Түркістан шаһарында биыл 2613 пәтер беріледі

Арада небәрі бір жыл өтсе де, өңір қарқынды дамудың жолына түсіп, облыс орталығы болған Түркістан қаласы жаңа кейіпке еніп келеді. Мәселен, өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы үшін осы бір айдың көлемінде Үкімет тарапынан аса маңызды 5 қаулы қабылданды. Оның ең маңыздысы — «Түркістан облысын әлеуметтік-экономикалық дамытудың 2024 жылға дейінгі кешенді жоспары». 

Түркістан облысының шаруалары жаздық бидайға орақ салды

Қазығұрт ауданының шаруалары егілген жаздық бидайды оруды бастады. Жалпы ауданда 40400 гектар жерге егілген күздік және жаздық бидайдан диқандар егістіктің әр гектарынан 20-25 центнерге дейін өнім алуды жоспарлап отыр. 

Түркістан облысында «Turkistan ART fest» байқауы ұйымдастырылды

2019 жыл «Жастар жылы» деп жарияланғандықтан, жастардың еңбегін, білімін көрсетуге көптеген мүмкіндіктер жасалып жатыр. Түркістан облысының құрылғанына жыл толуына байланысты жас таланттардың арасында көптеген байқаулар өтуде. Соның бірі жыл сайын дәстүрге айналған «Turkistan ART fest» жас дизайнерлер, суретшілер мен мүсіншілер, сәулетшілер, зергер және қолөнерші жастар арасындағы облыстық байқау. Аталмыш сынға қатысып, бақ сынаған жас буын биыл да көп болды. 

Түркістан қаласында «Жастар аллеясы» салынып жатыр

Түркістан қаласында облыс әкімінің тапсырмасынасәйкесхалық көп шоғырланған орталық көшелер бойынан қоғамдық көгалдарды (скверлер мен аллеялар) көбейту бойынша бірнеше демалыс алаңшаларын салу жоспарланған болатын. Бүгінде солардың бірқатарының құрылысы басталып кетті. 

Алик Шпекбаев Түркістан облыс әкімдігі жанынан құрылған Жобалық кеңсенің жұмысымен танысты

Түркістан өңіріне жұмыс сапарымен келген Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаев облыс әкімдігі жанынан құрылған Жобалық кеңсенің жұмысымен танысты. 

Алик Шпекбаев Түркістанда бой көтеретін құрылыс нысандарымен танысты

Облыс орталығына арнайы іссапармен келген Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаев жаңа облыс болып құрылған Түркістанда бой көтеретін құрылыс нысандарымен танысты. 

Түркістан қаласында жазғы фестиваль өтті

«TURKISTAN – JASTAR FEST!» Осындай атаумен Түркістан қаласында жазғы фестиваль өтті. Шара Түркістан облысының құрылғанына 1 жыл толуына орай және жазғы маусымда жастардың бос уақытын тиімді өткізуге арналды. Шығармашылық және спорттық бағыттарды қамтыған мерекелік шараның өтуіне «Жастар ресурстық орталығы» ұйытқы болды. 

Осы RSS каналға жазылу