Түркістан: Дархан Сатыбалды Сауран ауданында «Ауыл аманаты» жобасын жандандыруды тапсырды
Түркістан облысында «Ауыл аманаты» жобасы бойынша 16 ауданнан 64 ауылдық округ анықталып, 75 кооператив құрылды. Жобаны қаржыландыруға республикалық бюджеттен 19,8 млрд. теңге қаржы бөлінді. Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды Сауран ауданына іссапарында «Ауыл аманаты» жобасы бойынша атқарылып жатқан жұмыстармен танысты.