Қаржылық сауатты арттырып, кәсіпкерлікті дамыту – өз қолымызда

Президент Жолдауында еңбек өнімділігінің нақты өсімін кем дегенде 1,7 есеге арттыру керегін айтты. Елімізді өңірдегі көшбасшы ретінде танытып, Орта Азиядағы беделімізді арттыру – стратегиялық міндет екенін де белгілеп берді. 

Бүгінде қарқынды дамыған экономикаға мән беріліп отыр. Яғни, шикізатқа байланған менталитеттен бас тартып, экономиканы әртараптандыруға назар аударған жөн. «Шағын, әсіресе, микробизнес еліміздің әлеуметтік-экономикалық және саяси өмірінде маңызды рөл атқарады. Атап айтқанда, ең алдымен ауыл тұрғындарына тұрақты жұмыс береді, жұмыссыздықты азайтады. Сонымен қатар, салық базасын құрап, жергілікті бюджетті нығайтады. Сондай-ақ, жаппай кәсіпкерлікті дамыту санаға сіңген патерналистік пиғыл мен масылдықтан арылуға мүмкіндік береді. Сондықтан мемлекет алдағы уақытта да бизнеске қолдау көрсете бермек. Бұл мақсатқа Ұлттық қордан 100 миллиард теңгеге жуық қаржы бөлінді», – деді Президент Жолдауда.

Бұл елімізде жаппай кәсіпкерліктің дамытудың зор мүмкіндігі. Әсіресе, жастар мұндай қолдауды сезінуі тиіс. Мемлекеттің ұсынып отырған қаржылық мүмкіндіктерін – субсидиялау, жеңілдетілген несие, шағын және орта бизнесті дамыту, т.б., игіліктерді пайдалана білу үшін жүйелі қаржылық сауат керек. Қазір ақпараттық білім беру орталықтары ашылып, тұрғындарға тегін кеңес берілуде. Жалпы айтқанда, ел тұрғындарының қаржылық сауатын арттырып, кәсіпкерлікті дамытуы – өз қолдарында. Қарапайым тұрғындардың өз капиталын молайтуға мүмкіндік мол.

Айгүл ТӨЛЕМЕТОВА, э.ғ.к, профессор.

Түркістан облысы: Арыс қаласындағы №5 сектордағы құрылыс жұмыстары аяқталды

Қарағанды облысы мен Төлеби ауданына тапсырылған №5 сектордағы 11 қабатты үйдің 519 пәтеріне және 72 жеке тұрғын үйге жөндеу жұмыстары жүргізіліп бітті. Осыған орай ұйымдастырылған салтанатты шарада Төлеби ауданының әкімі Бауыржан Омарбеков Арыс қаласында орын алған төтенше жағдайға байланысты жарылыстың салдарынан қираған үйлер мен жеке секторларды қалпына келтіру жұмыстарына атсалысқан азаматтарға алғысын білдіріп, облыс әкімінің, облыстық мәслихаттың, Төлеби ауданы әкімінің алғыс хаттарымен және Төлеби аудандық мәслихатының грамотасымен арнайы марапаттады. 

Түркістанның бас жоспары таныстырылды

Бүгін облыс орталығы тұрғындарына Түркістан қаласының бас жоспары таныстырылды. Енді қасиетті мекен 3 кезеңмен дамып, сәні мен сәулеті жарасқан шаһарға айналады. Алдағы уақытта тұрғын үйлер мен мектеп, балабақшалардың саны артып, әкімшілік ғимараттар бой көтереді. 

Түркістан облысы: Арыстағы Жамбыл облысы мен Шардара ауданына қарасты №3 сектордың құрылыс жұмыстары толық аяқталды

Бүгін Арыс қаласындағы Жамбыл облысы мен Шардара ауданына тиесілі 3-сектордағы құрылыс жұмыстарының аяқталуына орай салтанатты шара өтті. Жиында Түркістан облысы әкімінің бірінші орынбасары Қосман Айтмұхаметов Арыс қаласын қайта қалпына келтіруге атсалысқан құрылысшылар мен белсенді азаматтарға алғысын білдірді. 

Түркістан облысы: Арыс қаласындағы №14 секторда тұрғын үйлерді қалпына келтіру 97 пайызға жетті

Бүгін Түлкібас ауданының әкімі Нұрбол Тұрашбеков бастаған ауданның бір топ зиялы қауым өкілдері Арыс қаласына арнайы барып, Түлкібас ауданы мен Алматы қаласына бекітілген 14 сектор аумағындағы құрылыс жұмыстары жүріп жатқан әлеуметтік нысандармен тұрғын үйлерді аралап, жаңа қонысқа аяқ басқан тұрғындарға құттықтауларын жеткізіп, бірлік пен татулықтың арқасында іске асып жатқан игі істерге ақ баталарын берді. 

Түркістан облысы: Арыс қаласын қалпына келтіруге арналған аппараттық жиын өтті

Бүгін Арыс қалалық әкімдігінің мәжіліс залында Арыс қаласын қайта қалпына келтіруге арналған аппараттық жиын өтті. Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев төрағалық еткен жиында облыстық Құрылыс басқармасы басшысының орынбасары Ербол Ахметов әр сектордағы құрылыс жұмыстарына тоқталды. 

Түркістан: әкімдік қызметкерлерімен ашық кездесу өткізді

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Түркістан облысы бойынша Департаментінің бастамасымен Түркістан қалалық әкім аппаратының қызметкерлері мен әкімдікке қарасты дербес бөлімдерінің және мемлекеттік мекеме басшыларының қатысуымен кездесу өтті.