІРУДІҢ ЖАҢА ЖҮЙЕСІ

Мемлекет басшысының мемлекеттік қызметке кіру кезінде артық кедергілер мен тосқауылдарды жою, азаматтар үшін мемлекеттік қызметтің барынша ашықтығы мен қолжетімділігін қамтамасыз ету туралы тапсырмасына сәйкес, Заңнамаларға бірқатар өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.

ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫ ЕРЕКШЕ МӘРТЕБЕГЕ САЙ ЖАНДАНАДЫ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Түркістан қаласының ерекше мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды. Осыған орай Түркістан облысы әкімінің бірінші орынбасары Зұлпыхар Жолдасов Заңдағы бастамаларды өңірде жүзеге асыру мақсатында тиісті сала өкілдерімен кездесу өткізді. Онда Түркістанды дамыту бағытындағы жұмыстарды жаңғырту талқыланды.

ҚАЗАҚ-ӘЗЕРБАЙЖАН ЫНТЫМАҚТАСТЫҒЫН ДАМЫТУ: ОЛЖАС БЕКТЕНОВ БАКУГЕ РЕСМИ САПАРМЕН БАРДЫ

Премьер-министр Олжас Бектеновтің Бакуге ресми сапары аясында Әзербайжан Республикасының Президенті Ильхам Әлиев қабылдады. Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың жылы лебізі жеткізілді, деп хабарлайды Primeminister.kz.

ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ ПРЕМЬЕР-МИНИСТР ОЛЖАС БЕКТЕНОВТІ ҚАБЫЛДАДЫ

Президентке экономиканы әртараптандыру мен нақты сектордағы ауқымды бағдарламаларды қолдау арқылы ынталандыруға және инфрақұрылымды жаңғыртуға қатысты бұған дейін берген тапсырмаларының орындалу барысы таныстырылды.