САУРАН АУДАНЫ: ЖОЛ САПАСЫ МЕН АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫН ҚОРҒАУ ШАРАЛАРЫ КҮН ТӘРТІБІНДЕ

Сауран ауданының әкімі Мақсат Таңғатаровтың төрағалығымен аппараттық мәжіліс өткізілді. Мәжіліс барысында екі маңызды мәселе қаралды. Алдымен, аудан көлемінде жол саласы бойынша атқарылып жатқан жұмыстар мен алдағы жоспарлар жөнінде Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Жолдас Мырзабеков кеңінен баяндады.

СОЗАҚ АУДАНЫ ОРТАЛЫҒЫНДА АУҚЫМДЫ ЖОБАЛАРДЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ БАСТАЛДЫ

Аудан әкімі Мұхит Тұрысбеков Шолаққорған ауылының ішкі көшелерінде атқарылып жатқан жұмыстардың барысымен танысып, кешенді дамыту шараларының сапасын бақылауға алды. Атап айтқанда, орталық маңызы бар С. Қожанов және Жібек жолы көшелеріндегі абаттандыру жұмыстары басталды. Алғашқы қадам ретінде жаяу жүргіншілер жолдарының құрылысы жүргізілуде. Бұл жоба тұрғындардың жүріп-тұруын жеңілдетіп, көшенің көркін арттырады.

СОЗАҚ АУДАНЫ: ШУ ӨЗЕНІ СУЫНЫҢ КӨЛЕМІН АРТТЫРУ МӘСЕЛЕСІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Созақ ауданына соңғы 5 жылда алғаш рет 1 млрд 380 млн текше метр су келді. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 300 млн-ға көп. Ең алдымен, Тасөткел су қоймасы жөнделіп, сыйымдылығы 450 млн текше метрден 620 млн-ға дейін ұлғайтылды. Бұл Созақ ауданына қосымша 200 млн текше метр су жіберуге мүмкіндік береді.

Сауран ауданында мемлекеттік қызметтерді алу тәртібі түсіндірілді

Мемлекеттік қызметті дамытудың 2024–2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы аясында, 2025 жылғы 8 сәуір күні «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының Сауран аудандық филиалында азаматтарға арналған түсіндірме іс-шарасы өткізілді.

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА АЛҒАШ РЕТ ЖАСЫРЫН МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕРДІ АНЫҚТАУ БОЙЫНША СЕМИНАР ӨТТІ

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет – көрсетілетін қызметті алушылардың өтініш жасауы бойынша немесе өтініш жасауынсыз жүзеге асырылады. Олардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін іске асыруға, оларға тиісті материалдық немесе материалдық емес игіліктер беруге бағытталған.

ТҮРКІСТАН: САЙРАМДА «ЗАҢ МЕН ТӘРТІП» ҚАҒИДАТЫ АЯСЫНДА ФОРУМ ӨТТІ

Сайрам ауданында құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету мақсатында «Заң мен тәртіп» атты форум өтті. Шараға аудан әкімінің орынбасары Сержан Дүйсебаев, ҚМДБ ұстазы Қабылбек Әліпбайұлы, аудандық прокуратура мен ауданның құқық қорғау органдарының өкілдері, мемлекеттік қызметшілер, құқықтық тәртіпке жауапты тұлғалар мен қоғам белсенділері қатысты.

ШЫМКЕНТТЕ ЖАС ПАТРИОТТАР «ЖАС БҮРКІТ» ҚАТАРЫНА ҚОСЫЛДЫ

ҚР ІІМ Ұлттық ұланы 6506 әскери бөлімінің әскери қызметшілері, бригада командирінің тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасары подполковник Бауыржан Шораевтың басшылығымен Шымкент қаласының №68 жалпы білім беретін мектебінде «Жас Бүркіт» әскери-патриоттық сыныбын ашты. Бұл іс-шара өскелең ұрпақтың бойында патриоттық сезімдер мен азаматтық жауапкершілікті қалыптастыру бағытындағы маңызды қадам болды.

САЙРАМ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

Шымкенттегі Сайрам тұрғын алабында тұрғындармен кездесу өтті. Іс-шараның негізгі мақсаты – тұрғындардың құқықтық сауаттылығын арттыру, қоғамдық келісім мен тұрақтылықты нығайту, сондай-ақ, жергілікті деңгейде өзекті мәселелерді шешу үшін бірлескен жұмыс жүргізу болып табылады.