- Құрметті Cәкен Асылханұлы. Топырағын түртсең тарих толғаған Отырар жерінде қызмет етіп жатқаныңызға бір жарым жылға жуықтады. Ықылым заманнан өркениеттің, мәдениет пен өнердің ордасы ретінде аты қалған Отырардай ауданды басқару бақыты бұйырған екен өзіңізге. Білесіз, қасиетті топырақта 30-дан астам әл-Фарабилер шоғыры, Шәмшідей вальс королі, Өзбекәлідей мәдениет мақтанышы, күш атасы - Қажымұхан, Мұхтардай әлем ақыны дүниеге келсе, еңбек майданында 30-ға жуық Социалистік Еңбек ері өскелең ұрпаққа өнеге көрсетті. Еңбек демекші, алғашқы сауалымызды осы еңбек адамдары, кәсіпкерлікті дамыту, жұмыспен қамту, жалпы әлеуметтік салаға байланысты сауалдармен бастасақ деп отырмын. Өзіңізге белгілі, мемлекет билігі былтыр «2021 – 2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба» әзірлеп, бұл бойынша нақты тапсырмалар беріліп, атқарушы органдар тиісті жұмыстарды бастап кеткені белгілі. Сондай-ақ, Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың 10 мың тұрғынға 100 тұрақты жұмыс орындарын ашу тапсырмасы бар. Мемлекет басшысының осы тапсырмасы мен кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба бойынша Отырар ауданында қандай шаруалар атқарылып жатыр? Жалпы, бұл жобаның артықшылығы қандай, мақсаты не, қандай міндеттерді жүктейді? Осы сауалдарға кеңірек жауап бере кетсеңіз.
- Қазақстан Республикасы Үкіметінің «2021 – 2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жобасы» шеңберінде Отырар ауданында 2022 жылы 3419 азамат жұмыспен қамтылғанын айта кетейін. Бұл біздің жоспарлағанымыздан да артығымен орындалып, жоспар 120,2 пайызға асыра орындалды. Ал, енді, Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың 10 мың тұрғынға 100 тұрақты жұмыс орындарын ашу тапсырмасына сәйкес ауыл округтерінде 371 тұрақты жұмыс орындары ашылып, бұл бойынша да жоспар артығымен, яғни, 120 пайызға орындалды. Жалпы, біздің міндет – тұрақты жұмыс орындарын көптеп ашу, қолдан келгенше жұмыссыз азаматтарды жұмыспен қамту. Осы міндет-мақсатты орындау үшін бар күш-жігерімізді аянып қалмаймыз.
Енді, кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жобаның мақсаты, артықшылығы, міндеттері туралы кеңірек түсіндіре кетсем. Өзіңіз білетіндей, «2021 - 2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба» 10 міндетті көздейді, оның 3-і халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесуге бағытталған: өз ісін ашу және дамыту үшін жағдай жасау, субсидияланатын жұмыс орындарын ұйымдастыру арқылы кәсіпкерлерді қолдау және кәсіпкерлердің қажеттіліктеріне дағдыларды дамыту.
1. Бірінші міндет шеңберінде «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқыту жүргізіледі, сондай-ақ мемлекеттік тіркеу мерзімі дара кәсіпкер ретінде үш жылдан кем болатын жұмыссыз немесе дара кәсіпкер ретінде грант беруге өтініш берілгенге дейін олар тіркелген жағдайда халықтың әлеуметтік осал топтарына гранттар беріледі.
2. Екінші міндет шеңберінде еңбек нарығында белгілі бір кедергілерге тап болған адамдарды (жұмыссыздар, жастар, мүгедектігі бар адамдар, зейнеткерлік жасқа дейінгі адамдар және т.б.) жұмыспен қамтуға ықпал ететін іс-шаралар іске асырылады.
Оқу орындарының түлектеріне арналған Жастар практикасы, «бірінші жұмыс орны» және «ұрпақтар келісімшарты» жобалары бойынша жұмыс орындары олар алған кәсіп немесе сабақтардың Ұлттық сыныптауышының сол сабақ тобына жататын ұқсас кәсіп бойынша құрылады. Жастар практикасы алған кәсібі (мамандығы) бойынша бастапқы жұмыс тәжірибесін алуға арналған (қатысу мерзімі 12 айға дейін, субсидиялар мөлшері ай сайын 30 АЕК).
«Бірінші жұмыс орны» жобасы бірінші рет жұмыс іздеп жүрген жұмыссыздарға жұмыс орындарын және қажетті еңбек дағдыларын беруге бағытталған (қатысу мерзімі 18 айға дейін, субсидиялар мөлшері ай сайын 30 АЕК). «Ұрпақтар келісімшарты» жобасы кейіннен зейнеткерлік жасқа толған жұмыскерді ауыстыра отырып, жұмысқа орналастыруға бағытталған (қатысу мерзімі 6 айға дейін, субсидиялар мөлшері ай сайын 30 АЕК).
Қоғамдық жұмыстар-қызметкерлерді алдын ала кәсіптік даярлауды талап етпейтін, олардың уақытша жұмыспен қамтылуын қамтамасыз ету үшін әлеуметтік-пайдалы бағыты бар еңбек қызметінің түрлері. Қоғамдық жұмыстарға қатысуға: жұмыссыздар; жазғы демалыс кезеңінде жалпы білім беретін мектептердің жоғары сынып оқушылары мен студенттері; бос тұруына байланысты жұмыспен қамтамасыз етілмеген адамдар (қатысу мерзімі 12 айға дейін, субсидиялар мөлшері кемінде ай сайын 20 АЕК) құқылы.
Әлеуметтік жұмыс орындары жұмыссыздардың жалақысын субсидиялай отырып, оларды жұмысқа орналастыруға арналған (қатысу мерзімі 12 айға дейін, субсидиялар мөлшері кемінде ай сайын 20 АЕК). «Күміс жас» жобасы 50 жастан асқан жұмыссыздардың экономикалық белсенділігін арттыруға бағытталған (қатысу мерзімі 36 айға дейін, субсидия мөлшері ай сайын 30 АЕК-тен аспайды.
Жоғарыда көрсетілген субсидияланатын жұмыс орындарына қатысу үшін мынадай құжаттар қажет: қатысуға өтініш; жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі; еңбек кітапшасының көшірмесі (бар болса); білімі туралы құжаттың көшірмесі (аттестат, куәлік, диплом), бар болса оқудан өткенін растайтын құжаттар (куәлік, сертификат). Жұмыссыз азаматтарды кәсіптік оқыту 2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде келесі үш бағыт бойынша ұйымдастырылады.
Біріншіден, жұмыс берушілердің сұранысы бойынша оқу ұйымдарында оқыту. Оқыту оқытудан өткен адамдарды жұмысқа орналастыруға кепілдік беретін жұмыс берушілердің өтінімдері бойынша ұйымдастырылады. Ол үшін тараптардың (жұмыспен қамту орталығы, жұмыссыз, жұмыс беруші және оқу ұйымы) арасында тараптардың құқықтары мен міндеттерін көздейтін 4 жақты әлеуметтік келісімшарт жасалады.
Екінші, жұмыс берушіде жұмыс орнында оқыту. Жұмыс берушілерде жұмыссыздарды жұмыс орнында оқыту білікті тәлімгерді бекіте отырып, кәсіпорындар базасында ұйымдастырылады. Оқу кезеңінде жұмыс беруші жұмыссыздармен еңбек шартын жасасады және оны уақытша жұмыс уақытына жұмысқа орналастырады.
Үшінші, платформада онлайн оқыту skills.enbek.kz. Портал онлайн оқытудың қысқа мерзімді курстарының маркетплейсі болып табылады және сұранысқа ие дағдыларды үйренуге немесе біліктілігін арттыруға ниет білдірген кез келген республика азаматы үшін қолжетімді.
Жастардың кәсіпкерлік бастамаларын қолдау үшін жеңілдетілген шағын несиелеу қарастырылған. Номиналды сыйақы мөлшерлемесі-жылдық 2,5% - дан аспайды. Қарыздың ең жоғары сомасы-кепілмен қамтамасыз етудің міндетті шартымен 5 млн теңгеге дейін. Несиелеу мерзімі мал шаруашылығын қоспағанда, кез келген мақсат үшін 5 жылға дейін (қызметтің осы бағыты үшін – 7 жылға дейін).
- Сәкен Асылханұлы, әлеуметтік сала елдегі ең бір күрделі салалардың бірі екенін білесіз. Бүгіндері әлеуметтік осал топтағы азаматтарды қиын өмірлік жағдайдан шығаруға, сондай-ақ жұмыссыздардың санын азайту мақсатында және халықтың мұқтаж топтарына көмек көрсету үшін мемлекет атаулы әлеуметтік көмек беріп келеді. Сәкен Асылханұлы, Отырар ауданында бұл бойынша қандай шаралар атқарылып жатыр? Былтырғы көрсеткіш қандай? Жалпы, атаулы әлеуметтік көмек түрлері жөнінде айтып беріңізші.
- Дұрыс айтасыз, мемлекет тұрмысы төмен отбасыларға, көпбалалы аналарға жасалатын көмек түрлерін жылдан жылға арттырып келеді. Және де, атаулы әлеуметтік көмектің мөлшері де жыл сайын өсіп жатыр деп айта аламыз. Отырар ауданы бойынша айтар болсам, 2022 жылдың 12 айында мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекке 417 отбасы өтініш білдіріп (2461 адам), 134,8 млн теңгеге әлеуметтік көмек төленді. Мұнымен қоса, 1-6 жас аралығындағы 408 балаға 4263 дана азық-түлік және 1441 дана гигиеналық құралдар жиынтықтары берілді (25,5 млн теңге).
Өзіңіз білесіз, Түркістан облысында бірнеше жылдан бері қолға алынған «Қамқорлық» бағдарламасы көмекке аса мұқтаж жандарға демеу болып келеді. Бұл бағдарлама алдыңғы облыс әкімі Өмірзақ Шөкеевтің тапсырмасына сәйкес түзілген болатын. Бұл бағдарлама әлі де жалғасын тауып отыр. «Қамқорлық» аймақтық бағдарламасы арқылы мемлекет тарапынан берілетін жәрдемақы мен көмектен бөлек жүзеге асады. Тұрмыс тауқыметін тартқан отбасыларға жан-жақты қамқорлық көрсету арқылы, кедейлік шеңберінен шығуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, тұрмыста таршылық көріп жүрген жандарға жергілікті қазынадан ең төменгі күнкөріс деңгейі мөлшеріндегі қаражат бөлініп, ол отбасының еңбекке қауқары бар мүшелері жұмысқа тартылады. Мұндай отбасыларды анықтау үшін арнайы комиссия құрылып, оның құрамына ауыл ақсақалдары мен жергілікті белсенділер енгізілген. Аталған шараға демеушілер де белсене атсалысып тұрады. Былтыр осы аталған аймақтық «Қамқорлық» бағдарламасына сәйкес 22 отбасыға демеушілер есебінен 14 млн 760 мың теңгенің қаржылай және заттай көмектері көрсетілді. Нәтижесінде аз қамтамасыз етілген азаматтардың жалпы халыққа шаққандағы үлесі 4,7 пайызға азайды. 2023 жылы «2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамытудың Ұлттық жоба» аясында 3690 адамды жұмыспен қамту жоспарланып отыр.
- Атаулы әлеуметтік көмек туралы кеңірек айтып өтсеңіз. Бұл бағдарламаның мақсаты қандай?
- Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» Заңына сәйкес 2001 жылы 17 шілдеде атаулы әлеуметтік көмек қабылданды. Осы Заң аз қамтылған адамдарға мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек көрсетуге байланысты құқықтық қатынастарды реттейді. Атаулы әлеуметтік көмек – қиын өмірлік жағдайдан шығуға, сондай-ақ жұмыссыздардың санын азайту мақсатында және халықтың мұқтаж топтарына көмек көрсету жөніндегі шаралар жүйесі. Атаулы әлеуметтік көмек екіге бөлінеді: шартсыз ақшалай көмек және шартты ақшалай көмек.
Шартсыз ақшалай көмек мүгедек азаматтары бар отбасыларға немесе отбасының жалғыз еңбекке қабілетті мүшесі объективті себептермен жұмыс таба алмайтын отбасыларға (үш жасқа толмаған балаға күтім жасау, мүгедек балаға, бірінші немесе екінші топтағы мүгедектерге, күтім мен көмекті қажет ететін қарт адамдарға) көрсетіледі.
Шартты ақшалай көмек кемінде, еңбекке қабілетті бар бір отбасы мүшесіне арналған және әлеуметтiк келiсiмшарттың жасалуы жұмыстың адал орындалуына байланысты беріледі. Егер отбасында жұмыссыз отбасы мүшесі болса, онда ол жұмысқа орналастырылуы немесе жұмыспен қамтудың белсенді шараларына қатысуы тиіс. Ол үшін Жұмыспен қамту орталығы кең ауқымды қызмет көрсетеді. Бұл - лайықты бос жұмыс орындарын іздеу және жұмысқа орналасуға жәрдемдесу қызметтері, сонымен қатар «Ұрпақтар келісімшарты», «Алғашқы жұмыс», азаматтардың әлеуметтік осал санатына арналған жұмыс орындары, жастар тәжірибесі, қоғамдық жұмыстар, кәсіптік оқыту және мемлекеттік гранттар сияқты жобалар. Егер азамат әлеуметтік келісімшарт талаптарын бұзса, онда ол атаулы әлеуметтік көмек алу құқығынан айырылады.
– Атаулы әлеуметтік көмекті кімдер ала алады?
– Атаулы әлеуметтік көмекті, Қазақстан Республикасының азаматтары, қандастар, шетелдіктер және азаматтығы жоқ адамдар, Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын азаматтар және жан басына шаққандағы орташа табысы кедейлік шегінен аспайтын азаматтар ала алады.
– Өтінішті қалай беруге болады және өтінішті өңдеу қанша уақытты алады?
– Атаулы әлеуметтік көмек алуға өтініш білдірген азаматтар Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі, 14 үй мекенжайы бойынша «Жанұя» отбасы институтын қолдау орталығы немесе egov.kz электронды үкімет порталында жеке кабинет арқылы онлайн өтініш бере алады. Өтініш берудің тағы бір жолы ол проактивті форматта беруге болады. Атаулы әлеуметтік көмекті алушылар 1414 нөмірінен SMS хабарлама арқылы атаулы әлеуметтік көмек алу мүмкіндігі туралы хабарланады. Азамат 1414 нөмірінен автоматты түрде хабарлама алады, ол SMS-хабарламаға IBAN банктік шотын көрсетіп жауап беруі тиіс және азамат сол арқылы өтініш беруге келісімін береді. Өтініш деректер базасына автоматты түрде енгізіледі, содан кейін өтініш тіркелген күннен бастап 15 жұмыс күні шінде қаралады, бірақ мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйесінде өтініш беруші туралы деректер болмаған жағдайда өтініш беруші құжаттарды өзі ұсынуға құқылы, ал егер өтініш берушінің тиісті құжаттарды ұсынуға мүмкіндігі жоқ болса, онда мемлекеттік органдарға немесе ұйымдарға жазбаша өтініш жіберіледі, бірақ бұл жағдайда өтінішті қарау мерзімі 30 күнтізбелік күннен жауап алғаннан кейін аспауы тиіс. Атаулы әлеуметтік көмек алуға өтінішті тіркегеннен кейін құжаттар өтініш берушінің және оның отбасының материалдық жағдайын тексеру үшін аудандық комиссияға жіберіледі. Сауалнама нәтижелері бойынша материалдық жағдай актісі жасалады, оның негізінде Жұмыспен қамту орталығы атаулы әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі немесе қажетсіздігі туралы қорытынды шығарады.
- Кім әлеуметтік атаулы көмек ала алмайды?
- ҚР «Мемлекеттік әлеуметтік атаулы көмек туралы» заңына сәйкес төмендегілердің әлеуметтік атаулы көмек алуға құқығы жоқ:
-табысы аз болып табылмайтын адамдарға (отбасыларға);
-еңбекке қабілетті мүшесі жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларына қатысудан бас тартқан отбасыға – жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларына қатысудан бас тартқан күннен бастап 6 ай бойы
-алушының кінәсі бойынша бұрын жасалған әлеуметтік келісімшарт бұзылған және (немесе) әлеуметтік келісімшартта көзделген -міндеттемелер орындалмаған жағдайларда, адамға (отбасыға) – атаулы әлеуметтік көмекті тағайындауға өтініш жасаудың алдындағы 6 ай бойы;
-атаулы әлеуметтік көмек тағайындау үшін көрінеу жалған мәліметтер және (немесе) анық емес құжаттар берген адамдарға (отбасыларға) – оларды ұсынған күннен бастап 6 ай бойы;
-материалдық жағдайын зерттеп-қарау нәтижелері бойынша дайындалған учаскелік комиссияның қорытындысына сәйкес атаулы әлеуметтік көмек беруге мұқтаж емес адамдарға (отбасыларға) тағайындалмайды.
- Атаулы әлеуметтік көмектің мөлшері қандай?
- «Мемлекеттік әлеуметтік атаулы көмек туралы» заңына сәйкес бір адамға немесе отбасына атаулы әлеуметтік көмек мөлшерін отбасының әрбір мүшесі есебінен орташа жан басына шаққандағы табыс және облыстарда белгіліенген кедейлік шегі арасындағы айырмасы түрінде уәкілетті орган есептейді. Отбасының құрамы және табыстар өзгерген жағдайда тағайындалған атаулы әлеуметтік көмектің мөлшері қайтадан есептеледі. Ал өтініш беруші 10 жұмыс күні ішінде уәкілетті органға атаулы әлеуметтік көмектің мөлшерін өзгерту үшін негіз болуы мүмкін мән-жайлар туралы хабарлауға міндетті.
Жан басына шаққандағы орташа табыс қалай есептеледі?
Атаулы әлеуметтік көмекті алуға үміткер тұлғаның жиынтық табысын анықтау атаулы әлеуметтік көмек алуға өтініш жасалған кезде ұсынылатын құжаттардың және мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінен алынған мәліметтердің негізінде жүргізіледі.
Отбасының жиынтық табысына белгіленген уақыт кезеңі ішінде ақшалай немесе заттай нысанда алынған тұрғын үй көмегі мен атаулы әлеуметтік көмегінен, сондай-ақ жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді іс-шараларына қатысу шеңберінде мемлекеттік қолдау іс-шараларынан басқа табыстың барлық түрлері қосылады. Әкімдіктер өңірлердің ерекшеліктерін ескере отырып келесілерді кіріс бермейді деп айқындауға құқылы: үй малы, құсы, жер учаскесі.
Жан басына шаққандағы орташа табыс әлеуметтік көмек тағайындау үшін өтінішті берген тоқсанның алдындағы тоқсанда алынған жиынтық табысты отбасы мүшелерінің санына және үш айға бөлу арқылы есептеледі. Тіпті айына 1 теңге төленсе де, не себепті атаулы әлеуметтік көмектен бас тартпау керек.
- АӘК алатын отбасындағы 1-6 жас аралығындағы балаларға не тиесілі?
- Мұндай балаларға ай сайын азық-түлік және гигиеналық заттар жинағы беріледі. Онымен еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің құрылымдары қамтамасыз етуге тиіс.
-1 жастан 3 жасқа дейінгі балаларға арналған ай сайынғы азық-түлік жинағына мыналар кіреді:
-жеміс және (немесе) көкөніс гипоаллергенді езбесі – кемінде 1200 грамм;
-балаларға арналған гипоаллергенді сәбилер ботқасы – кемінде 320 грамм;
-қаптамадағы жүгері жармасы – кемінде 400 грамм;
-қаптамадағы сұлы қауыздары – кемінде 800 грамм;
-балаларға арналған печенье – кемінде 180 грамм;
пастерленген немесе ультрапастерленген сүт – кемінде екі литр.
3 жастан 6 жасқа дейінгі балаларға арналған ай сайынғы азық-түлік жинағына мыналар кіреді:
-пастерленген сүт – кемінде екі литр;
-қатты бидайдан дайындалған макарон, сұлы қауыздары, арпа жармасы, шағылған асбұршақ – барлығы кемінде 800 грамм;
-ұнтақ жармасы – кемінде 700 грамм;
-қарақұмық немесе күріш жармасы – кемінде 1,6 кг;
-күнбағыс майы – кемінде 0,8 литр;
-гематоген – кемінде 240 грамм;
-құрамында бүтін астық дақылдар бар таңғы асқа арналған сүтке қосатын тағам – кемінде 250 грамм;
-балаларға арналған печенье – кемінде 400 грамм;
-таза бал – кемінде 200 грамм.
1 жастан 6 жасқа дейінгі балаларға арналған тұрмыстық химия құралдарының ай сайынғы жинағына тіс пастасы, тіс щеткасы, гипоаллергенді сабын, сусабын, жақпамай, кір сабын және кір жуғыш ұнтақ кіреді.
- АӘК алатын отбасындағы 6-18 жас аралығындағы балаларға не тиесілі?
- Атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасындағы 6 жастан 18 жасқа дейінгі балаларға азық-түлік және тұрмыстық химия жинақтары берілмейді. Бірақ білім және ғылым министрлігінің басқармалары мен бөлімдері оларды мектепке қажетті барлық жабдықпен қамтамасыз етеді. Біріншіден, бұл балалар мектепте күнделікті тегін тамақтануға құқылы болса, екіншіден, олардың қоғамдық көлікте жүру құнының 50 проценті өтеледі.
Сонымен қатар балаларға мектеп формасы және мектепке қажетті құралдар беріледі (жылына бір рет).
Ұл балалар пиджак, желетке, шалбар, жейде немесе водолазка және аяқ киіммен қамтамасыз етіледі. Қыздарға пиджак, желетке, белдемше немесе сарафан (немесе шалбар), жейде немесе водолазка және аяқ киім беріледі. Бұл жинаққа сондай-ақ спорт костюмі мен спорт аяқ киімі кіреді.
Кеңсе заттарының жинағына рюкзак, сонымен қатар дәптер, қаламсауыт, қарындаш, қаламсап, сызғыш, өшіргіш, жоғары сыныпта оқитындарға – циркуль, ал төменгі сыныптағыларға сурет салуға арналған альбом мен бояу кіреді.
- АӘК қашан беріледі?
- АӘК өтініш берген күнге қарамастан азамат жүгінген күннен бастап тағайындалады. Мысалы, егер өтініш 20 қаңтарда немесе айдың соңғы күнінде жолданса, онда төлем бүкіл айға толық төленеді. Атаулы әлеуметтік көмек шартты және шартсыз ақшалай көмек түрінде тағайындалады. Шартты ақшалай көмек отбасында еңбекке жарамды адам болған жағдайда тағайындалады. Алты ай ішінде жұмысқа тұрудан бас тартқан жағдайда барлық отбасы мүшесіне атаулы әлеуметтік көмек беру тоқтатылады. Ол тұрмысы төмен отбасыға жатпайтын, көрінеу жалған ақпарат берген адамдарға, учаскелік комиссияға сәйкес атаулы әлеуметтік көмекке мұқтаж емес адамдарға тағайындалмайды.
- Сәкен Асылханұлы, бүгінде ел билігі кәсіпкерліктің дамуына үлкен қолдаулар көрсетіп, қолдан келген барлық жағдайды жасау үстінде. Қазақстанда кәсіпкерліктің, әсіресе шағын және орта бизнестің дамуы экономикалық реформаларды жүзеге асыруда маңызды рөл атқарады. Ал бизнестің жоғары деңгейде дамуын қамтамасыз ету үшін мемлекет тарапынан белгілі бір дәрежеде қолдау көрсетілуі керек. Ондай қолдау жоғарыда айтып өткеніміздей, жасалып-ақ жатыр. Айтыңызшы, Отырар ауданында кәсіпкерлік саласының дамуы қай деңгейде? Нендей шаруалар атқарылып жатыр?
- Қазіргі уақытта елімізде шағын және орта бизнесті дамытудың маңызы жоғары болып табылады. Себебі, шағын және орта кәсіпкерлік құрылымында ұйымдастыру-құқықтық нысан бойынша тіркелген субъектілердің ең жоғары үлесін осы жеке кәсіпкерлер құрайды.
Отырар ауданында 2022 жылға өнеркәсіп өнімі көлемінің жылдық жоспары 18 млрд теңге болса (Нақты көлем индексі 103,4%), 12 айлық статистикалық дерекке сәйкес орындалуы 18 млрд 849 млн 236 мың теңге болып, нақты көлем индексі 108 пайызды құрады (2021 жылдың 12-айында 14,9 млрд теңге).
2022 жылы негізгі капиталға салынған жалпы инвестициялар көлемінің жылдық жоспары 23 млрд 600 млн теңге болса, орындалуы 24 млрд 948 млн 200 мың теңге болып, нақты көлем индексі 152,2 пайызды құрады. (Оның ішінде: бюджеттік инвестиция 3 млрд 820 млн теңге, жеке қаржы есебінен 21 млрд 128 млн теңге).
2023-2024 жылдары ауданға жалпы 66 млрд 970 млн теңге инвестиция тарту жоспарланып отыр. Осыған орай, бүгінгі таңда 26 инвестициялық жобалар іріктелді.Оның ішінде ірі деп саналған 7 жоба бойынша тиісті жұмыстар жүргізілуде. Атап айтқанда:
- жүгеріден биоэтанол өнімін шығару жобасы «Отырар Био Тех» ЖШС, құны 50,0 млрд. теңге;
- күн электр энергиясын өндіру бойынша «Arm Wind» ЖШС-і құны 12 млрд 500 млн теңге;
- 400 бастық сүт фермасы және құрама жем шығару кәсіпорыны «Ontustik Altair» ЖШС, құны 1 млрд 100 млн. теңге;
- құрама жем шығару кешені «Созақ балық өнімдері» СТК, құны 1 млрд 200 млн. теңге;
- тауарлы балық шаруашылығын дамыту жобасы «Жұлдыз» ШҚ, құны 550 млн. теңге;
- ет және сүт өнімдерін өндіру «Есжанов Отырар» ЖК, құны 250 млн. теңге.
- шұжық цехтарын ашу бойынша «Нұрсейіт» ЖК, құны 150 млн. теңге.
Одан бөлек, құны 1 млрд 220 млн. теңгені құрайтын 18 шағын жобалар (мал, құс шаруашылығы, сауда, қызмет көрсету және шағын өңдеу цехтары) іске асырылатын болады.
- Сәкен Асылханұлы, ендігі әңгімемізді Отырар ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуы жөніндегі сауалдар төңірегінде өрбітсек. Ауданда бұл бағыт бойынша алға жылжу бар ма? Әлеуметтік-экономикалық дамуы қай деңгейде?
- Отырар ауданының әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері Құдайға шүкір жаман емес.Барлық салада ілгерілеушілік бар. Көп жағдайларда жоспарды асыра орындап жатырмыз деп мақтанышпен айта аламын. Былтырғы жылдың қорытындысымен жалпы өңірде өндірілген өнім көлемі 91 млрд 973 млн 963 мың теңгені құрап, 2021 жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 66 млрд 779 млн 600 мың теңгеге немесе 137,7-% ға артық орындалды.
Негізгі капиталға бағытталған инвестиция көлемі - 24 млрд 948 млн 200 мың теңге болып, нақты көлем индексі – 152,2 пайызға артты. Бөлшек сауда көлемі – 4 млрд 059 млн 227 мың теңге болып, нақты көлем индексі – 101,9 пайызға, өнеркәсіп өнімінің көлемі – 18 млрд 849 млн 236 мың теңге болып, нақты көлем индексі – 108,0 пайызға, құрылыс жұмыстарының көлемі 8 млрд 613 млн 600 мың теңге болып, нақты көлем индексі – 249,0 пайызға, іске қосылған тұрғын үйлер 18 657 шаршы метр, нақты көлем индексі – 109,1 пайызға, Жалпы ауыл шаруашылығы өнімінің көлемі 35 млрд 503 млн 700 мың теңге болып, нақты көлем индексі 104,2 пайызға орындалды.
Аудан бюджетінің кірістер жоспары 15 млрд 799 млн 957 мың теңгені құрады. Жергілікті өзіндік кірістер жоспары 1 млрд 800 млн 651 мың теңге болып бекітілген, орындалуы 1 млрд 876 млн 962 мыңға теңгеге жетіп, 104,2 % ға немесе 76 млн 311 мың теңгеге артық орындалды.
Аудан бюджетінің шығыстар жоспары 15 млрд 799 млн 957 мың теңге болса, орындалуы 15 млрд 613 млн 398 мың теңгені құрап, бюджет 98,8 пайызға орындалды. 2023 жылы ауданның өзіндік кірістері 2 млрд 80 млн 425 мың теңгеге немесе 2022 жылмен салыстырғанда (айырма 259 млн 546 мың теңге) 15,6 пайызға ұлғайтылып бекітілді.
- Енді ауыл шаруашылығы жайлы сұрасам. Сәкен Асылханұлы, елдің барлығына белгілі, Отырар ауданы негізінен ауыл шаруашылығына бейімделген аудан ғой. Айтыңызшы, егін шаруашылығының жағдайы қалай? Егістік көлемі артып жатыр ма? Және тағы бір сауалым, мал басы көбеюде ме? Жалпы, ауыл шаруашылығын дамыту бойынша қандай мемлекеттік бағдарламалар бар? Шаруалар мен дихандарға мемлекет тарапынан көмек беріліп отыр ма?
- Иә, дұрыс айтасыз, Отырар ауданының халқы сонау Кеңес заманынан бері ауыл шаруашылығымен айналысып келе жатыр. Осы салаға әбден бейімделген бейімделген. Отырар ауданы сол замандарда әсіресе жүгері өсірумен өңірімізге танымал болатын. Бүгінде де бұл дәстүр өз жалғасын тапқан. Халықтың дені ауыл шаруашылығымен, соның ішінде егіншілікпен, мал шаруашылығымен айналысады.
Бүгінде Отырар ауданында ауыл шаруашылығы саласы бойынша жалпы егіс көлемінің 2022 жылғы жоспары 34 844 гектар болса, орындалуы 36 195 гектарды құрап, егіс көлемі 1351 гектарға артқанын айта кетейін. Яғни, бұл тұста өсім бар деген сөз. Сондай-ақ, 2022 жылы жалпы ауыл шаруашылығы өнімі көлемінің жоспары 33,4 млрд теңге болса, жыл көлемінде жиналған өсімдік шаруашылығының және мал шаруашылығы өнімдерінің есебінен орындалу 35,5 млрд теңге жетіп, нақты көлем индексі 104,2 пайызды құрады (оның ішінде өсімдік шаруашылығы 21,4 млрд теңге, мал шаруашылығының өнімі 13,8 млрд теңге). Яғни, өткен жылмен салыстырғанда 4,4 млрд теңгеге артқан (2021 жылдың 12-айында 30,1 млрд теңге).
Жоғарыда аталған егіс көлемдерін игеру үшін ағын сумен қамтамасыз ету мақсатында бірқатар жұмыстар атқарылып, жоспарға енгізіліп отыр. Бүгінгі таңда Шәуілдір суармалы алқабындағы 13 мың гектар алқаптың ағын сумен қамтамасыз ету үшін қосымша 11 текше метр/секунд су жеткізетін «Сырдария-Арыс» каналының құрылысына және осы алқаптағы жер асты суы деңгейін түсіріп топырақ құнарлылығын арттыруға бағытталған 368 шақырымды құрайтын дрендер жүйесін қайта қалпына келтіру жұмыстары жоспарланып отыр. Аталған жұмыстар республикалық бюджеттен, Европалық қайта құру және даму банкі есебінен жүргізілетін болады.
Сонымен қатар бүгінгі таңда арнайы жұмыс тобы құрылып 11 ауылдық округтегі ағын су нысандарын аралап, зерделей отырып 2025 жылға дейін негізгі деп саналатын 8 каналға күрделі және 37 каналды механикалық тазалау жұмыстары жоспарға енгізілді (аудан бойынша 118 канал). Аталған барлық су нысандары республикалық «Қазсушар» мекемесіне тиесілі. 2025 жылға дейін жалпы болжамды қажетті қаржы көлемі 11,2 миллиард теңгені құрайды.
Ал, ауыл шаруашылығындағы негізгі капиталға тартылған инвестицияның жоспары 3,0 млрд теңге болса, жыл қорытындысымен 8,8 млрд теңгеге орындалып, жоспар 3 есеге артығымен орындалды. Сонымен қатар, тамақ өнімдерін өндіруге тартылған инвестиция көлемінің жоспары 380,2 млн теңге болса, орындалуы 100 пайызды құрады. Меніңше, бұл өте жақсы көрсеткіш.
Енді, мал шаруашылығына келетін болсақ, 2022 жылдың қорытындысымен мал басының өсімі өткен жылдың осы кезеңмен салыстырғанда өскен. Атап айтсақ: мүйізді ірі қара 59 927 бас немесе 101,4 пайызға, уақ мал 408 089 бас немесе 105,8 пайызға, жылқы 19 445 бас немесе 106,3 пайызға, түйе 9 700 бас немесе 101,6 пайызға артқан.
Ауыл шаруашылығы саласындағы өзекті мәселелердің бірі – пайдаланылмай жатқан ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді мемлекет меншігіне қайтару. Бұл бойынша тиісті жұмыстар атқарылуда. Таяуда осы мәселеге байланысты, яғни, Отырар ауданындағы ауыл шаруашылығы мақсатындағы пайдаланылмайтын жерлерді мемлекет меншігіне қайтару және анықтау бойынша комиссиялардың көшпелі отырысы өтті. Сол жерде бұл мәселе жан-жақты талқыланған болатын.
Жалпы, Отырар ауданында агроқұрылымдардың мақсатына сай игермеген 162 703,81 га (оның ішінде:суармалы 8191,7 га, жайылым 154 512,11 га) жерлері анықталып, тізімі 2022 жылы Түркістан облысының жер ресурстарын басқару департаментіне шара көру үшін жолданды. Биыл ірі агроқұрылымдармен екі жақты меморандум жасау арқылы елді мекенге жақын орналасқан 94 200 га жайылымдық жерлер ортақ жайылымға пайдалану үшін келісім жасалды (2022 жылға жоспар 90,7 мың га).
Қазіргі уақытта ауыл округтері бойынша 50,6 мың га ортақ мал жайылым жерлер бар. 2022 жылы мақсатына сай пайдаланбай жатқан жерлерге түгендеу жұмыстары жүргізіліп, қажетті жайылым жерлерді пайдаланбай жатқан жерлердің есебінен қамтамасыз ету үшін 2023 жылы 30,0 мың га жерлерді елді мекеннің ортақ мал жайылым жеріне беру жоспарлануда.
Бүгіндері Отырар ауданында ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер көлемі 640 109 гектарды құраса, оның ішінде: суармалы жерлер — 43492 гектар; жайылымдық жерлер — 594 890 гектар; шабындық жерлер — 1294 гектар, көп жылдық екпелер 433 гектар болып отыр. 2022 жылы ауыл шаруашылығы жерлеріне жүргізілген түгендеу жұмыстары нәтижесінде мақсатына сай пайдаланылмаған 79,1 мың гектар (оның ішінде: 4142,0 гектар — суармалы, 74708,0 гектар — жайылым, шабындық — 204 гектар) жерге шығарылған қаулылардың күші жойылып, ауданның арнайы жер қорына қайтарылған.
Қазіргі таңда аудан көлемінде жалпы қолда ұсталатын мал басының саны артуына байланысты елді мекендерде 317 189 гектар ортақ мал жайылым жерлерге қажеттілік туындап отыр. Қажетті жайылым жерлерді пайдаланбай жатқан жерлердің есебінен қамтамасыз ету үшін 2023 жылы 140,0 мың гектар, 2024 жылы 89,1 мың гектар, 2025 жылы 90,2 мың гектар жерлерді елді мекеннің ортақ мал жайылымына беру жоспарланып отыр. Бұл көрсеткіш 2022 жылы 67,5 мың гектарды құрады.
Сондай-ақ, агроқұрылымдардың мақсатына сай игермеген 162 703,81 гектар (оның ішінде: суармалы — 8191,7 гектар, жайылым — 154 512,11 гектар) жерлері анықталып, тізімі 2022 жылы Түркістан облысының жер ресурстарын басқару департаментіне шара көру үшін жолданды. Биыл ірі агроқұрылымдармен екі жақты меморандум жасау арқылы елді мекенге жақын орналасқан 94 200 гектар жайылымдық жерлер ортақ жайылымға пайдалану үшін келісім жасалды (2022 жылға жоспар 90,7 мың гектар болған). Қазіргі уақытта ауыл округтері бойынша 50,6 мың гектар ортақ мал жайылым жерлер бар. 2022 жылы мақсатына сай пайдаланбай жатқан жерлерге түгендеу жұмыстары жүргізіліп, қажетті жайылым жерлерді пайдаланбай жатқан жерлердің есебінен қамтамасыз ету үшін 2023 жылы 30,0 мың гектар жерлерді елді мекеннің ортақ мал жайылым жеріне беру жоспарлануда.
Орайы келгенде айта өтейік, Отырар ауданының Даму жоспарына сай 2025 жылға дейін егіс көлемін 40 000 гектарға ұлғайтып, жалпы аудандағы суармалы жердің 95,2 пайызын игеру жоспарланып отыр. Негізінен қайта айналымға қосылатын жерлерге жүгері жоңышқа дақылдарымен қатар өңіріміздегі соңғы жылдардағы ағын су тапшылығын ескере отырып күздік бидай (2022 жылы егілгені 300 гектар болса, 2025 жылға 2600 гектарға жеткізу) егуге басымдық беріліп отыр. Сонымен қатар тамшылатып және жаңбырлатып суару тәсіліне көшуді қолға алып 2025 жылға 4100 гектарға жуық алқапқа осы техналогияларды пайдаланатын болады. Нәтижиесінде 2025 жылға жалпы ауыл шаруашылығы өнімінің көлемін 50,0 миллиард теңгеге жеткізу жоспарлануда.
Жоғарыда аталған егіс көлемдерін игеру үшін ағын сумен қамтамасыз ету мақсатында бірқатар жұмыстар атқарылып, жоспарға енгізіліп отыр. Бүгінгі таңда Шәуілдір суармалы алқабындағы 13 мың гектар алқаптың ағын сумен қамтамасыз ету үшін қосымша 11 текше метр/секунд су жеткізетін «Сырдария-Арыс» каналының құрылысына және осы алқаптағы жер асты суы деңгейін түсіріп топырақ құнарлылығын арттыруға бағытталған 368 шақырымды құрайтын дрендер жүйесін қайта қалпына келтіру жұмыстары жоспарланып отыр. Аталған жұмыстар республикалық бюджеттен, Европалық қайта құру және даму банкі есебінен жүргізілетін болады. Сонымен қатар бүгінгі таңда арнайы жұмыс тобы құрылып 11 ауылдық округтегі ағын су нысандарын аралап, зерделей отырып 2025 жылға дейін негізгі деп саналатын 8 каналға күрделі және 37 каналды механикалық тазалау жұмыстары жоспарға енгізілді (аудан бойынша 118 канал). Аталған барлық су нысандары республикалық «Қазсушар» мекемесіне тиесілі. 2025 жылға дейін жалпы болжамды қажетті қаржы көлемі 11,2 миллиард теңгені құрайды.
- Отырар ауданында халықты ауыз сумен, газбен қамту деңгейі туралы айта өтсеңіз.
- Отырар ауданы бойынша 38 елді мекеннің 33 елді мекені орталықтандырылған ауыз су жүйесімен қамтылған (50306 адам немесе 97,5%). 5-елді мекенде орталықтандырылған ауызсу жүйесі жүргізілмеген. Олар: Бестам, Жанкел, Ызакөл, Сырдария, Ақкөл.2022 жылы Бестам (халық саны-151), Жанкел (халық саны-191), Ызакөл (халық саны-275) елді мекендерін ауыз сумен қамтамасыз ету жүйелерінің құрылысы басталған, 2023 жылға өтпелі. Сонымен қатар, Қарақоңыр ауыл округіндегі Сырдария (халық саны-352) елді мекеніне ЖСҚ әзірленуде.
2025 жылы Балтакөл ауыл округіндегі Ақкөл (халық саны-365) елді мекендерін таза ауыз сумен қамтамасыз ету межеленген. Қазіргі таңда облыстық энергетика және тұрғын үй коммуналдық шаруашылық басқармасы тарапынан геологиялық іздеу барлау жұмыстарына мемлекеттік сатып алу шаралары ұйымдастырылуда. Жобаны жүзеге асыру барысында ауыз сумен қамтылмаған бес елді мекендегі 1334 ауыл тұрғыны сапалы ауыз сумен қамтылып, 2025 жылы аудан бойынша ауыл тұрғындарын сапалы ауыз сумен қамту үлесі 100 пайызға жеткізу жоспарланып отыр.
Сондай-ақ, ауданға қарасты бірқатар елді мекендердің ауызсу жүйелері тозығы жетіп, күрделі жөндеу жұмыстарын қажет етуде. Осыған орай, Жаңа Шілік, Аққұм, Балтакөл, Маяқұм елді мекендерінің ауызсу жүйелеріне күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін жергілікті бюджет есебінен жобалық сметалық құжаттамалары әзірленуде.
Газбен қамту мәселесіне келер болсақ, Отырар ауданын табиғи газбен қамтамасыз ету мақсатында2014-2017 жылдары автоматтандырылған газ тарату станциясы (АГТС) салынып, Шәуілдір елді мекеніне дейін 51,4 шақырым газ құбыры тартылған. АГТС арқылы 2025 жылға 34 елді мекенді табиғи газбен қамтамасыз ету жоспарланып, бүгінде 22 елді мекенге жобалау-сметалық құжаттамасы әзірленген. 2022 жылдың есепті кезеңінде 13 елді мекенде газ құрылысы аяқталып, бүгінгі таңда 12 елді мекендегі 2139 абонент (қосылуы-66 пайыз) табиғи газға қосылған (Олар: Ақтөбе, Жаңа Шілік, Ескі Шілік, Қарақоңыр, Ш.Қалдаяқов, Мыңшұқыр, Ынталы, Қоғам, Бестораңғыл, Ақтам, Талапты, Шәуілдір е/м, халық саны-20759, абонент саны-3239).
2023 жылы 9 елді мекен (Темір, Арыс, М.Шойманов, Қарғалы, Отырар, Көкмардан, Шытты, Сарыкөл, Сырдария е/м, халық саны-16123, абонент-2681) табиғи газға қосылған жағдайда аудан халқының 72 пайызы (5981 абонент, 37113 тұрғын) табиғи газбен қамтылатын болады. 2024 жылы Қостүйін елді мекенін газға қосу жоспарлануда. 2023 жылы Сырдария өзенінің сол жағалауында орналасқан 12 елді мекеннің жобалық-сметалық құжаты әзірленіп (Аққұм, Жанкел, Көксарай, Ызакөл, Шеңгелді, Қостерек, Бестам, Маяқұм, Үштам, Көлқұдық, Балтакөл, Ақкөл е/м. халық саны -14312, абонент-2243), 2025 жылға газ құрылысын аяқтап, ауданның жалпы газбен қамтылуы 99,6 пайызға жетеді деп күтілуде.
- Сәкен Асылханұлы, ауданның жолдарының жағдайы қалай? Ауыл көшелерінің аббатандырылуы қай деңгейде?
- Аудан көлеміндегі жалпы автокөлік жолдардың ұзындығы – 863,25 шақырымды құрайды. Оның ішінде қанағаттанарлық жағдайда 543,93 шақырым (63 %). Облыстық маңыздағы жолдар – 325,9 шқ, қанағаттанарлық жағдайда 192,28 шқ (59%), аудандық маңыздағы жолдар-109,65 шқ, қанағаттанарлық жағдайда 90,15 шқ (82,22%), ішкі көшелер-427,7 шқ, қанағаттанарлық жағдайда 261,5 шқ (62%).
Оның ішінде: асфальт көше 261,5 шақырым; тас көше 87,3 шақырым; топырақ көше 78,9 шақырым.2022 жылы 19,8 шақырым 26 көшеге орта және ағымдағы жөндеу жұмыстары жергілікті бюджеттен (сметалық құны -303,8 млн тг) жүргізілді.Ауылдық округтер төртінші бюджеті есебінен 7 шақырым 15 көшеге ағымдағы, орта жөндеу жұмыстары (39,8 млн) жүргізілді.
2023 жылы «Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасы аясында 19,6 шақырым 10 ішкі көшеге (518,4 млн тг) және жергілікті бюджет қаржысы есебінен 24.3 шақырым (417,9 млн.тг) 17 көшеге орта жөндеу жұмыстары жоспарланып, қанағаттанарлық дәрежедегі жолдар 305,4 шақырымды (72,0 %) құрайды деп күтілуде.
Абаттандыру, көгалдандыру жұмыстары жөнінде айтар болсам, 2022 жылы Шәуілдір ауылы М.Әуезов көшесіне (45,176 млн.тг) және Мыңшұқыр ауылына көп функционалды спорттық ойын алаңшалары (35,017 млн.тг) пайдалануға берілді. 2022 жылы 4 елді мекенде (Балтакөл, Шытты, Қарғалы, Қостерек) спорт және балалар ойын алаңшалары пайдалануға берілді. Темір ауылындағы М.Әлиев көшесін абаттандыру жұмыстарына (94,15 млн теңге) қаржы қаралып, абаттандыру жұмыстары жүргізілді (келісім шарт құны 72,576 млн теңге). Қазіргі заман талабына сай елді мекендерде балалар ойын алаңшалары мен спорт алаңшаларын салу бойынша тұрғындардан сұраныстар көптеп түсуде.
Биылғы 2023 жылғы жергілікті бюджет қаражаты есебінен Аққұм, Ақтөбе, Ш.Қалдаяқов, Жаңа Шілік, Ескі Шілік елді мекендеріне балалар ойын алаңшасын салуға сметалық құны 151,6 млн. теңге, Шеңгелді, Талапты, Арыс, Көлқұдық, Маяқұм елді мекендерінен спорт алаңшаларын салуға сметалық құны 125,8 млн. теңге қарастырылып отыр. Бұдан бөлек Шәуілдір-Темір автокөлік жолының ортасына абаттандыру жұмыстары жалғасын табады (сметалық құны 72 млн. теңге). Ауданның кіре беріс қақпасының төңірегі жаңартылып, абаттандыру жұмыстары жүргізілетін болады (смета құны 45 млн. теңге).
- Мемлекет құрылыс саласының дамуына ерекше назар аударып отырғанын білесіз. Әсіресе тұрғын үй санының артуына жұмыс істеп, осылайша халықты баспанамен қамту мәселесін жедел шешу керектігі басты міндеттердің бірі. Осыған орай, Отырар ауданында құрылыс саласында алға жылжу бар ма?
- 2022 жылы 18 657 шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріліп, өткен жылдың (17 100 шаршы метр) есепті кезеңімен салыстырғанда 109,1 %-ды құрады. 2022 жылы 8 млрд. 613 млн. 600 мың теңгенің (2021 жылы 2,196 млн. теңге) құрылыс жұмыстары жүргізіліп, көрсеткіш 2021 жылдың есепті кезеңімен салыстырғанда нақты көлем индексі 2,5 есеге артық орындалған.
2022 жылы Қоғам ауыл округі Талапты ауылындағы дәрігерлік амбулатория (жобалық құны 450 млн.теңге) құрылысы басталып, 2023 жылы пайдалануға беру жоспарланған. Есепті жылы Балтакөл ауылындағы 200 орындық және Аққұм ауылындағы 100 орындық мәдениет үйлері пайдалануға берілді. Аққұм, Шытты ауылдарындағы медициналық емдеу мекемелері ғимараттарының тозығы жетуіне байланысты 2023 жылы жаңа ғимараттың жобалық-сметалық құжаттарын әзірлеп, 2024 жылы құрылысын жүргізу көзделген.
Аталған жобалар іске асқан жағдайда аудан орталығынан қашықта орналасқан елді мекендердегі 3 175 тұрғын сапалы медициналық қызметпен қамтамасыз етіледі. 2023 жылы Ақтөбе, Шойманов ауылдарындағы 150 орындық мәдениет үйлерінің құрылысына «Ауыл-ел бесігі» бағдарламасы аясында ұлттық қордан 200,0 млн. теңге қаржы қарастырылған. Құрылыс жұмыстары 2024 жылға өтпелі.
Аудан бойынша 1 мектептің құрылысын аяқтау, 1 мектеп құрылысын салу және 1 мектеп жанынан қосымша жай салу жоспарда бар. 2023 жылы республикалық бюджет қаражаты есебінен жаңа тұрғын алаптарын инженерлік жүйелермен қамтамасыз ету бойынша 3 жоба іске асырылуда:
- Шәуілдір ауылындағы Қызыл Түркістан жаңа тұрғын алабын электр қуатымен қамтамасыз ету жүйесінің құрылысына (құрылыс-монтаждау жұмыстарының құны 114,2 млн. теңге) 2022 жылы ұлттық қор есебінен 102,7 млн. теңге қаралып, игерілді. 2023 жылға құрылыс жұмыстарын аяқтау үшін 11,5 млн. теңге қарастырылып, жұмыстар жүргізілді.
- Шәуілдір ауылындағы жаңа ықшам ауданында газ құбырын салу (сметалық құны 350,8 млн. теңге);
- Темір ауылындағы жаңа тұрғын алабының электр жүйесімен қамтамасыз ету құрылысы (сметалық құны 495,8 млн. теңге) мемлекеттік сатып алу конкурстары өтуде. Жобаны жүзеге асыру нәтижесінде 509 жер учаскесі газбен, 443 жер учаскесі электр желісімен қамтылады.
- Халық денсаулығын жақсартуда бұқаралық спорттың алар орны ерекше екенін белгілі. Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде дейді ғой дана халқымыз. Ал, ауырмаудың бірден бір жолы салауатты өмір салтын ұстанып, спортпен шұғылдану екенін екінің бірі біледі. Спорттың адам денсаулығына оң әсері дау туғызбайды, ол әлдеқашан дәлелденген. Бұқаралық спорт кең қанат жайған сайын ұлт болашағына да сенімді боламыз. Дені сау әрбір тұрғын мемлекетіміздің дамуына өз үлесін қоса алады. Сол себепті бұл мәселе басымдыққа ие болып отыр. Сәкен Асылханұлы, айтыңызшы, Отырар ауданында бұқаралық спорттың дамуы қай дәрежеде?
- Президент бұқаралық спортты дамытуды мемлекеттің әлеуметтік саясатындағы маңызды басымдықтардың бірі ретінде белгіледі. «Бұқаралық спорт – ұлт денсаулығының кепілі» дегенді жиі айтамыз. Ол да негізсіз емес. Өйткені спорт адамға сергектік сыйлап, денсаулығын жақсартып, өмірін ұзартады. Оған қоса салауатты өмір салтын қалыптастыруда таптырмас тәсіл. Біздің елімізде де спортқа көңіл бөліп, бұл саланы мемлекеттік маңызы басым бағыттар санатына қосып келеді. Әрине, қандай істе болса да мемлекеттің қолдауы аса қажет. Ол алдымен ұйымдастырушылық және қаржылық қолдауды талап етеді. Бұл мәселе бүгінгі кезеңде де күн тәртібінен түскен жоқ.
Бүгінгі таңда Отырар ауданында 3 спорт мектебі және 1 Отырар спорт клубы жұмыс жасайды. 2022 жылы «Отырар спорт клубы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі ашылып (24 штат бірлігі бар (5 жаттықтырушы, 14 спорт нұсқаушы), тұрақты жұмыс жасауда. Жалпы спорт мектептерінде 19 спорт түрінен 227 үйірмеде 2707 балаға 116 жаттықтырушы жұмыс атқарады.
Бұқаралық спортты дамыту мақсатында 2022 жылы аудан аумағында 165 (5 республикалық, 12 облыстық, 148 аудандық деңгейдегі) бұқаралық спорттық іс-шаралар өткізіліп, оған 21855 адам қатысты. Бүгінде ауданда дене шынықтыру және спортпен тұрақты түрде шұғылданушылар саны 20 100 адамға жетіп, халық санына шаққанда спортпен шұғылданушылар 39,0%-ды құрады.
Биыл аудан спортшылары спорттың 11 түрі бойынша Әлем, Азия, Республика, облыстағы чемпионаттар мен кубоктарға қатысып, жалпы 92–алтын, 94–күміс, 152–қола медаль жүлделерін жеңіп алды.
Әңгімеңізге рахмет!
Сұхбаттасқан – Дәурен ӘБДІРАМАНОВ