Түркістан облысы: Арыс қаласын қалпына келтіруге арналған аппараттық жиын өтті

Бүгін Арыс қалалық әкімдігінің мәжіліс залында Арыс қаласын қайта қалпына келтіруге арналған аппараттық жиын өтті. Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев төрағалық еткен жиында облыстық Құрылыс басқармасы басшысының орынбасары Ербол Ахметов әр сектордағы құрылыс жұмыстарына тоқталды. 

Түркістан: әкімдік қызметкерлерімен ашық кездесу өткізді

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Түркістан облысы бойынша Департаментінің бастамасымен Түркістан қалалық әкім аппаратының қызметкерлері мен әкімдікке қарасты дербес бөлімдерінің және мемлекеттік мекеме басшыларының қатысуымен кездесу өтті.

ҚР Парламенті сенатының депутаттары Төлеби ауданының тұрғындарымен кездесті

ҚР Парламенті сенатының депутаты Әли Бектаев пен Әлімжан Құртаев Төлеби ауданының тұрғындaрымен кездесті. Ауданның әлеуметтік-экономикалық әлеуетін бағамдап, кәсіпкерлердің мұң-мұқтажына құлақ түрді.

Арыс қаласын қалпына келтіруде созақтықтардың да үлесі зор

Арыс қаласын қалпына келтіру жұмыстары жалғасуда. Қаладағы алтыншы секторға бекітілген Қызылорда облысы мен Созақ ауданы өзіне жүктелген жауапкершілік жүгін жақсы сезінеді. Тұрғын үйлерді жөндеу барысында әрбір тұрғындардың талап-тілегін ескеріпті.

Түркістан облысы: сенаторлар Қазығұрт ауданының тыныс-тіршілігімен танысты

Қазығұрт ауданына Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттары Әли Бектаев пен Әлімжан Құртаев жұмыс сапарымен барды. Онда бірқатар нысандарды аралап, аймақтың тыныс-тіршілігімен танысты. Содан соң Рухани жаңғыру бағдарламасы аясында құрлысы қайта жүріп жатқан Смайыл ата кесенесінде болды.

Түркістан 16 секторға бөлінді

Түркістан қаласы 16 секторға бөлініп, картасы дайындалды. Әр секторға бір ауданнан беріледі. Осылайша, тұрғындар өз арыз-шағымдарын оңай жеткізе алады.

Түркістан: сенаторлар Ордабасы ауданына барып, халықтың мң-мұқтажымен танысты

Ел жұрттың мұң-мұқтажымен танысып, түйінді мәселелерді шешу мақсатында Қазақстан Республикасы Парламенті сенатының депутаттары Әли Бектаев пен Әлімжан Құртаев Ордабасы ауданында болды. Бұл жерде депутаттар құрылыс нысандары, ауыл шаруашылық жұмыстарымен және әлеуметтік мәселелермен де жіті танысты.