Сәрсенбі, 28 Мамыр 2025 21:30

Ордабасы ауданы: Жастар ресурстық орталығының жұмысы сараланды

Бүгін Ордабасы ауданы әкімінің орынбасары Илияс Тұрнияз аудандық Жастар ресурстық орталығының қызметкерлерімен кездесіп, жиын өткізді.

Жиында орталық қызметкерлерінің жұмыс барысы, белсенділігі, жауапкершілігі, олардың қызметтерінің аудан жастарына тиімділігі, орталықтың тиісті шараларды жүргізуге мүмкіндігі жайында талқыланды. Жиын барысында аудан әкімінің орынбасары жоғарыдағы мәселелер бойынша бірқатар атқарылуы қажет міндеттерді саралап, нақты тапсырмалар жүктеді.

Айта кетсек, әрбір өңір, аудандарда құрылатын жастар ресурстық орталығы – жастардың әлеуметтік және тұлғалық дамуына жәрдемдесетін және жастар ұйымдарының қызметіне қолдау көрсететін ұйым.

«WWW.AQ-QARA.KZ» - ақпарат

Оқылды 38 рет