Түркістан облысында атаулы әлеуметтік көмек алған отбасылардың саны 24 мыңнан асқан

Түркістан облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы 2018 жылдың І жарты жылдығына дейін 24 мыңнан астам отбасыға атаулы әлеуметтік көмек тағайындаған. 24 мың отбасы, яғни, ондағы 139,5 мың адамға қазына қаржысынан 7639,2 млн. теңге қаралып, оның ішінде, 127,5 мың адамға (91,4%) шартты ақшалай көмек, 12 мың адамға (8,6%) шартсыз ақшалай көмек тартылған.

Түркістан облысында «Жасыл ел» бағдарламасымен жұмыс істеп жатқан жастардың саны 500-ден асады

Түркістан облысында жазғы демалыс кезінде қосымша қаржы тауып, «Жасыл ел» еңбек жасағының қатарында жүрген жастардың саны жыл санап артып келе жатқаны белгілі. Биылғы жылдың маусым айынан бастап қолға алынған шарада бүгінге дейін 500-ден астам студент еңбек етіп, аймақтағы түрлі нысандардың абаттандырылуына атсалысып келеді.

Түркістанға қарасты 12 ауылдық округ Кентау қаласының аумағына өтетін болды

Мұндай шешім таяуда Түркістан облысында өткен облыстық мәслихаттың сессиясында қабылданды. Облыстық мәслихаттың кезектен тыс ХХVІІІ сессиясында мәлім болғандай, Түркістан қаласындағы 721745 га аумақ жер, яғни, 12 ауылдық округ Кентау қаласының аумағына өтетін болды.

Төлеби ауданында жүзім мен алма бауының көлемі артып келеді

Өткен аптаның соңғы күндері Түркістан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев жұмыс сапарымен Төлеби ауданына барып қайтты. Барғандағы мақсаты – мемлекеттік бағдарламалардың орындалу барысымен танысу болатын.  Халқы өнеркәсіпке де, ауыл шаруашылығына да бейім келетін Төлеби ауданында атқарылған шаруалар аз емес екен.

Жансейіт Түймебаев – Түркістан облысының тұңғыш әкімі!

Бүгін мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасы бойынша Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаев пен Президент Әкімшілігінің басшысы Әділбек Жақсыбеков жаңадан құрылған Түркістан облыстық мәслихатының сессиясына қатысып, Үкімет жетекшісі Түркістан облысының әкімі лауазымына Жансейіт Қансейітұлы Түймебаевты тағайындау туралы ұсынысы жазылған Елбасының облыстық мәслихат депутаттарына жолдаған хатын оқып берді. Дауыс беру қорытындысы бойынша депутаттар Президент ұсынған кандидатураны бірауыздан қолдады. 

Осы RSS каналға жазылу