Жұма, 05 Шілде 2019 12:35

Түркістан шаһарында биыл 2613 пәтер беріледі

Арада небәрі бір жыл өтсе де, өңір қарқынды дамудың жолына түсіп, облыс орталығы болған Түркістан қаласы жаңа кейіпке еніп келеді. Мәселен, өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы үшін осы бір айдың көлемінде Үкімет тарапынан аса маңызды 5 қаулы қабылданды. Оның ең маңыздысы — «Түркістан облысын әлеуметтік-экономикалық дамытудың 2024 жылға дейінгі кешенді жоспары». 

Сонымен қатархалықтың тұрмыс сапасын жақсарту мақсатында облыста ауқымды жұмыстар атқарылуда. Атап айтсақ, көпбалалы аналарға атаулы әлеуметтік көмек көрсету мөлшері орташа есеппен 40%-ға артып, 2019 жылы 103464 мыңнан астам отбасы өтініш білдірген, оның 65 946-на атаулы әлеуметтік көмек тағайындалды. Түркістан облысы бойынша жыл соңына дейін 1032 көпбалалы отбасы пәтермен қамтамасыз етіледі.

Бұдан бөлек2019 жылдың 5 айында Түркістан облысы бойынша барлығы 1724 пәтер тапсырылды. Жыл қорытындысымен 50 тұрғын үй, яғни 2613 пәтер пайдалануға тапсырылады.

Сондай-ақмедицина саласында облыстық бюджет есебінен 2018 жылы шалғай елдімекендерге 62 модульдік медициналық пункт сатып алынды, 2019 жылы 19 модульдік медициналық пункт орнату жоспарланды. Облыста 2 қалалық, 4 аудандық емхананың құрылысы және Түркістан қаласында №3 облыстық перинаталды орталығына жапсарлас 150 орындық перзентханасы және 900 орындық 1 білім ұясының құрылысы жүруде.

Биыл мемлекеттік және салалық бағдарламалар аясында 3315 жаңа жұмыс орны ашылды. Бұл өз кезегінде жұмыссыздық деңгейінің төмендеуіне айтарлықтай әсер етті. «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы» шеңберінде 24478 адам жұмыспен қамту шараларына қатысты.

Облыс тұрғындарының өмір сапасын арттыру мақсатында инженерлік инфрақұрылым, соның ішінде жылу, су тарту жүйесі, газ және электрмен жабдықтау бойынша көптеген мәселелер шешімін тапты.

Қазіргі таңда Түркістан қаласында әкімшілік-іскерлік орталық пен мәдени-тарихи орталықты бұрын қолданылмаған инженерлік инфрақұрылыммен қамтамасыз ету жұмыстары жүргізілді. Жаңадан салынып жатқан нысандарды жылумен қамтамасыз ету және оның сапалық көрсеткішін арттыруды қамтамасыз ету бойынша тиімсіз және ескі шешімдердің орнына жаңа технологиялар қолданылды.

Қала халқын және нысандарды тұрақты және үздіксіз электрмен жабдықтауды қамтамасыз ету мақсатында үш қосалқы станцияның (220/110/10 кВ «Орталық», 110 кВ 2 қосалқы станцияның, атап айтқанда 110/10кВ «Яссы» және 110/135/10 кВ «Солтүстік») құрылысы жоспарлануда.

Түркістан қаласындағы экологиялық жағдайды жақсарту үшін ағымдағы жылдың соңына қарай халықтың 56% газбен қамтамасыз ету жоспарда бар.

Сонымен қатар Түркістан қаласын 83,0%-ға ауыз сумен қамтамасыз етуге бағытталған жұмыстар басталды.

Бүгінгі таңда құрылысы қарқынды жүріп жатқан Түркістанда 29 нысан салынады. Оның ішінде жаңа әкімшілік-іскерлік орталығында 17 нысанның құрылысы басталды. Биыл 7 нысан пайдалануға беріледі. Атап айтсақ, облыс әкімдігі, Астана алаңы, Медиаорталық, Олимпиадалық резервтегі спорт мектебі, саябақ, музыкалық мектеп, халыққа қызмет көрсету орталығы.

ҚР Тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаевтың тапсырмасына сәйкес, Түркістан қаласында туризм саласы бойынша колледж ашу жұмыстары жүргізілуде. Сондай-ақ экологиялық, тарихи-мәдени және танымдық бағытта 57 туристік маршрут әзірленді. Соның бірі — Қасқасу туристік-рекреациялық кешені, «Ұлы Жібек – жолы» ұлттық қол өнер шеберлері орталығын» жасақтау, Шығыс базары.

Ауарайының қолайлылығы, халықтың еңбекқорлығы – өңірдің инвестициялық қабілеттілігін көрсететін басты өлшемнің бірі. Ағымдағы жылдың алғашқы бес айында инвестиция көлемі 60 млрд. теңгеден асты (өсім 132,9%). Сондай-ақ облыста бүгінде экспорттаушылар үшін 24/7 бірыңғай Call Center жұмыс істеп келеді және кәсіпкерлерге арналған барлық қажетті ақпарат орналасқан веб-портал сынақтан өткізілуде.
Облыс орталығын азық-түлік қауіпсіздігімен қамтамасыз ету мақсатында Түркістан қаласы аймағында радиусы 15,0 шақырымды құрайтын азық-түлік және жасыл белдеу қалыптастыру жобасы басталды. Ғалымдардың сүйемелдеуімен ақылды технологияларды қолдана отырып жүзеге асатын белдеу 2 кезең бойынша жүзеге асады. Бұған қоса, 8 ірі инвестициялық жобаларды іске асыру жоспарланып отыр.

Түркістанның әлеуметтік-экономикалық дамуымен қатарТүркістан қаласының идеологиялық негіздемесін қалыптастыру бойынша 4 бағыт айқындалған болатын. Олар: біріншіден, Түркістан – қазақ халқы мен түркі тілдес елдердің ең ірі зиярат және туризм орталығы. Екінші, Түркістан – әлемдік деңгейдегі қолөнер және шеберлер орталығы. Үшінші, Түркістан – Ұлы Жібек жолының бойында орналасқан ірі сауда орталығы. Төртінші, Қожа Ахмет Ясауи – рухани тұлға. Міне, осы 4 бағыт бойынша идеологиялық жұмыстар қолға алынады. Оның бірқатары Түркістан облысының 1 жылдығы аясында басталып та кетті.
Аз ғана уақыт ішінде облыс жеткен жетістіктер аз емес. Ары қарай да ел игілігі үшін атқарылатын шаруа шаш-етектен. Бұл жұмыстар алдағы уақытта да өз жалғасын табады.

«AQ-QARA.kz»-ақпарат.

Оқылды 862 рет